|
Әлеуметтік-экономикалық дамудың қысқаша қорытындылары
Тұрмыс деңгейі
2012 жылғы наурызда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 43926 теңгені құрады. 2011 жылғы наурызбен салыстырғандағы өсім қарқыны атаулы ақшалай табыс бойынша 115,9%-ды және нақты ақшалай табыс бойынша 110,9%-ды құрады.
Еңбек нарығы және еңбекақы
2011 жылғы iv тоқсанда халықтың жұмыспен қамтылуын бір жолғы зерттеу деректері бойынша жұмыссыздар саны 38,9 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына қатысты алғанда 5,2%-ға жетті. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 2012 жылғы 1 мамырға 6,3 мың адамды құрады немесе бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына қатысты алғанда 0,8%.
2012 жылғы наурызда жұмыскерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 80866 теңгені құрады. 2011 жылғы наурызға қатысты алғандағы өсім 19,7%-ды құрады. Осы кезеңде нақты жалақы индексі 114,5% шамасында қалыптасты.
Бағалар
2012 жылғы сәуірде 2011 жылғы желтоқсанға қатысты алғанда тұтыну бағаларының индексі 101,6%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары 2,2%-ға, азық-түлік емес тауарларға 1,1%-ға, ақылы қызметтерге 1,2%-ға артты. 2012 жылғы сәуірде 2011 жылғы желтоқсанға қатысты алғанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың баға индексі 100%-ды құрады.
Ұлттық экономика
Жедел деректер бойынша 2011 жылғы өңірлік жалпы өнім көлемі ағымдағы бағалармен 1553741,1 млн. Теңгені құрады. Республиканың іжө-дегі облыстың өжө-нің үлесі 5,7%-ға тең. Өжө құрылымында тауар өндіру үлесі 42,7%-ға, қызмет көрсетулер үлесі 57,3%-ға жетті.
2012 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 46050,6 млн. Теңгені құрады, бұл 2011 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 33,6%-ға көп.
Сауда
Ағымдағы жылғы төрт айда бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 111,2 млрд. Теңгені құрады және 2011 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 13,3%-ға артты.
Экономиканың нақты секторы
2012 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 300,9 млрд. Теңгені құрады, бұл 2011 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 26,0%-ға көп. Кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруде өсім 10,2%-ды, өңдеу өнеркәсібінде 38%-ды, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және таратуды бақылауда 49,9%-ды құрады. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру мен ауаны кондиционерлеуде өндірістің 3,4%-ға төмендеуі байқалды.
2012 жылғы төрт айда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 32,5 млрд. Теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2011 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 100,9%-ды құрады.
Қаңтар-сәуірде жүк айналымының көлемі 3145,3 млн. Ткм-ді (коммерциялық тасымалмен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды ескере отырып) құрады және 2011 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 35,3%-ға артты.
2012 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 19057 бірлікті құрады, соның ішінде жұмыскерлерінің саны 50 адамнан аз кәсіпорындар 17741 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 11368 бірлікті құрады, соның ішінде шағын кәсіпорындар саны 10111 бірлік. Облыстағы шағын бизнес субъектілерінің саны 12516 бірлікті құрады.
Қаржы жүйесі
2012 жылғы наурызда ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық нәтижесі 16835,8 млн. Теңге шамасындағы пайда ретінде қалыптасты, 2011 жылғы сәйкес кезеңде 16339,6 млн. Теңге шамасында пайда алынған болатын.
Мұрағат
|