Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ

Аз қамтамасыз етілген отбасыларын қолдау бойынша ШҚ өңірлік қоры

«Ізгілікті ниет»

Облыс әкімиятының 2005 жылдың 28 желтоқсанында қабылдаған «Ізгілікті ниет» облыстық қайырымдылық марафонын өткізу туралы №459 қаулысына сәикес 2006 жылдың 1 ақпанынан қала және аудан әкімдері облыстық қайырымдылық марафонын жергілікті жерлерде өткізуге кірісіп те кетті.

Оның шеңберінде, 27 сәуірде дәстүрге аиналған «Өскемен - Семей» телекөпірі болып өтті. Соның арқасында Өскемендіктер 3 млн 200 мың теңге, Семейліктер 4 млн 100 мың теңге жарна жинады.

1 тоқсанда ШҚ аимақтық қоры аудан әкімдерімен бірлесіп облыстық «Ізгілікті ниет» марафоны шеңберінде барлық аудандарда қор қаржысын толықтыру мақсатында бірқатар қайырымдылық шаралар ұиымдастырды және өткізді.

Әсіресе мұндай шаралар Өскемен, Семей қалаларында, Зырян, Глубокое, Ұлан, Шемонаиха аудандарында Риддер қаласында Күршім, Бесқарағай және Үржар аудандарында табысты болып өтті. Облыстық «Ізгілікті ниет» қайырымдылық марафонын өткізу нәтижесінде 17 млн. теңге қаражат жиналды.

Осы уақытта қор 5 адамға сомасы 347 мың теңге көлемінде шағын несие беріліп 845 адамға 1 млн.637 мың теңгені құраитын қаитарусыз көмек көрсетілді.

Қордың несие алушылары арасында Меновное ауылының тұрғыны Тлеуханова Қарлығашты, Ахмер ауылының тұрғыны Құлыбек Хаусылды атап өткен жөн.

Несие алушылар өз шағын шаруа қожалықтарын дамытып аяқтарына «нық тұрды» деуге болады.

Олар өздерінің несие қаитару қабілеттерінің бар екендігін дәледеген соң қосымша тағы да несиеленуді жоспарлауда.Қор мамыр аиында бұл мәселені де шеуге даяр. Несие қаржысы қолға тисе жас төл алып, қора қопсыны кеңеитіп, көлік мәселелерін шешуші едік деиді несие алушылар.

Біз олардың, жуық арада, өз кәсіби шеберліктерінің, қажырлылықтарының және еңбексүигіштігінің арқасында алдарына қоиған мақсаттарға жетіп, аз қамтылғандар санатынан орташалар қатарына қосыларына кәміл сенеміз.

Бұлардан басқа жаңа буын, былтыр несиеленген құс өсіруші Анастасия Байрак, сүт өндіруші Заманбек Семсерхан, және өз шаруасын ашқан Валентина Яковлевна Дружининаны және тағы басқаларын да атап өткен жөн.


Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы