|
Автокөлік
Жүргізуші куәліктерін беру (жүргізушілер курстары бойынша білім мекемелерінің тізімі,
мекен-жайлары, телефондары, емтихандар кестесі
Емтиханды мемлекеттік автоинспектор сағат 9-дан 18-ге дейін сейсенбі, сәрсенбі, жұма күндері қабылдайды. Түскі үзіліс сағат 12.30-дан 14.30 дейін. Бейсенбі күні сағат 14.30-дан 18-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Сенбі күні сағат 9-дан 17-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12-ден 13-ке дейін. Демалыс күндері: бейсенбі, жексембі.
Жүргізушілерді дайындайтын автомектептердің тізімі (жеке парақта) 
Көлік құралдарын тіркеу
Көлік құралдарын ШҚО ІІД ЖПБ тіркеу - емтихан қабылдау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік автоинспекторы келесідей тәртіппен тіркейді:
- сағат 9-дан 18-ге дейін сейсенбі, сәрсенбі, жұма күндері. Түскі үзіліс сағат 12.30-дан 14.30 дейін. Бейсенбі күні сағат 14.30-дан 18-ге дейін. Сенбі күні сағат 9-дан 17-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12-ден 13-ке дейін.
Демалыс күндері: бейсенбі, жексенбі.
Жол-көлік оқиғаларын тіркеу
Жол полиция Басқармасының кезекші бөлімі жол-көлік оқиғаларын тәулік бойы тіркейді.
Жол полициясы бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу рәсімдерін жеңілдету мәселелері жөнінде БАҚ-қа ақпарат
Жол полициясы қызметінің тіркеуін одан әрі жетілдіру және көлік құралдарын тіркеу рәсімдерін жеңілдету бойынша іс-шаралардың шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1490 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1672 қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына (бұдан әрі - Стандарт) өзгерістер енгізілді.
Стандартқа енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес «анықтама-есебі» көлік құралдарын тіркеуге негіз болып табылмайды.
Осыған байланысты қабылданған шешімге сәйкес 2011 жылғы 5 сәуірден бастап, жол полициясы бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу барысында «анықтама-есебі» қабылданбайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес (4-тарау) көлік құралдары оның иелерінің ауызша мәміле нысанында жасаулары арқылы тіркелуі мүмкін, яғни олармен жасалатын мәміле кезінде немесе мәміле жазбаша нысанда болады (жай немесе нотариалды түрде).
Ауызша мәміле нысаны егерде:
- мәмілеге қатысушылар (сатушы мен сатып алушы, сыйлаушы мен сыйға алушы);
- мәмілеге қатысушылардың жеке және тіркеу орнын куәландыратын құжаттар;
- көлік құралына арналған тіркеу құжаты болған кезде мүмкін болады.
Ауызша мәміле нысаны негізінде көлік құралын тіркеу үшін мәмілеге қатысушылардың тұратын орны бір өңірдің аумағында болуы қажет, мұнда тіркеу іс-әрекеттері бір тіркеу-емтихан пунктінде жүзеге асырылады.
Жай жазбаша мәміле нысанын (шартты) рәсімдеу үшін, сондай-ақ:
- мәмілеге қатысушылар (сатушы мен сатып алушы, сыйлаушы мен сыйға алушы);
- мәмілеге қатысушылардың жеке және тіркеу орнын куәландыратын құжаттар;
- көлік құралына арналған тіркеу құжаты болуы қажет.
Ауызша мәміле нысаны негізінде көлік құралын тіркеу үшін мәмілеге қатысушылардың тұратын орны бір өңірдің аумағында болуы қажет, мұнда тіркеу іс-әрекеттері бір жол полициясы тіркеу-емтихан пунктінде жүзеге асырылады. Мәмілені (шартты) рәсімдеу Кодекстің 152-бабына сәйкес мәміле қатысушылармен жүзеге асырылады.
Ауызша және жай жазбаша мәміле нысандары ақысыз негізде жасалатын болады.
Нотариалды куәландырылған жазбаша мәмілелер (көлік құралдарына қатысты) көлік құралдарын тіркеуге белгіленген тәртіпте қабылданады.
ІІМ-нің Жол полициясы комитеті
|