| Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Суда құтқару қоғамының құтқару қызметі базасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы № 890 «Суда құтқару қызметінің Республикалық орталығын құру туралы» Қаулысына сәйкес құрылды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 273 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің кейбір мәселелері» қаулысына сәйкес қайта аталды.
Суда құтқару қызметінің мақсаттары мен қызмет түрлері
Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты облыс суқоймаларында қайғылы оқиғалардың алдын алу, сонымен қатар судағы төтенше жағдайлар салдарын жою бойынша анық жоспарланған, жаппай өткізілетін және жүйелі жұмысты ұйымдастыру мен өткізу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін мемлекеттік мекеме қызметтің келесі түрлерін жүзеге асырады:
1) Жергілікті билік органдарымен, мүдделі мекемелермен және кәсіпорындармен бірігіп облыс, қала халқын суда, соның ішінде су тасқыны, су басу мерзімінде төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етудің болашақтағы және жедел жоспарларын, көпшілік демалыс және суға түсу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жасап, жүзеге асырады;
2) судағы (мұздағы) төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырады;
3) судағы (мұздағы) төтенше жағдайлар кезінде іздестіру - құтқару, сүңгуірлік - іздестіру және эвакуациялық жұмыстарды жүзеге асырады, суда зардап шеккендерге жедел көмек көрсетеді, уәкілетті органға суда құтқару қызметі міндеттерін тиімді шешу мәселелері бойынша ұсыныс жасайды;
4) мемлекеттік мекеменің кәсіптік даярлық және жеке құрамды қайта даярлау бойынша жүйелі сабақтар және арнайы жаттығу жиындарын өткізу жолымен суда құтқару жұмыстарын жүргізуге тұрақты түрдегі даярлығын қамтамасыз етеді;
5) су тасқыны кезіндегі комиссияның, көпшілік пайдаланудағы су объектілерін пайдалануға беруде қабылдап алу жөніндегі комиссияның жұмыстарына, суда (мұзда) адамдар өмірін қорғау мәселелері бойынша тағайындалған сараптама комиссиялар мен топтардың жұмысына қатысады;
6) судағы (мұздағы) қауіпсіздік мәселелері бойынша мекемелермен және кәсіпорындармен бірлескен қызмет жасайды;
7) заңмен белгіленген тәртіпте суда құтқару жұмыстары кезінде байланыс, көлік құралдарын, мекеменің мүліктік және басқа материалдық құралдарын пайдаланады;
8) көпшілік пайдаланудағы су объектілерінің құтқарушыларын оқытуға және тұрғындарға жүзуді, құтқару және суда (мұзда) зардап шеккендерге көмек көрсету тәсілдерін үйретуге қатысады;
9) мемлекеттік мекеме қызметкерлерін құқықтық және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
10) мемлекеттік мекеменің мемлекеттік мекеме құру мақсатына жауап бермейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД Суда құтқару қызметінің 2011 жылғы I тоқсандағы жұмысы туралы есеп
ШҚО суқоймаларындағы қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында 2011 жылдың басынан бастап мынадай іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді:
1) Мемлекеттік және орыс тілдерінде әңгімелер, дәрістер - 1243;
Телехабарлар - 57;
Радиохабарлар- 10;
Мерзімді баспасөздегі мақалалар, ескертпелер- 29;
Таратылған плакаттар - 456;
Мұздағы қауіпсіздік ережелері бойынша таратылған
DVD дисклер - 44.
2) 19.01.2011 жылы «Крещение Господне» мерекесін өткізу кезінде және діндарлардың шомылу уақытында ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті арқылы, 2000-ға жуық адамның шомылу салты өткен 12 шомылу орындарында (Өскемен, Семей, Зырян, Риддер қалаларында, Жаңа Бұқтырма кентінде, Күршімде) адамдар өмірін қорғау ұйымдастырылды. Қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін әрбір учаскеде сүңгуірлік жабдықтар жинағы және құтқару жарақтары бар ШҚО ТЖД Суда құтқару қызметі құтқарушылары арқылы қауіпсіздік қамтамасыз етілді, жылыну шатырлары орнатылды, медбикелер, құқыққорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Құтқарушылар мен медбикелер әрбір шомылушымен қысқаша нұсқаулық өткізді. Сырқаттар мен спиртті ішімдік қолданғандарға бұл салтты өткізуге жол берілген жоқ. Бақыланбаған және жабдықталмаған орындарда шомылу әдет-ғұрпын өткізбек болғандар дер кезінде тоқтатылды. Мерекелік іс-шаралар уақытында оқыс оқиғалар орын алған жоқ;
3) СҚҚ құрылымдық бөлімшелерінде жеке құраммен 2010 жылғы қорытындылар шығарылды, 2011 жылға міндеттер қойылды;
4) Үздік құтқару станциясына көрме-конкурсының қорытындыларын шығару үшін материалдар әзірленді;
5) «Қызыл Ту» Күршім мұз өткелінің жұмысына бақылау жүзеге асырылды;
6) 2011 жылға арналған жүзу құралдарын, радиостанцияларды, автотехниканы, сүңгуірлік, құтқару жарақтарын жеке құрамға бекіту жүргізілді;
7) мұз бетіндегі балықшылармен және демалушылармен мұздағы қауіпсіздік шаралары бойынша 88 нұсқаулық өткізілді;
8) 2010 жылғы белгіленген есептілік ұсынылды;
9) 2010 жылғы қаржылық есеп ұсынылды;
10) құтқару станцияларының жеке құраммен жабдықталуы мен кадрлық мәселелерді шешу жүргізілді;
11) кәсіби даярлық бойынша сабақтар, оқу-жаттықтыру су астына түсулерін өткізу;
12) Сапарға шығулар - 16
Құтқарылған - 3 чел.
Суға кеткендер - 0.
13) Өскемен қ. қалалық Білім беру бөлімімен бірлесіп судағы қауіпсіздік шаралары жөніндегі көрнекілік насихат құралы сайысының қорытындысы бойынша үздікті анықтау үшін Өскемен қаласында мектеп бұрыштарының көрмесі өткізілді.
14) Оқу орындарындағы ӨҚН бойынша сабақтар жетекшілеріне көмек көрсету үшін бейнематериал әзірленді, DVD форматында көбейтілуі мен мектептерге таратылуы жүргізілді, ол орыс және мемлекеттік тілдердегі мына материалдарды біріктіреді:
1. Кіші жастағы балаларға арналған мультфильмдер:
- «Суға шомылу орны»,
- «Жағадан алыс кеткенде» (суға шомылу кезіндегі ережелер туралы),
- «Жұқа мұз үстінде»;
2. Қысқаметражды оқу бейнефильмдері:
- «Суға шомылу кезіндегі ережелер»
- «Мұздағы қауіпсіздік шаралары»
- «Жасанды тыныс беру»
- «Суда зардап шеккен адамға жәрдем көрсету ережелері»
- «Мұз өткелдері мен өту жолдарын ұйымдастыру»
- «Су басу»
3. ШҚО ТЖД Баспасөз орталығының Шығыс Қазақстан облысындағы су басу туралы бейнефильм;
4. Сеңдегі серуендеу қауіптілігі туралы бейнероликтер;
5. Мұздағы ТЖ туралы орыс және мемлекеттік тілдердегі слайдтар;
6. Жылдың әр мезгіліндегі судағы және мұздағы қауіпсіздік шаралары жөніндегі мәтіндер.
Өскемен қ. мектептерінде қазірдің өзінде жоғарыда аталған бейнематериалдар бар.
15) ШҚО ТЖД СҚҚ бастығының баспасөз құралдарындағы «ШҚО Суда құтқару қызметінің Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асырудағы облыс суқоймаларындағы балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметі туралы» сөз сөйлеуіне материалдар әзірленді.
16) ҚС жеке құрамы 1 наурыз Азаматтық қорғаныс күні мерекесін өткізуге қатысты.
17) Су басуға қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес шараларды әзірлеу және орындау (Облыстық Әкімдіктің 04.02.2011 жылғы №50 қаулысы)
18) Жоспарланған мемлекеттік сатып алуларды өткізу.
19) СҚҚ жеке құрамының кәсіби даярлығын ұйымдастыру және барысын бақылау.
20) Жеке құрам құтқарушы сыныптылығын алу және жоғарылату емтихандарын тапсыруға дайын.
21) Қызметтің аумақтық комиссияда аттестациялануына материалдар дайындалды.
22) Сүңгуірлердің жыл сайынғы медициналық қуәландырылуы.
23) ҚС жеке құрамымен курстық С-1 (Құтқару станциясында қызметті ұйымдастыру) және С-2 (Суда адамдар өмірін қорғау) тапсырмаларын пысықтау.
24) Өткелдер мен мұз жолдарындағы мұз жағдайына бақылау жасау.
25) Көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп демалыс базалары, шағын кемелер тұрақтары иелерімен жазғы мерзімдегі қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде мәжіліс өткізілді (29.03. 2011ж.).
II тоқсанға арналған міндеттер:
- Облыстық Әкімдіктің 04.02.2011 жылғы № 50 қаулысымен бекітілген Су басуға қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
- Құтқару құрылымдарының іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтау жөніндегі республикалық «Казспас-2011» жиын-семинары мен құтқарушылардың халықаралық жарыстарына қатысу (мамыр).
- «Су басу және кең көлемді аумақтарды су басу туындаған кездегі СҚҚ іс-әрекеттері» тақырыбындағы облыс суқоймаларындағы ТЖ жағдайында тұрғындарды қорғау бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын пысықтау жөніндегі командалық-штабтық оқуларына қатысу (сәуір).
- СҚҚ медқызметкерлерінің оқу-әдістемелік жиындары (сәуір).
- Құтқару станцияларының судағы ТЖ туындаған жағдайдағы іс-қимылдарға даярлығын кешенді тексерулерді өткізу (сәуір-мамыр).
- Жеке құрамды құтқарушылардың жалпы бағдарламасы бойынша даярлау, құтқарушы сыныптылығын иеленуге және жоғарылатуға емтихан тапсыру. Қызметті аттестациялау (наурыз-шілде).
- Техминимум бойынша емтихандар тапсыру және сүңгуірлер сыныптылығын бекіту.
- Жүзу құралдарын, автокөліктік техниканы, сүңгуірлік және құтқару жабдықтарын жөндеу, техникалық қызмет көрсету, шомылу маусымына және техниканы қолданудың көктемгі-жазғы мерзіміне дайындау (сәуір-мамыр).
- Демалыс базаларының, балалар және сауықтыру лагерлерінің, көпшілік суға түсу орындарының жазғы маусымға даярлығын тексеру (мамыр-маусым).
- Көпшілік суға түсу орындары үшін жасақшы - құтқарушылар даярлау.
- Суда адамдар өмірін қорғауды ұйымдастыруға бақылау жасау.
- Оқу орындарында, мекемелер мен кәсіпорындарда судағы қайғылы оқиғалардан сақтандыру бойынша алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде өткізу. БАҚ-та жазғы мерзімдегі суқоймалардағы қауіпсіздік шаралары бойынша сөз сөйлеу.
- Мектеп оқушыларымен, аула клубтарымен «Жас құтқарушы» бағдарламасы бойынша практикалық сабақтар өткізу (сәуір-мамыр).
- Демалыс базалары, балалар сауықтыру лагерлерінің, көпшілік суға түсу орындары иелерімен нұсқаулықтар, семинар сабақтарын өткізу.
|