Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
ҚҰҚЫҚҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ

Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті


Виртуалды қабылдау
Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті қyрылымы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер органы қызметіне түсу ақпараты
Қылмыстық іс жүргізуде қаралатын азаматтық талап
Азаматтардың заңды құқықтарын, міндеттерін және олардың заңды мүдделерін іске асыру жөніндегі органның әрекеттерін (іс-әрекетін) ресми түсіндіру және сипаттау тәртібі (процедурасы)
№ 3 қосымша “қылмыс пен құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғаудың амалдары мен құралдары туралы”

 

Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі - Жақыпов Рашид Тауфихұлы

1959 жылдың 7 қазанында Шығыс Қазақстан облысы Самар ауылында туған.
Білімі жоғары заңгерлік, 1981 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.
1981 жылдың қазаны мен 1995 қарашасы аралығында прокуратура органдарында қызметте болған, 1995 жылдың қарашасы мен 1997 жылдың қарашасы аралығында Мемлекеттік тергеу комитетінде қызмет атқарған, 1997 жылдың қарашасынан бері ішкі істер органдарында қызметте.

Құқық қорғау органдарындағы қызметін 1981 жылдың қазанында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы прокуратурасының тергеушісі болып бастаған. 1985 пен 1994 жылдары аралығында ШҚО прокуратурасының маңызды істер бойынша аға тергеушісі, ШҚО Ұлан ауданының прокуроры, Өскемен қаласы Үлбі ауданының прокуроры жұмыстарын атқарды. 1994 жылы Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды, 1995 жылдан МТК Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары лауазымында болды.
1997 жылы ішкі істер органдарына қызметке ауысып, ШҚО ІІБ Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы болып тағайындалды. Ал, 1998 жылдан Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары ІІБ, Көліктегі Оңтүстік-Шығыс ІІД бастықтарының орынбасары қызметтерін атқарды. 2006 жылдан бастап ШҚО ІІД бастығының орынбасары лауазымында болды.

2011 жылдың 9 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің №190 бұйрығымен ШҚО ІІД бастығы лауазымына тағайындалды.

Мемлекеттiк наградалары: «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі, «Астананың 10 жылдығы» медалі, «Ерекше қызметі үшін» медалі.
Қазақстан Республикасы ІІМ наградалары: "Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін", "Ішкі істер органдарының ардагері", III және II дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, "Заслуженный работник МВД", "Қазақстан полициясына 15 жыл" омырау белгілері.

Өскемен қ., Ворошилов к. 1,
тел: 8 (7232) 26-84-88, 234-207;
қабылдау күні – апта сайын, сейсенбі күні;
электронды мекен-жайы: press@aips.ustk.kz
ШҚО ІІД сайтының мекен-жайы: 02-vko.kz

2012 жылдың 1 тоқсанында ШҚО ІІД-де азаматтарды қабылдау бойынша жұмыс туралы ақпарат

ШҚО ІІД-де азаматтарды қабылдау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, шешу, азаматтарды қабылдау Нұсқаулығын бекіту туралы» ҚР ІІМ 2007 жылдың 30 тамызындағы №353 бұйрығына және «Ішкі істер органдарында азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруды жетілдіру бойынша қосымша шаралар туралы» 2008 жылдың 10 маусымындағы №217 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Азаматтарды қабылдау ІІД басшылығымен апта сайын, ІІД басқармалары, бөлімдері бастықтарымен күнделікті жүргізіледі. 2012 жылдың 1 тоқсанында ШҚО ішкі істер органдары басшылары 1922 азаматты қабылдады, оның ішінде:

1) ІІД аппаратында 345 азамат қабылданды:

- ІІД басшылығы – 36 азаматты қабылдады (5 өтініш бойынша мәселелер оң шешімін тапты, 4 өтініш бойынша себептерін түсіндіре отырып қанағаттандырудан бас тартылды, 25 өтініш бойынша түсініктемелер берілді, 2 – тиістілігі бойынша жолданды);

- ІІД басқармалары, бөлімдері бастықтарымен – 309 азамат қабылданды (86 өтініш бойынша мәселелер оң шешімін тапты, 15 өтініш бойынша себептерін түсіндіре отырып қанағаттандырудан бас тартылды, 200 өтініш бойынша түсініктемелер берілді, 7 – тиістілігі бойынша жолданды, 1 – қаралуда);

2) аумақтық ішкі істер органдарында 1577 азамат қабылданды:

Оның ішінде қалалық, аудандық ішкі істер органдарының бастықтары – 642 және олардың орынбасарлары - 935 азаматты қабылдады.

Аумақтық ішкі істер органдарына түскен өтініштердің жалпы санынан 988 өтініш бойынша мәселелер оң шешімін тапты, 35 өтініш бойынша себептерін түсіндіре отырып қанағаттандырудан бас тартылды, 534 өтініш бойынша түсініктемелер берілді, 2 – тиістілігі бойынша жолданды, 18 – қаралуда.

Көбінесе азаматтар қылмыстық істі  жүргізу барысына, қабылданған процессуалдық шешіммен келіспеу туралы және т.б. шағымданады.
Ішкі істер органдарында азаматтарды қабылдау бойынша жұмыс ІІД басшылығының ұдайы бақылауында.

ШҚО ІІД басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі: 

апта сайын, әр сейсенбі Азаматтарды қабылдауды ШҚО ІІД бастығы полиция полковнигі
Рашид Тауфикұлы Жақыпов жүзеге асырады
апта сайын, әр сәрсенбі ІІД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі
Қадырбек Ахметкәрімұлы Нұрғалиев
апта сайын, әр жұма
ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі
Алексей Валентинович Разуменко
апта сайын, әр бейсенбі ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі
Берікбол Төлеуханұлы Қасенов
апта сайын, әр  сәрсенбі

 
ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі
Жанболат Аманұлы Қалетаев

 


Мурағат

+ 2011
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2010
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы