Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
КӨЛIК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

Облыстың жолаушы көлігі теміржол, автомобиль, электр, әуе және өзен көлік түрлерімен ұсынылған. Облыста автомобиль көлігінің 300-ден жоғары тұрақты бағыттары, 4 облысішілік әуе бағыттары, 2 әлеуметтік маңызы бар теміржол бағыттары қызмет етеді. Сонымен қатар, жолаушылар тасымалы транзиттік облысаралық және облыстың Ресей, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан қалаларымен байланысын қамтамасыз ететін халықаралық бағыттарымен жүзеге асырылады. Облыста тұрақты бағыттарда қатынайтын қоғалыс құрамының жолында орналасқан 30 автостанса және 5 автобекет қызмет етеді.

Автомобиль көлігі

Облыс тұрғындарын көлік қызметімен қамтамасыз ету мақсатында, 2011 тұрақты облысішілік автобус бағыттарында қызмет көрсету құқығына бір конкурс өткізілген. Конкурс нәтижелері бойынша маршруттарда қызмет көрсету құқығына 3 Куәлік берілді.
Бүгінгі таңда облыста 329 автобус бағыты қызмет көрсетуде, соның ішінде 21 халықаралық бағыт, 15 облысаралық, 153 қалалық, 73 облысішілік қалааралық, және 61 ауданаралық бағыттар.
Елді мекендердің тұрақты жолаушы қатынасымен қамтылуы 38,2% құрайды.
2011 жылдың 11 айы ішінде облыстың автомобиль, қалалық электр, өзен және әуе көлігімен 1277,3 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2010 жылдың қаңтар-қарашасына қарағанда 11,6%-ға көп. Көліктің жолаушы айналымы 15469,0 млн. жолаушы-километрді құрады
Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік реттеу негізгі міндеттерінің бірін – автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалы нарығында бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуді, қолайлылықты өсіру арқылы көрсетілетін көлік қызметінің сапасын арттыруды орындау мақсатында, облыстық автокөлік кәсіпорындарымен жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін өсіруге жолданған шаралар жүргізіледі, соның ішінде қозғалыс құрамын жаңарту.

Теміржол көлігі

Облыстық темір жол желілерінің ұзындығы – 1 243,3 шм, оның бойында 76 темір жол бекеттері мен стансалары және 31 жолаушы платформалары орналасқан.
Облыста «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ филиалдары қызмет етеді – Семей және Шығыс Қазақстан бөлімшелері. Бөлімшелердің теміржол учаскелері - жылу тартуымен бір жолдық теміржол желісі, жалпы ұзындығы – 1243,3 км, соның ішінде Семей өңірі бойынша – 728,6 км, Шығыс Қазақстан өңірі бойынша (Өскемен) – 514,7 км.
Ағымдағы жылда «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен жолаушыларға қызмет көрсететін пункттері бар өндірістік ғимараттар құрылысы, бекет ғимараттарының күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланған стансалар тізілімі әзірленіп, бекітілді. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Усть-Таловка, Таңсық, Жаңа Семей, Ново-Усть-Каменогорск стансаларында бекеттер құрылысы жоспарланған. Сонымен қатар, Защита, Шар, Жаңғызтөбе, Аягөз, Шемонаиха, Ермаковка, Зырян, Серебрянка, Жалаңашкөл, Үш-Биік, Жарма, Ауыл, Иртыш-Завод, Белағаш, Тургусун, Коршуново, Огневка, Селезневка стансаларында күрделі жөндеу жүргізу, Черемшанка, Предгорная және Лениногор стансаларында ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарлануда.
Теміржол көлігімен жолаушылар тасымалы облыста «Защита – Лениногорск» және «Защита – Серебрянка - Зыряновск» әлеуметтік маңызы бар екі ауданаралық бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Аталған бағыттарға қызмет көрсету «Шығыс Жолсерік» ЖШС-не бекітілген. Жыл сайын, тасымалдаушылардың әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша тасымалды жүзеге асыруға байланысты шығындары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет есебінен қаражаттанады.

2011 жылғы 11 ай ішінде аталған бағыттар бойынша 136,4 мың жолаушы тасымалданып, 189,4 млн. теңге көлемінде субсидия төленген.
Сонымен қатар теміржол көлігімен жолаушылар тасымалы келесі облысаралық және халықаралық бағыттар бойынша іске асырылады: «Защита – Алматы», «Лениногор – Астана» (Мәскеуге дейінгі бір тіркеме вагонмен), «Рубцовск - Защита» (Новосибирге дейінгі бір және Бийскіге дейінгі бір тіркеме вагонмен), «Семей – Қызыл-Орда», «Семей - Қарағанды», сондай-ақ транзиттік: «Новокузнецк – Семей – Бішкек», «Новосибирск – Семей – Алматы», «Новосибирск – Семей – Ташкент», «Павлодар – Семей – Алматы», «Павлодар – Семей – Алматы».
 Әуе көлігі
Облыста «Халықаралық» дәрежесіндегі екі әуежай - Өскемен және Семей қалаларында, және «D» санатындағы төот әуежай қызмет етеді – Зайсан қаласында, Катонқарағай, Күршім және Үржар ауылдарында.
Жолаушы көлігі және автомобиль жолдарының басқармасы қатысты қалалар және аудандар әкімдіктерімен бірлесіп 1992 жылдан бері жұмыс істемеген тұрақты ішкі әуе рейстары іске қосылды.
Зайсан, Аягөз қалалары, Күршім, Катон-Қарағай, Үржар ауылдары әуежайларында азаматтық ұшақтармен ұшуды орындау үшін келесі шаралар қолданылды:

- коммуналдық меншікке жеке тұлғалардан әуежайлар сатылып алынды;
- барлық әуебекеттер күрделі жөндеуден өткізілді;
- аэродром жабулары таңбалаудан өткізілді;
- нысана құралдары сатылып алынды;
- әуежай байланыс желісі және электрқұрылғы жүйелері іске қосылды;
- қарым-жарты қоршаулар қалпына келтірілді, ұшу-қону жолағын бағдарлау құрылғылары ауыстырылды;
- әуежайды қолданушылар анықталды;

Бүгінгі таңда облыс аумағында әуе көлігімен жолаушылар және багаж тасымалы төрт облысішілік әуе рейстері бойынша жүзеге асырылады: «Өскемен – Зайсан», «Өскемен – Катонқарағай», «Өскемен – Күршім», «Өскемен – Семей – Үржар». Жол жүру бағасы 3000 мыңнан 8000 мың теңгеге дейін. Ұшулар Басқармамен тұрақты ішкі әуе көлігімен жолаушылар және багаж тасымалын қаржыландыру келісім-шарты бекітілген «SCAT» әуе компаниясы» акционерлік қоғамымен жүзеге асырылады. Ішкі «Өскемен – Катон-Қарағай» әуе бағыты бойынша жолаушылар ағымы қысқы мерзімге байланысты өзгерсе, ол бағыт жазғы мерзімде қайта толығады, ал «Өскемен - Күршім» бағыты паром арқылы өтетін мерзімнің жабылуына байланысты қайтадан іске асырылады.
Сонымен қатар, Өскемен және Семей әуежайларынан Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Мәскеу, Новосибирск, Үлгей (Моңғолия), Алматы – Дубаи облысаралық және халықаралық бағыттарда ұшулар жүзеге асырылады.
2011 жылы облысішілік авиабағыттар бойынша 12,8 мың жолаушы тасымалданды, төленген субсидия сомасы 129,4 млн. теңге құрады.

Су көлігі

Ертіс өзені –Қытай Халық Республикасы шекарасынан Ресей Федерацисясы шекарасына дейін Қазақстан Республикасы аумағынан ағып өтетін Қазақстан Республикасы ішкі су жолының негізгі кеме қатынасының магистралі. Қазақстан Республикасы аумағы бойынша өзеннің ұзақтығы 1698 км, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысы аумағы бойынша – 1100 км.
Республикалық мемлекеттік өзен көлігін жаңарту бағдарламасы бойынша Шығыс Қазақстан Республикалық мелекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны 2005 жылдан бастап 12 техникалық кеме бірлігін және қосымша кемелерін алса, Семей қаласы су жолдары кәсіпорны – 5 кеме алды. Шығыс Қазақстан мелекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорнында жұмыс қарқындылығын және сапасын жоғарлату мақсатында зерттеу жұмыстарын атқаруға қажет GPS навигациясын қолдану жаңа технологиялары енгізілген. Ертіс шекаралық өзені бойынша Ресей – Қазақстан – Қытай кеме қатынасын ашу мақсатында Республикалық қазыналық Шығыс Қазақстан және Семей мелекеттік су жолдары кәсіпорындарымен Ертіс өзенінің фарватерін тереңдету жұмыстары жүргізіледі.

Өзен көлігімен жолаушылар тасымалдау

- «Аблакетка» кемежайынан сағат бойы тәулік бойы, кемелерді жалға беру;
- Ертіс өзенімен (Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі су қоймалары және Зайсан көлі) қыдыру рейстері (соның ішінде аңшылыққа, балық аулауға шығу)
Жол саласы
Шығыс Қазақстан облысының жолдары Республика бойынша ең ұзын жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары болып табылады, оның ұзақтығы 11 841,8 км құрайды, соның ішінде: республикалық маңызы бар – 3 420 км, облыстық маңызы бар – 3 186 км, аудандық маңызы бар – 5  235,8 км. ШҚО облыстық және аудандық маңыздағы автомобиль жолдары желілерінің ұзындығы 8 421,8 км құрайды, олардың ішінде асфальтбетонды жамылғымен – 221 км, қара қиыршық тасты – 3 371 км, қиыршық-шағыл тасты – 4 062,7 км, топырақты – 762,5 км.
Облыстың жалпы маңыздағы автомобиль жолдарында 507 көпірлер, 6 616 су өткізу құбырлары орналасқан.
Көліктік кешен ұйымдары

Әуе көлігі

  1. «Семейавиа» АҚ (Семей қаласы) – www.semeyairport.kz  телефон: 8 (7222) 34-02-44
  2. «ШҚО Авиациялық бөлімшелері» КМК -  8 (7232) 54-22-60, 54-26-00
  3. «Өскемен қаласының әуежайы» АҚ - www.airport.ukg.kz  8 (7232) 77-81-00
  4. «SCAT» әуе компаниясы» АҚ , 8 (7252) 45-50-10

Су көлігі

  1. Шығыс Қазақстан су жолдары республикалық қазынашылық кәсіпорны  – www.vkpvp.kz  телефон: 8 (7232) 29-44-57
  2. Семей су жолдары республикалық қазынашылық кәсіпорны  – 8 (7222) 53-42-00, 53-43-00
  3. «Иртыштранс» ЖШС, 24-98-16

Темір жол көлігі

  1. «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ филиалының Семей жолдары бөлімі  – www.railways.kz, телефон: 8 (7222) 38-13-00. Бөлімше бастығы – Мұхаметжанов Бақытбек Қажыақпарұлы
  2. «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ филиалының Шығыс Қазақстан жолдары бөлімі  – www.railways.kz, телефон: 8 (7232) 50-23-10. Бөлімше бастығы – Жидилов Ерік Шаханұлы.
  3. «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ филиалының «Вокзал-Сервис» АҚ Семей  магистральдық желілер бөлімі - www.vokzal-servis.kz  Өскемен қаласындағы телефон: 8 (7232) 50-27-35,
    Семей қаласында: 8 (7222) 38-01-35, Астанада: 8 (7172) 94-37-07
  4. «Шығыс Жолсерік» ЖШС, директоры – Бабаханов Қайрат Советқанұлы, телефон: қабылдау бөлімі 8 (7232) 50-10-97,  тасымалдау бөлімі 50-11-64.

Жол-құрылыс ұйымдарының тізілімі

 


Мұрағат

+ 2011
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 2011
+ 2008
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2006
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2005
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы