Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
ҚҰҚЫҚҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ

№ 3 қосымша “қылмыс пен құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғаудың амалдары мен құралдары туралы”

Заңнаманы жүзеге асыруға байланысты нормативтік актілерді үздіксіз және дұрыс қолдану бірінші деңгейлік мағынасы бар. Қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысатын әр азамат өзінің тапсырмасын, міндетін және құқығын жақсы білуі тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамасында азаматтардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін, құқық бұзушылықпен күресте белсенділік танытатын құқықтық кепілдің орнгатылғандығын естен шығармау қажет.

Азаматтың қылмыстық қол сұғушылықтардың жолын кесуге және қылмыскерді ұстауға бағытталған әрекеттері Заңға сәйкес қолданылса қылмыстық немесе басқа да жауапкершілікке тартылмайды. Жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың тараған түрлерінің бірі болып бөтен біреудің мүлкін ұрлау болып табылады, соның ішінде ауылды елді мекенді пункттеріндегі мал ұрлығы. Тәжірибе сақтық шараларын қадағалау және алдын алу шараларын өткізу кезінде азаматтарға қатысты жасалған қылмыстар мен басқа да қылмыстық қол сұғушылықтар деңгейінің төмендегенін көрсетті.

Осындай қылмыстық қол сұғушылықтардың әрекетті алдын алу әдісі болып табылады:

- кіреберістерді консьерждердің кезекшілік жолымен көп пәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістерін күзету;
- өздерінің пәтерлерін техникалық бекіту, сондай-ақ онда күзет дабылын орнату;
- өзінің мүлкін сақтауға қырағы қарау, тұрғылықты жерлері бойынша байқалған күмәнді адамдар туралы қпаратты ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне хабарлау;
- есіктер, терезелер мен желдеткіштердің жабылмай қалуына жол бермеу;
- пәтердің кілтін кілемшенің асытнда, электр қалқандарында, пошта жәшіктерінде немесе басқа да белгіленген жерлерде қалдырмау;
- егер келуші таныс болмаса және сіз шақырмаған қызметті айтса, онда есікті ашпас бұрын оның қызметтік куәлігін талап етуіңіз, аты-жөнін, мекеменің атын еске сақтап (жазып алып), ол атаған ұйымға қоңырау шалуыңыз қажет. Күмәнданған жағдайда басқа уақытта кіруін сұрау, көршілерден көмек сұрау, полицияға қоңырау шалу;
- келген адамдардың түрлерін көру үшін дәлізде және баспалдақ ауданында кіреберіс есіктің алдында жарық болуы керек,
- бөтен адамдардың пәтерде пал ашу, су ішу, қоңырау шалу ұсыныстарынан шешімді бас тарту.

Пәтерге кірудің мұндай амалдары көбінесе ұрлықпен аяқталады:
- бөтен азаматтардан заттар алмау;
- бөтен адамдарды кім екендіктерін, қайда жұмыс істейтіндіктерін, олардың жеке куәліктерінің бар-жоғын білмей пәтер жалдаушылар ретінде алмау;
- өздері жабылатын кодты құлыптарымен жабылатын тұрғын үйлердің есіктерін, кіреберістерін, дәліздерін жарықтандыру, сондай-ақ тұрғындардың күшімен кіреберістерде тұрақты кезекшіліктер ұйымдастыру. Басқа біреудің мүлкінің ұрлануы табылған кезде кіреберіске немесе пәтерге кірмей, дереу полицияны шақыру, көршілерді, өтіп бара жатқандарды көмекке шақыру, ІІО қызметкерлерінің келулерін күту;
- Жайылымдарда малдарды қараусыз қалдырмау. Мал ұрлығының жолн кесу мақсатында елді мекенді пункттерінің аумақтарын түнгі уақытта патрульдеу бойынша құқық қорғау бағытындағы қоғамдық қалыптасулардың мүшелерімен кезекшілікке қатысу.

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы