|
Спорт және туризм
Бағдарламаларды әзірлеу: 12 сәуірде облыс әкімінің төрағылымен ҚР туризм және спорт вице-министрі К.А.Өскенбаев, облыстың мүдделі ведомстволары мен туристік фирмалар басшылары қатысқан кеңес өтті, онда ШҚО кластерлік дамыту 2010-2012 жылдарға арналған мастер-жоспар таныстырылды. Кеңес қорытындысы бойынша жоспарды Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті сессиясының бекітуіне енгізу үшін облыстық әкімдік қаулысының жобасы әзірленді. Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының және облыс әкімі аппараты заң бөлімінің жағымсыз қорытындысына байланысты жобаның келісілуі мүмкін емес. Кластерлік бағдарламаны іске асыру жөніндегі жоспарда көзделген іс-шаралар 2011-2015 жылдарға арналған облыстың дамуы аумақтық бағдарламасының «Туризм» бөліміне енгізілген. ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының жобасы, 2011-2015 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысы аумағын дамыту бағдарламасының «Туризм» бөлімі, Шығыс Қазақстанның, Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің және Алтай Республикасының шекара маңындағы ынтымақтастығы аясында туризмді дамыту бағдарламасының жобасы әзірленді.
Семинарларға қатысу: 2010 жылғы ақпанында Астана қаласында өткен туризм мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңеске, 2010 жылдың сәуірінде Алматы қаласындағы Қазақстандық туристік көрмесі аясында өткен туризм бойынша семинарға қатыстық. 2010 жылғы 24 маусымда Туризм индустриясы комитеті ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп "ШҚО-да туризмді дамытудің перспективалар" республикалық семинар-кеңес өткізді. 2010 жылғы 24-27 шілдеде «Compass GmbH» неміс маркетінг компаниясы үшін жарнамалық ақпараттық туры өткізілді. 2010 жылғы 28-30 маусымда Алтай өлкесі кәсіпкерлері делегациясының сапары аясында Шығыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясы іскер топтарына арналған бизнес-форум болып өтті. 2010 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастығының VII форумы аясында өткізілген «Туристік саласының дамуы» панельдік сессиясында өңірлердің туристік фирмалар арасында келісім-шарттар, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар арасында, Шығыс Қазақстан Туристік Ассоциациясы мен Ресейлік Туризм индустриясы одағы арасында туризм саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. 2010 жылғы 17 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Қызылорда облысы әкімдігі арасындағы туризм саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Туристік инфрақұрылымды дамыту және нығайту мақсатында облыстың туристік ұйымдары мен демалыс базалары бюджеттен тыс қаражат есебінен 2010 жылда: объектілер салуға– 5600 мың теңге; жөндеу-құрылыс жұмыстарға 34813,2 мың теңге; күрделі жөндеуге– 423,8 мың теңге; ағымдағы жөндеуге– 8480,3 мың теңге; материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 20706,0 мың теңге игерілді.
Көлік инфрақұрылымы мен коммуникацияларына қатысты туризм индустриясы негізгі объектілеріне баратын негізгі автомобиль жолдары республикалық маңыздағы жолдар болып табылады. 2010 жылы Аягөз ауданындағы «Шынғожа-Мыңбұлақ- Ақшәулі» автомобиль жолын қайта жаңғыртуға жоспардағы 150 000,0 мың теңгенің 83 797,0 мың теңгесі бөлінді, 108,5 млн. теңгеге Күршім ауданы Қарақаба өзеніндегі көпірдің құрылысы басталды, 106,2 млн. теңгеге Глубокое ауданы Карагужиха өзеніндегі көпірді салу аяқталуда, 50 млн. теңгеге «Көгілдір бұғаз» демалыс базасына кіреберіс жолды қайта жаңғырту басталды, Катонқарағай ауданында Үлкеннарын- Күршім жолын, Көкпекті ауданы Өскемен-Тарғын-Самар 110-133 шақырым автожолын күрделі жөндеу аяқталды, 180,8 млн. теңгеге Үржар ауданы Мақаншы-Жалаңашкөл 0-10 шақырым жолын күрделі жөндеу басталды.
Коммуникациялар туралы. 2009 жылы телефондандырылған елді мекендер саны 781, ал Интернет желісіне қосылған клиенттер саны 15 082 адам болды.
Инвестициялық жобаларды жылжыту: 2010 жылғы 30 наурызда Корей Елшісі бастап келген корей бизнесмендері делегациясына инвесициялық жобалар таныстырылды. Нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасы Елшілігі арасында туризм және мәдениет саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 2010 жылғы мамырда облыс әкімі Б.М. Сапарбаев Израильге жұмыс сапары аясында туризм жөніндегі алты инвестициялық жобаны таныстырды; 2010 жылғы маусымда Кувейт инвесторлары үшін екі инвестициялық жоба («Катонқарағай» емдеу –туристік кешені және «Ақсу Дэн» пантымен емдеу) таныстырылды; 2010 жылғы 8 маусымда «Шағын және орта бизнесті қолдаудағы жүйеқұраушы кәсіпорындардың рөлі» өңірлік форумы аясында туризмнен 8 инвестициялық жоба таныстырылды. 2010 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан мен Ресей арасындағы VII өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Алма аллеясында көрме және «ШҚО туризмі» фотогалерия өткізілді, аталған көрмеде туризм бойынша жобалар таныстырылды.
Облыстың туристік имиджін алға жылжыту: 2010 жылы –Алматы, Сеул, Пекин, Ақтөбе, Астана, Токио, Лондон қалаларында өткізілген халықаралық туристік көрмелерге қатыстық. Аталған көрмелерде облыстың туристік әлеуеті туралы жарнамалық материалдар таратылды, облыстың туристік фирмалар мен басқа өңірлер арасында келісім –шарттар жасалды.
Келесі облыстық имидждік іс-шаралар өткізілді (2010 жыл): мектеп оқушылары арасында «Шаңғы шақырады» шаңғы жарысынан сайыс (8-11 сыныптар), су туризмі техникасынан ШҚО Чемпионаты, «Жасыл алаң» облыстық экологиялық туристік жиынтығы, «Қазақстан Алтайы» туристік фестивалі, Дүниежүзілік туризм күнін тойлау шеңберінде «ШҚО-ның туристік мүмкіндіктері» көрмесі, жаяу туризм бойынша «Алтын күз» облыстық Чемпионаты, «Дені сау жастар – дені сау мемлекет» туристік акциясы (жорық-жарыс), «Compas GMBH» Неміс консалтингтік компаниясы өкілдері үшін ақпараттық тур, «Менің Отаным - Қазақстан» республикалық туристік экспедициясының облыстық кезеңі, «Домбай будасы» альпинизм мен туризм техникасы бойынша облыстық жарыстар, «Алтай Альпісі» демалу орталығындағы таушаңғысы маусымының ашылуы, «Студенттер күні» туристік акциясы.
Облыстың қолөнершілері мен қолданбалы өнер шеберлеріне қолдау көрсету мақсатында 2010 жылы республикалық және халықаралық деңгейдегі мамандарды шақырып, 4 треннинг өткізілді.
Туризм бойынша ақпараттық қолдау: туризм туралы ақпараттар облыстық www.sport.vko.gov.kz, республикалық www.visitkazakhstan.kz. ШҚО әкімінің сайттарында жайғастыру жүріп отырады.
Республикалық мерзімдік басылымдар «Астана», «Lode starмен» жұмыс жүргізіліп, оларда облыстың туристік қуаты туралы материалдар орналастырылды.
«WANAWAY» мультимедиялық туристік интернет жүйесінің жобасы әзірленді. Бағдарламаның демо-версиясы ҚР туризм және спорт министрлігіне, Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастығының форумы аясында өткізілген «Туристік саласының дамуы» панельдік сессиясында, әкімнің облысқа келген әлемнің 20 мемлекеттер дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесуінде таныстырылды. Аталған жобаны қолдау ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2011 жылдарға арналған туристік іс-шаралар Күнтізбелік жоспарында қарастырылған. Шығыс Қазақстанның Туристік Ассоциациясы жұмысы жандандырылды
Мұрағат
|