Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АЙДАРЫ

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар

«Электрондық басқару: енгізу проблемалары мен перспективасы » I халықаралық конференция
«Электрондық үкімет: өңірлік шешімдер» II халықаралық конференция
«Өңірдегі электрондық үкімет: мемлекеттік қызмет көрсетуді дамыту» III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
«Өңірдегі электрондық үкімет: қорытындысы мен даму перспективасы»  VI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2009 жылғы 18 қыркүйекте сағат 10.00-де Өскемен қаласында облыс әкімінің қатысуымен «Ақпараттық жүйелер мемлекеттік органдарда» тақырыбына Семинар-мәжіліс өтеді.

Семинар-мәжілістің мақсаты билік және қарапайым азаматтар арасындағы тосқауылдарды төмендетуге ықпал жасайтын корпоративтік басқарудың қазіргі заманғы әдістерін талқылау болып келеді.
Жыл сайын ШҚО әкімі аппаратымен өткізілетін осындай іс-шаралар біздің қоғамның әр түрлі секторлары (мемлекеттік құрылымдар, бизнес-ұйымдар, ҮЕҰ) өкілдеріне е-үкіметті құру және е-қызметті дамыту бойынша істерін үйлестіруге және тәжірибелерімен бөлісуге, сондай-ақ IT саласында осы салада болып жатқан процестерге ішкі баға беру және және олардың тиімділігін көтеру бойынша ұсыныстар жасау үшін сарапшыларды тартуға бірегей мүмкіншілік береді.

Семинарға 250 аса адам қатысады:

  1. Дұрмағамбетов Ерлан Дмитриевич – Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары.
  2. «Зерде» Ұлттық Холдингі АҚ басқармасының төрағасы;
  3. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқармасының төрағасы;
  4. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) жобаларының негізгі менеджерлері;
  5. IT-индустрияларда жұмыс істейтін комерциялық компаниялардың мүдделі өкілдері;  
  6. «электрондық үкіметтің» дамуына қатысатын үкіметтік емес ұйымдар;
  7. Аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі мемлекеттік органдарының бастықтары.

Семинар-мәжілісті Шығыс Қазақстан облысы әкімі Бердібек Сапарбаев ашады. Ол өзінің сәлем беру сөзінде соңғы үш жылда өңірде ақпараттандырудың даму саласына қортынды жасауға тоқтайтын болады.
Жоспарланып отырған семинар-мәжілістің ерекшелігі мемлекеттік басқарудық кешендік талдауына, оның формалары мен әдістерін жетілдіруге көзделгендік болып келеді. Электрондық үкімет қазіргі бар жұмыс әдістеріне үндеулер тастайды. Және бұл түсінікті, өйткені озат технологияларды қолданумен жаңа жобаларды, жаңа регламенттерді енгізу процесі үнемі ескі стериотиптерді бұзумен кездеседі, мұнда жиі сыбайлас жемқорлық істері үшін мүмкіншіліктер ұялайды. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Ерлан Дұрмағамбетовтың сәлем беру сөзінде осыған екпін жасалатын болады.
Семинар барысында облыстық әкімдікпен кабинеттен шықпай электрондық қызметтерге қол жеткізуге, мемлекеттік басқарудың қандайда болмасын мәселелерін шешу үшін қажетті шара қолдануға мүмкіндік беретін мемлекеттік басқарудың тиімді әдісі ретінде «электрондық кеңсе» құру жобасын ұсынатын болады. Сөйтіп, бүгінгі күні облыс әкімі аппаратында «Облыс әкімінің тапсырмаларын есепке алу» ақпараттық жүйесі, «Жол картасы» бағдарламасы аясында ведомстволық жүйелерден мәліметтерді өзектеу» ақпараттық-талдау жүйесі және басқа да жүйелер құрылған.
Әлем бір орнында тұрмайды және әр адам енді өзін ұялы телефон, интернет, компьютерсіз елестете алмайды. Қалың бұқара топтарын және ең алдымен ауыл тұрғындарын қол жетімді компьютер техникасымен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасында «Ашық Әлем» жобасы іске асуда.  Бұл жөнінде «Телекоммуникация саласында техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің жобаларды дамыту және сүйемелдеу басқармасының бастығы Тілеубеков Қуаныш өз баяндамасында айтып береді.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Азиза Қырғызбаева өз сөзінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарында Бірыңғай электрондық құжатайналымы жүйесінің (БЭҚАЖ) жағдайы және электронық-сандық қол таңбаны тек мемлекеттік органдар, заңды тұлғаларға ғана емес қарапайым азаматтарға беру қажеттілігі туралы айтып береді.
Шығыс Қазақстан міне төртінші жыл қатарынан АКТ дамыту мәселелерімен айналысатын қоғамдық бірлестіктерден билік органдарына дейінгі әр түрлі құрылымдар өкілдерінің кездеу алаңы болып келеді. Соның ішінде және қоғамдық қатынау пункттері желілерін дамыту арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсынады. Осы жобаның ары қарайғы даму перспективасы туралы өз баяндамасында «ҰАТ» АҚ Бизнесті дамыту орталығының директоры Ахметжанов Талгат айтып береді.
Ақпараттық жүйелердің жылдам дамуына байланысты мемлекеттік органдарда ақпараттық қауіпсіздік мәселелсі өзекті, осы мәселеге ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі «Телекоммуникация саласында техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК қауіпсіздік жүйелерін енгізу және сүйемелдеу департаментінің директоры Виктор Вялых өз сөзін арнайды.

Артық қарапайымдылықсыз біздің облысты Қазақстанда электрондық үкіметті дамытудағы озаты деп атауға болады. Осындай жетістіктерге жетіп, ұстанып тұру жинақталған халықаралық тәжірибелерды зерттеуге және өзінікімен бөлісуге дайындыққа бағытталуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында IT-салаларының дамуы туралы, осы бағыттағы жоспарлар және перспективалар туралы «Зерде» Ұлттық Холдингі АҚ дамыту жөніндегі басқарушы директор Пішембаев Дәурен айтып береді.  
Облыста ақпараттық жүйелердің қалыптасу және даму процесіне өңірдегі қоғамдық ұйымдар, IT- компаниялар белсенді қатысады. Сөйтіп, «Рейтинг» IT-компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Александр Левитануспен  білім беру, денсаулық сақтау, жолдар саласында басқару формаларын жетілдіруге арналған мемлекеттік органдар үшін IT –шешімнің тұсаукесері ұсынылады. 
Бүгін ақпараттық коммуникациялық технологиялар үлкен мемлекеттік инфрақұрылымдарының ажырамас құрамы болып келеді, олар біздің облысымызда үш жылдан артық дамып келеді және әлі де дамуда. Осы уақыт кезеңінде өңірде бизнес-құрылымдар, қоғамдық бірлестіктер, қарапайым азаматтардың назарынан тыс қалмаған мемлекеттік мекемелерінің 50 жуық веб-сайттары ашылған. Халық көзімен веб-қорларды бағалау жөнінде «Зубр» ӘКҚ басшысы Виталий Кулик баяндайды.

Экономика, мәдениет, қоғамның өзін қазіргі заманда АТК қолдануысыз елестету қиын.
Жақын болашақта бұл процесс қайтымсыз болады, және бұлсыз өзін қатардағы Қазақстан азаматы, шалғау ауылдағы да ойлай алмайды. 

Сөзсіз, осы семинар-мәжіліс – электрондық үкіметті дамыту ісінің кезекті белгісі, болашақтың пішіндерін орындалуын және «бейнелеуін» бағалау, дамудың негізгі бағыттарын белгілеу, бастапқыларды қою және электрондық үкіметті қалыптастыру жолында тағы бір қадам жасау мүмкіндігі.

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы