| АВИА ХАБАРЛАМА В области функционируют два аэропорта: в Семипалатинске и Усть-Каменогорске - Облыста екі әуежай қызмет етеді: Өскемен және Семей қалаларында. Өскемен қ. Аэропорты Бажова көшесі, 566 Директоры-Короленко Николай Иванович Байланыс телефондары: Қабылдау бөлмесі: 8(7232)54-30-00, 77-81-00 Анықтама бөлмесі: 8(7232)54-34-84, 77-84-84 Касса: 8(7232)77-81-01 e-mail: airport@mail.east.telekom.kz Тұрақты ішкі авиарейсінің графигі Семей қаласының халықаралық әуежайы, «Семейавиа» АҚ Директоры – Шарипов Гарифолла Кобентаевич Семей әуежайы 1983 жылдың ақпан айында пайдалануға берілді. Екі қабатты ғимарат 3500 кв.м, соның ішінде жолаушылар терминалы 2448 кв.м аумақты алып жатыр. Әуебекет кешенінің өткізу қабілеті сағатына 400 жолаушы. Жолушылардың ұшақпен ұшуға және қонуға арналған залдар жасау мақсатында жолушылар терминалына әлемдік талаптарға сай қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Әуежай Оңтүстік-Шығыс Азиядан Еуропаға және керісінше бағытта ұшуға қолайлы географиялық аймақта орналасқан. Қауіпсіздік және жаңа замаңғы лайнерлерді қабылдау мақсатында Семей әуежайының ұшу алаңына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Әуежай барлық әуе судналарын қабылдауға қабілетті. «Семейавия»АҚ басты мақсаты облыс әуежолаушыларының көңілдерінен шығу. «Семейавия»АҚ басты міндеттері: - ҚР ішкі әуежолдарында жолаушылар, жүк, почта тасымалын ұйымдастыру.
- Әуе кемелерінің жазғы және техникалық пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру.
- Әуе кемелерін пайдалану, әуежай жұмыстарын ұйымдастыру.
Әуежолаушыларын тасымалдауда «Семейавия»АҚ пайдаланады: - ЯК-40 типтес 2 жергілікті әуекемелері, бұлардың барлығы іске жарамды және белгіленген аралық жөндеу қоры ұзақ. Ұшқыштар 1 класты мамандар. Барлығы Алматы қаласындағы Қазақстан Респуликасының Азаматтық Авиация Академиясының арнайы курстарынан өткен.
- Техникалық қызмет көрсету әуе кәсіпорнының арнайы тексерістен өткен инженерлік-техникалық мамандарының қолында. Оларға Азаматтық авиация комитетінің әуе техникаларына қызмет көрсету үшін арнайы сертификат тапсырылған.
- Әуежай қызметкерлері жыл сайын ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті мамандарының сертификациясынан өтеді.
Байланыс телефондары: Қабылдау бөлмесі: 8(7222) 34-02-44 Анықтама бөлмесі: 8(7222)33-53-77 Әуебилеттерді сату бойынша агенттігі: тел. 8(7222)56-57-69, 56-39-03, Шәкәрім даңғ., 13. e-mail: semey-avia@mail.ru Әуежайдың жұмысы туралы сұрақтар, ескертпелер болса, мына мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз: semeyairport@bk.ru Семей әуежайының рейстер жүрісінің кестесі "SCAT" АҚ, Шымкент қ., Құнаев бульвары, 13 Президенті – Денисов Владимир Иванович «СКАТ» Әуекомпаниясы 1997 жылы құрылған. Бастапқыда жұмыстарын АН-24 маркалы жалғыз ұшақтан бастаған олар қазіргі таңда 50 астам әуе кемелері бар Қазақстандағы ең ірі әуе компанияларының бірі болып саналады. Компания тарихы 1998 жылдың 10 наурызынан бастау алады. Дәл осы күні АН-24 маркалы әуе кемесі алғаш рет ақылы әуе рейсін жасады. Сол жылдың мамыр айынан «СКАТ» тұрақты рейстерді орындап келеді. 2000 жылдан бастап әуе компаниясы тұрақты кестеге көшіп, осы күнге дейін қарқынды жұмыс істеп келеді. 10 жылғы еңбек арқасында әуе компаниясы Қазақстанның әуе тасымалдау рыногында өз орнын тауып, сіздерді еліміздің кез-келген жеріне жылдам жеткізе алады. Әуе компанияның 500 астам жұмысшылары күнделікті жолаушыларға қауіпсіз және ыңғайлы ұшуға жағдай жасайды. Компания қызметкерлері Қазақстанның қалаларында, ТМД мен шетелдерде жұмыс жасауда. 2009 жылдың соңына қарай компания электронды билеттерді сатуды жоспарлап отыр. Компания басшылары ұшу қауіпсіздігі мен мамандардың біліктілігінің жоғары болуына көп көңіл бөледі. BOEING маркалы ұшаққа қызмет көрсететін мамандар Ұлыбритания мен Литваның оқу орындарының қызметкерлерімен дайындалады. 2007 жылдың Наурызында компания базасында әуе оқу орталығы ашылды. Орталық әуе мамандарын, техникалық құрамдарды қайта даярлаумен айналысады. 2007 жылдан бастап компания әуе кемелерін жаңартып келеді. Қазір олардың қатарында BOEING737-500, BOEING 757-200, ЯК-42, АН-24, АН-26, АН-12, АН-2. маркалы ұшақтарын көруге болады. 2008 жылы әуе флотының жаңаруына байланысты «СКАТ» әуе компаниясы 375736 жолаушыларды тасымалдап, 2007 жылмен салыстырғанда жолаушылар ағымы 12%-ға артты. «СКАТ» әуе компаниясы Шымкент әуежайында орналасқан. Барлық бағытта тұрақты және чартерлік рейстерді жүзеге асырады. Әуе компанияның басты қағидалары: қауіпсіздік, ыңғайлылық, тұрақтылық. Байланыс ақпараты: Телефоны +7 (3252) 21-18-27 E-Mail agenstvo@scat.kz «Scat» АҚ әуекомпаниясының ұшу кестесі |