Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
ҚҰҚЫҚҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ


Қазақстан Республикасыың қылмыстық-атқару жүйесі

  Виртуалды қабылдау

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі  жазаларды  өтейтін мекемелер мен құрылымдардан тұрады. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі департаменті (бұдан әрі - ШҚО бойынша ҚАЖД) бақылау – қадағалау әрекеттерін, әрі  жазаны орындауға қатысты салааралық үйлестіру қызметін қаматамсыз ететін ҚР ӘдМ ҚАЖ Комитетінің құзырына енетін құрылым болып саналады.

ШҚО бойынша Қылмыстық – атқару жүйесінің құрылымы

Қылмыстық – атқару жүйесі құрамында 14 мекеме бар:

- 2 тергеу изоляторы (ОВ-156/1, ОВ-156/19);
- 2 жалпы тәртіптегі түзеу колониясы (ОВ-156/3, ОВ-156/18);
-  6 қатаң тәртіптегі түзеу колониясы (ОВ-156/2,6,14,15,17,20)
- 2 қоныс колониясы (ОВ-156/13, ОВ-156/16);
- 1 кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған тәрбие колониясы (ОВ-156/22)
- 1 әйелдер колониясы.

Орналасуы бойынша: Өскемен қаласында – ОВ-156/1,2,3,20,22, Семей қаласында – ОВ-156/14,15,19, Ұлан ауданы Саратовка ауылында ОВ-156/13, Жаңасемей ауданы Приречное ауылында ОВ-156/16, Жарма ауданы Солнечное ауылында ОВ-156/17,18,21, Шемонаиха ауданы Половинка ауылында ОВ-156/6. Аталғандардың үшеуінде алкагол мен нашақорлықтан  емдеу (ОВ-1563,6,15) ОВ-156/20 мекемесінде туберкулезден емдеу, ал ОВ-156/15 мекемесінде Республикалық соматикалық ауруханасы.
01.01.2011 жылға қатысты облыс түзеу мекемелерінде 10813 сотталған және теургеудегі қамаудағылар жазасын өтеуде.
ҚАЖ жүйесінде түзеу мекемелерінен басқа 32 қылмыстық – атқару инспекциясы (ары қарай ҚАИ) облыстың барлық қалалары мен аудандарында жұмыс істейді. Қылмыстық – атқару инспекциясы  түзету жұмыстары, қоғамдық жұмыстар, шартты мерзім арқылы шартты сотталу, жазасын өтеуді кейінге шегеру, бостандықты шектеу, арнайы бір қызметпен айналысуға тиым салу сияқты жазасын өтеудің түрлерін атқарады. 01.01.2011 жылға қатысты ШҚО бойынша ҚАЖД қылмыстық – атқару инспекцияларында 2085 сотталған тіркелген.
Сонымен қатар ҚАЖ  құрамында «Оңалту орталағы 1» (2007 жылғы 10 қыркүйектегі №783 ҚР Үкімет Қаулысы)  мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді. Бұл мекеме бас бостандығынан айырылған сотталғандарға босатылғаннан кейінгі алты ай көлемінде психологиялық, әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету мен еңбек пен тұрмысқа орналастыруға  ықпал ету бойынша қызмет жасайды.

Жеке және заңды тұлғалардың үндеулерін қарау

2010 жылы ШҚО ҚАЖ департаментінде  480 жүгіну тіркелді, оның  359 – жеке тұлғалардан және 121 заңды тұлғалардан келіп түсті. Түзеу мекемелерінде 40369 жүгіну тіркелсе, оның 39519-ы жеке тұлғалардан және 850-і заңды тұлғалардан.
Сараптама көрсеткендей, сотталғандардың 1178 жүгінуі басқа орган қызметкерлерінің әрекетіне шағымдану мен сот органдарының шешімдерімен келіспеуге байланысты.
Есептік мерзім ішінде түзеу мекемелерінде барлығы 11988 жеке және заңды тұлғалардың жеке қабылдаулары болса, оның 4290 жеке қабылдауды мекеме басшылары, 3977- олардың орынбасарлары, 3712- бөлім басшыларымен    жеке қаылдаулар болған. ШҚО бойынша ҚАЖ департаментімен 96 қабылдау өткізіліп, оның 62 – бірінші басшымен, 34 – орынбасарлармен өткізілген.
ҚАЖД басшылығымен болған жеке қабылодаулардағы негізгі сауалдар: сотталғандарды мекен жайы бойынша ауыстыру –70, кадрлық сауалдар – 9, сотталғандармен кездесу ұсыну – 4, білім саласы бойынша –  3 

ШҚО бойынша ҚАЖД басшылығымен қабылдау жүргізу кестесі

Департамент бастығы м.а. әділет  полковнигі   Т.К.Белгеубаев дүйсенбі
15.00 – 17.00 дейін
Департамент бастығының орынбасары (жедел және тәртіп жұмыстары бойынша) әділет подполковнигі Н.Т.Мұхаметжанов бейсенбі
15.00 – 17.00 дейін
Департамент бастығының орынбасары (кадрлар, ҚАИ қызметі бойынша) әділет полковнигі О.Н.Будрин сәрсенбі
15.00 – 17.00 дейін
Департамент бастығының орынбасары (ресурс және қаржылық қамтамасыз ету  жұмыстары бойынша) әділет полковнигі Т.К.Белгеубаев жұма
15.00 – 17.00 дейін
Департамент бастығының орынбасары (медициналық қамтамасыз ету жұмыстары бойынша) әділет подполковнигі Р.С.Мұхаметқалиев сейсенбі
15.00 – 17.00 дейін

Қазақстан Республикасы қылмыстық – атқару жүйесі әдіет органдарына қызметке  түсу туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының  «Құқыққорғау қызметі туралы» Заңының 6 бабына сәйкес ҚР әділет органдары Қылмыстық атқару жүйесіне он сегіз жасқа толған өзінің жеке, моральды, іскерлік кәсіби қасиеттеріне сай денсаулығы, дамуы мен білім  деңгейі оған жүктелген қызметтік міндеттерді атқаруға лайық Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті түрде қабылданады.

Құқыққорғау қызметіне қабылданбайтын тұлғалар:

  1. заңды түрде іске жарамсыз болып танылған немесе іске жарамдылығы шектеулі тұлғалар;
  2. әскери-дәрігерлік комиссияның бекітуімен қызмет атқаруға кедергі келтіретін аурулары бар тұлғалар;
  3. жеке, топтық және басқа да қызметтік емес мүдделерге және оның статусын пайдалануға әкеп соғатын жағдайларға жол бермеу мақсатында өзіне заңмен белгіленген шектеулерден бас тартқан тұлғалар;
  4. құқыққорғау қызметіне келуге дейінгі  үш жыл көлемінде  жемқорлық заңбұзушылығы  үшін әкімшілік жазаға тартылған тұлғалар;
  5. құқыққорғау қызметіне келер алдында бір жыл көлемінде қасақана заңбұзушылық әрекеті үшін сот тәртібінде әкімшілік жазаға тартылған тұлғалар;
  6. құқыққорғау қызметіне келер алдында үш  жыл көлемінде жемқорлық заңбұзушылығы  үшін сот тәртібінде әкімшілік жазаға тартылған тұлғалар;
  7. жемқорлық заңбұзушылығық әрекет жасағандар;
  8. қызметінен жемқорлық заңбұзушылығық әрекет жасағаны үшін босатылғандар;
  9. бұрын сотталғандар немесе қылмыстық жауапкершіліктен ақталып шығуына байланысты бас тартқандар, мемлекеттік қызметтен, сот, құқыққорғау, әділет органдарынан теріс әрекеті үшін босатылғандар;

Қатардағы және кіші басқарушы құрамға жиырма бес жастан аспаған азаматтар, орта және аға басқарушы құрамға отыз бес жастан аспаған тиісті білімі бар жедел әскери қызметте болған тұлғалар қабалданады. Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық атқару жүйесінде қызмет атқаруда  Қазақстан Республикасының 26.08.1998 жылғы №803 Үкімет Қаулысының негізінде бір ай бір жарым айға есептелетін жеңілдіктер қарастырылған.

ҚР ӘМ ҚАЖ жоғарғы оқу орны
ҚР ӘМ ҚАЖ Комитеті Академиясына талапкерлерді даярлау ШҚО бойынша ҚАЖД кадр қызметімен іске асырылады. ҚАЖ оқу орындарына  орта білімі бар, ҚАЖ қызметін атқаруға денсаулығы жарамды тұлғалар қабылданады.
Анықтамалар үшін: Өскемен қаласы, Леваневский көшесі, 21 үйге, тел: 8 (7232) 21-10-52 (кадрлар бөліміне) хабарласуға болады.

Сайлауға дайындық 

Игі істерімен із қалдырған ағамызға арналған спорттық турнир


Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы