Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң ресми сайты
Aйдарларының тiзбесi
Жаналықтарға жазылу
 
RSS форматындағы жаңалықтар
Іздеу  
 
 
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АЙДАРЫ

Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы

2006 жылғы 11 қазанда Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Даниал Ахметов «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2006-2009 жылдарға арналған  Бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды. Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасын ҚР ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің (ары қарай- ҚР АБА) қызметкерлері дайындады. Оның басты бағыттары: Қазақстан халқының компьютерлік сауаттылық деңгейін 20 % -ға жеткізу; Қазақстанда Интернет және е-қызметтерді пайдаланушылар деңгейін 20 % -ға жеткізу; сондай-ақ азаматтардың күнделікті өмірінде ақпараттық ресурстардың маңыздылығын арттыру. Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы ресми бекітілгенге дейін ҚР АБА қызметкерлері осы бағытта жұмыстарды бастап кеткен де еді. Атап айтқанда, Талдықорған қаласында  51 адамға компьютермен қалай сауатты жұмыс істеуді үйреткен, еліміздегі тұңғыш  ақысыз ақпараттық-аналитикалық орталық ашылды.

Компьютерлік сауаттылықты арттыру орталықтарының құрылымы қолданыстағы мектеп компьютер сыныптары негізінде (білім беру министрлігі, денсаулық сақтау, мәдениет, ақпарат, бюджеттік мекеме қызметкерлерін оқыту үшін), сондай-ақ, осындай мектептердің облыс және аудан орталықтарында ашылуы негізінде құрылады. Мемлекеттік білім беруді дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру аясында, бір мезгілде оқушылар мен студенттерді оқыту бойынша жұмыстар жалғасын табады. Халықтың жұмыссыз бөлігін және бюджеттік сала қызметкерлерін оқыту үшін 2007 жылы 300 сынып ұйымдастырылады. Әскери қызметкерлерді оқыту үшін 2007 жылы 68 сынып ұйымдастырылады. Жастардың компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеру үшін ЖОО және колледж студенттері, лицей, маманданған мектеп оқушылары, мектеп оқушыларына міндетті  тестілеу жүргізу, аталған процесс арқылы ҚР халқының 6,6 %-ын  немесе 990 000 жас өспірімдерді қамту жоспарлануда.

Балалар үйінде 69 компьютер сыныптарын құру жоспарлануда. Сонымен қатар, барлық тілек білдірушілерге жазғы компьютер сыныптары ұйымдастырылады. Қазақстан аймақтарында мектептер негізінде,  жазғы каникул кезінде жұмыс істейтін 2000 сынып ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, еліміздің ұлттық компаниялары мен холдинг қызметкерлерін оқыту және тестілеу жүзеге асырылады.  Жоғарыда көрсетілген Бағдарлама іске асыру нәтижесінде барлығы 2515 сынып ұйымдастырылып, 2 364 054 адам оқытылады(15.7 %). 5 %-ға тең болатын халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейін қоса есептегенде, аталған Бағдарлама жүзеге асқаннан кейін, Қазақстанда компьютерлік сауаттылық деңгейі  20,7 % - дейін көтеріледі. Халықтың компьютерлік сауатсыздығын жою бойынша кең көлемдегі  шаралар білікті өз ісін жетік білетін мұғалімдерді дайындауды талап  ететіндіктен, елімізде аймақтардағы мұғалімдерге арналған машықтану курстарын өткізу жоспарлануда.

2007 жылы осы тәрізді машықтану курстарынан 1000 мұғалім және «жазғы компьютер сыныптарында» жұмыс жасау үшін АТ-мамандығының 2000 студенті, 2008 жылы - тағы 100 мұғалім және 2009 жылы- тағы 100 адам өтеді. Қазақстанда арнайы осы мақсатқа арналған, оқытушыларды дайындау және компьютерлік сауаттылықты дистанциялық оқытатын Орталық құрылады. Еліміздің азаматтарына ақпараттық ресурстарға қол жеткізудің тең құқын көрсету мақсатында, ҚР-да орталықта алынған білімді және Интернет ресурстары (электрондық үкімет қызметтері, басқа да электрондық қызметтер мен ресурстар) мүмкіндіктерін қолдануға мүмкіндік беретін қоғамдық қосылу қосындары желісі құрылады. Халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру процесінің ажырамас құрамды  бөлігі Қазақстан азаматтарының барлық категориясын ашық ақпараттық ресурстарға қосу үшін жағдай туғызу болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін, электрондық кітапхана қорынан, «Ұлттық мұра» мультимедиалық қоры және электронды оқытатын бағдарламалардан тұратын ұлттық ақпараттық-танымдық ресурстарды дамыту жоспарлануда. Ақпараттық технологиялар саласында біліктілік деңгейін көтеру үшін дистанциялық оқыту орталықтары құрылады. Бұл процесс отандық телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен азаматтардың Интернет желісіне қол жетімділігін қамтамасыз ететін процесс мониторингін ұйымдастыру арқасында жүзеге асады.

Осыған байланысты Интернет желісіне телефон желісі арқылы қол жеткізу тарифын төмендету; Қазақстанда телефон және оптик-волокон желісін дамыту; Wi-Fi сымсыз байланысы арқылы Интернетке қол жеткізу; оқушылар мен зерттеушілер үшін Интернет жылдамдығын қамтамасыз ету т.б  қажеттіліктері туындайды. Қазақстанда азаматтардың көбіне қол жетімді ақпараттық коммуникациялық технологиялар мен қызметтердің бәсекеге қабілетті өндірісін құру үшін, ақпараттандыру процесіне бизнес және қаржы-банк саласының өкілдерін тартып, АКТ саласындағы кәсіпкерлікті қолдау жүйесін дамыту қажет. Аталған мақсат Алматыда «Ақпараттық технологиялар паркі» еркін экономикалық аймағын дамыту есебінде жүзеге асырылады. Аталған аймақ инновациялық кәсіпкерлік орталығы ретінде ақпараттандыру саласын дамыту үшін инвесторлар тартуға тиімді жағдай туғызып, отандық өндірісті арзан компьютер техникасымен, бағдарламалармен қамтуға қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, АКТ саласындағы инновациялық  белсенділікті арттыру шаралар жүйесін дайындау және қаржыландыру механизмдерін дамыту.

ҚР-да АТ-білім деңгейін көтерудің басты факторы болып халықтың қазіргі ақпараттық-коммуникациялық техникаларды игеру және қолдануға деген асқан қызығушылықтары болып отыр. Соның ішінде, мемлекеттік қызметкерлердің компьютерлік білім аттестациясы және АТ-сертификатының болуы міндетті.  Сонымен қатар, 100% орта және жоғары оқу орындары бітірушілерін информатика пәні бойынша міндетті тестілеуді, мәдениет және денсаулық сақтау, білім беру салалары қызметкерлерінің біліктілігін көтеру курстарына информатика пәнін енгізу қажет.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің баспасөз қызметі

Тақырып бойынша ақпараттық мәліметтер:


04/11/2008
Баспасөз хабарламасы Облыстың мемлекеттік қызметкерлерінің
03/11/2008
«Е-» жалғаулы мемлекеттік сатып алу
26/09/2008
«Электрондық әкімдік»: қорытындылары мен даму келешегі» немесе «Электрондық қызметтерді «күзде санайды»
27/08/2008
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Құрметті облыс тұрғындары!
11/07/2008
Баспасөз релиз
25/04/2008
«Е-ШЫҒЫС»
03/04/2008
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ақпараттық теңсіздікті төмендетудің Мемлекеттік Бағдарламасын орындау барысы туралы 2008 жылғы 17 наурызға
13/11/2007
Ақпараттық теңсіздікті төмендету (АТТ)...
16/08/2007
Облыстың мемлекеттік органдары назарына!!!
23/07/2007
Үлкен-жас «электрондық әкімдікке» өз үлесіңді қос!
17/07/2007
Құрметті Шығыс-Қазақстандықтар!
12/06/2007
Электронды үкімет - демократияға апаратын жол
16/04/2007
Шығыс Қазақстанда Электронды қызмет орталығы ашылды
 
Өскемен қ.
Семей қ.
Риддер қ.
Курчатов қ.
Абай ауданы
Аягөз ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы
Көкпекті ауданы
Күршім ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Шемонаиха ауданы
Copyright © 2005-2008
Hosting and design Rating telecom

070019, Қазақстан, Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі, 40

Телефоны: 8 (7232)  24-45-61
E-mail: KTokhmoldina@akimvko.gov.kz

Call - центр тел. 8 (7232) 203-300