|
Сайлауға дайындық
Еліміздің барлық облыстарында 2005 жылдың 4 желтоқсанында болатын Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына дайындық жұмыстары жедел қарқынмен жүріп жатыр. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облыстық қылмыстық атқару жүйесі Комитеті басқармасында ҚР Президентінің сайлауына дайындық пен оны өткізу мәселелері бойынша кеңестер өткізілді.
Облыстық ҚАЖ КБ басқармасының бастығы әділет полковнигі Д.Зәкімовтің айтуы бойынша Өскемен және Семей қалаларындағы тергеу изоляторларында айыпталушылар үшін ҚР Президентінің сайлау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес өткізіледі.
ОВ156/1,19 мекемелерінде құрылған №34, №1137 сайлау учаскелері сайлауға дайындық үстінде. Сайлауда дауыс беретін айыпталушылар үшін барлық жағдайлар жасалуда, арнайы бөлме және керек жабдықтар дайындалуда.
Заң талаптарына сәйкес сенімді тұлғалардың , бақылаушылардың және бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің, ҚР Әділет Министрлігінің арнайы мекемелерінің жабық сайлау учаскелеріндегі іс-әрекеттерінің ережесі әзірленді, айыпталушылардың тергеу изоляторларының камераларынан шығару тәртібі және жоспарлары әзірленіп бекітілді.
Сайлауға қатысушылар 2005 жылдың 4 желтоқсанында өткізілетін сайлауға бір кісідей қатысып, өздерінің дұрыс шешімін қабылдайтындарына сеніміміз мол!
ШҚО ҚАЖ КБ аға маманы әділет майоры
Е.Қасымов.
Игі істерімен із қалдырған ағамызға арналған спорттық турнир
Өскемен қаласында «Динамо» спорт кешенінде Шығыс Қазақстан Облысы бойынша Қылмыстық Атқару Жүйесі Комитеті Басқармасының түзеу мекемелерінің қызыметкерлерінің арасында , Қазақстан Республикасының Ішкі Істер саласының үздік қызметкері полковник Абдрахман Оразмұхамет Аймұхаметұлын еске алуға арналған турнир өткізілді.
Ардақты ағамыз жиырма жылдан аса уақыт бойы ҚАЖ саласына еңбегін сіңірді. Өзінің еңбек жолын Семей облыстық ІІБ тәрбие бөлімінен бастады , №35 еңбекпен түзету мекемесінің бастығы болып қызымет атқарды.
Шығыс Қазақстан мен Семей облыстарын біріктірген шақтарда ҚАЖ басқармасының бастығы , кейінен ШҚО ІІБ бастығының орынбасары қызыметінде болды. Қандай қызыметте болмасын өзінің асқан табандылығымен , ұйымдастырушылық қабілетімен замандастарына таныла білді. Сүйікті жары Нұрпан апайы екеуі екі ұл өсіріп , немере сүйіп қазақтың бір қасиетті шаңырағы болды.
Осы бірінші болып отырған волейболдан , теннистен , гир көтеруден өткізілетін турнирді ұйымдастырған ШҚО бойынша ҚАЖ Комитеті басқармасының бастығы әділет полковнигі Дәулетқазы Зәкімов жиналған қауымға және облыстық басқарма мекемелерінің қызыметкерлерімен , Оразмұхамет Абдрахманның туған туыстарына өзінің алғысын білдіріп , спортшыларға жеңіс тілеп турнирды ашық деп жариялады.
Бірінші таныстыру сөзі ШҚО бойынша ҚАЖ басқармасының орынбасары әділет полковнигі А.Себепбаевқа берілді. ШҚО әкімінің аппаратынан мемлекеттік құқықтық бөлімінің меңгерушісі Т.Лұқпанов мырза , облыстық прокуратура қызметкері Г.Найзабаев , ШҚО ІІБ орынбасары полиция полковнигі Б.Дулатов , тағы басқа да мекеме қызыметкерлері мен туған туысқандары өз тілектерін білдірді.
Бала кезінен бірге өскен досы Семей педогогикалық институтының проректоры професор Е.Есенжолов және Орекеңнің зайыбы Нұрпан апайда барлығына рахмет айтып , спортшыларға жеңіс биігінен көріне берулеріне шын жүректен алғыстарын білдірді. Бас төреші болып ШҚО бойынша ҚАЖ КБ тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры А.Ожамаев сайланды.
Спорттық турнир өте тартымды да , әсерлі өтті. Волейболдан бірінші орынды жеңіп алған ОВ156/20 мекемесі қызыметкерлері түрлі-түсті теледидармен марапатталды. Екінші орынды Семей қаласынан келген ОВ156/14 мекемесі , үшінші орынды ҚАЖ басқармасы қызыметкерлері иеленді. Теннис ойны бойынша бірінші орынды әділет сержанты Б.Байгунаков ОВ156/3 мекемесінен , екінші орынды әділет майоры А.Аширбаев ОВ156/15 мекемесінен , үшінші орынды әділет сержанты А.Нурбеков ОВ156/17 мекемесінен жеңімпаз атанды.
Гир көтеруден ОВ156/20 мекемесінің тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры Мәлік Ибраимов барлығынан алда болды. Екінші , үшінші орынды әділет старшинасы Р.Исаев ОВ156/1 және әділет капитаны Г.Балтабаев өзара бөлісті. Барлық жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен грамоталар тапсырылды. Осы күні Оразмұхамет Абдрахманға арнап ас берілді.
ОВ156/20мекемесінің қызметкері әділет майоры Қ.Малғаждаров өзінің ағаға арнаған Сағыныш деген әнін оқып берді. Орталық мешіт молдасы Қырықбай Қажы Садуақас ұлы Ахмет құран оқып , бата жасады. Сөз соңында жарқын бейнеңіз жанымызда , сіз әрқашан біздің санамызда ерекше орын аласыз , демекпіз қадірлі аға Оразмұхамет Аймұхаметұлы!
ШҚО бойынша ҚАЖ КБ аға маманы Е.Қасымов.
Суретте ШҚО бойынша ҚАЖ КБ бастығы әділет полковнигі Д.Зәкімов,
жеңімпаздарды марапаттауда.
|