| «Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан аймақтық қоры Шағын несие ұйымы» Қоғамдық қоры Виртуалды қабылдау Құрметті шығысқазақстандықтар, қымбатты демеушілер! 2009 жылғы «Ізгілікті ниет» атты қайырымдылық марафонына белсенді қатысқандарыңыз үшін алығысымызды айтамыз. Қайырымдылық – ғасырлар бойы келе жатқан дәстүр. Оның негізінде адам жанының мейірімділігі, мейірбандығы, адам баласының өзге адамның қайғысына, қиындығына жәрдем ету, көмекке келу талпынысы тұр. Біздің қор облысымыздың азаматтары мейірімді, жомарт, адамгершілігі мол, көмек беруге аянбайтынын мәлімдей алады. Орындаушы директор - Сәкен Жүнісбекұлы Ғайса Сәкен Ғайса 1964 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Бестерек ауылында туған. Осы ауылда бастауыш мектептің табалдырығын аттап, онжылдықты 1981 жылы Алмасай ауылындағы Абай атындағы мектептен бітіреді. Әскери борышын 1982-1984 жылдары Ленинград қаласында өтейді.Әскерден соң Өскемен педагогикалық институына оқуға түсіп, 1989 жылы тарихшы мамандығын алып шығады. 1989-1992 жылдары орта мектеп және № 12 қалалық кәсіптік-техникалық училищесінде тарих және қазақ тілі пәндерінен сабақ береді. 1992-1993 жылдары халық депутаттарының облыстық Кеңесі аппаратында аудармашы, баспасөз-хатшысы лауазымдарын атқарады. 1993-1995 жылдары Үлбі әкімдігінде ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 1995-1996 жылдары Облыстық спорт, туризм және жастар комитетінде, жастар бөлімінің меңгерушісі, 1996-1998 жылдары Облыстық мәдениет басқармасының Тарихи мұраларды қорғау инспекциясының бастығы қызметін атқарады.1998 жылдан 2009 жылдың маусымына дейін Тұрмысы төмен азаматтарды қорғау жөніндегі аймақтық қор шағын несиелеу ұйымының менеджері қызметін атқарды. 2009 жылдың 1 шілдесінен Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан аймақтық қоры Шағын несие ұйымы Қоғамдық қорының атқарушы директоры. Телефон: 259-269 Мекен жайы: Тоқтаров көш. 101 Аймақтық қор қызметінің мақсаты мен түрлері. - Аймақтық қор шағын несие ұйымы тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдау мақссатында құрылған.
- Ерікті қайырымдық және гуманитерлық көмек түрінде түскен қаражаттарды, сондай-ақ басқа да мүлікті жинақтау;
- Тұрмысы төмен азаматтарды шағын несиелеуді жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құрылымдарымен, әкімдермен, «Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Жалпыұлттық қоры» Шағын несие ұйымымен, тұрмысы төмен азаматтарды қолдау мәселелерінде бірлесіп іс қимыл жасау;
- Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнінде қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру, оларға материалдық және қаржылық ресурстар ұсыну, қызмет көрсету;
- Қаржы жинау үшін қайырымдылық кештерін, марафондарды және басқа да іс шараларды ұйымдастыру;
Қордан несие алуға мүмкіншілігі бар жұмыссыздар категориялары. - көпбалалы отбасылар;
- 1,2,3 топтағы мүгедектер;
- толық емес көпбалалы отбасылар;
- жалғыз басты аналар;
- жетімдер.
Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан аймақтық қоры ерекше мәртебеге ие. Ол Президент Жарлығына сәйкес 1997 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР Үкімет қаулысымен құрылды. Оның басты мақсаты – тұрмысы төмен азаматтарға микрокредит арқылы қолдау көрсету, кедейшілікті жою арқылы жергілікті бағдарламаларды іске асыру. Несиелер, көбінесе мал асырауға, көкөністер өсіруге, аяқ-киім жөндеуге, төсек-орын жабдықтарын тігуге, жиһаз жасау және ұлттық өнімдерді жасау үшін де алынуда. Қордың келесі заемшыларын атап өтуге болады: Боданбаев Серик Тарбағатай ауданы – мал шаруашылығы; Супрунова Ирина Ұлан ауданы – мал шаруашылығы;Калымов Бакытбек Өскемен қ. – аяқ-киім жөндеу; Усманова Махаббат Үржар ауданы – ұлттық дәмхана; Кусаинова Перизат Зайсан ауданы – көкөністер өсіру; Даулетбаев Жаксыбек Өскемен қ. – бас киім тігу; Русшанов Ерик Күршім ауданы – аяқ-киім жөндеу; Хуатай Сәбит Семей қ. – жиһаз және ұлттық өнімдер жасау. Қор өзінің қажеттілігін, 12 жылдық игі істерімен дәлелдеп отыр. Қордың жұмысы бойынша есеп. Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан аймақтық қоры облыста 12 жыл жұмыс атқаруда. Осы жылдар бойы қор 92 млн. теңге көлемінде несие беріп, 3340 жұмыс орындарын ашып, 177 млн. теңгеден арта қаржылай көмек көрсетті. Қор жылдың басынан аудан және ауыл әкімдерінің ұсынысымен сомасы 12 млн. 350 теңгені құрайтын 123 шағын несие берді. Несие кепіл негізінде бірінші кезекте 5 %-бен, мөлшері 100 мың теңге 12-18 айға, екінші кезекте 7%-бен 150 мың теңге көлемінде 18-24 ай мерзімге беріледі. Бұрын берілген несиелер бойынша қарыздар қайтару – 92% құрайды. Қазіргі талап бойынша әр несие алушының жұмыс істейтін кепілі болуға тиіс.Жалпы қор несие қайтару мәселесін қатты қадағалауда. Мысалы қаңтардан мамыр айына шекті айлық несие қайтару мөлшері 235 мың теңгеден 431 мың теңгеге шекті болса, маусымда 500 мың қайтарылды, шілдеде 800 мың теңге, ал тамыз айында 1 млн. 200 мың теңге қайтарылды. Несиені уақтылы қайтарудан жалтарғандарды қор сот арқылы тәртіпке шақырып жөнге салуда. Мысалы былтырғы жылы 1 млн. 500 мың теңге көлемінде қарыз жиналып қалды, қор бірнеше адамды сотқа бергеннен соң жағдай қайтадан жақсарды. Жалпы несие қайтару мәселесінде Глубокое, Зырян, Катон-Қарағай аудандары басқаларға үлгі бола алады. 2009 жылдың мамыр мен маусым айларында аймақтық қор және Мәскеу қаласындағы Халықаралық қоғамдық қайырымдылық «Благовест» ұйымы бірлесе отырып, Шығыс-Қазақстан балаларына, 20 жетім және тұрмыс жағдайлары төмен отбасыларынан шыққан балалар Ресейдегі Бүкілресейлік «Орленок» денсаулық сақтау орталығында демалып, денсаулықтарын жөндеді. Бұл шара аймақтық қор мен Халықаралық қоғамдық қайырымдылық «Благовест» ұйымы арасындағы келісім шарт арқылы жүзеге асырылады. Мақсаты: әлуметтік көмексіз қалған шығысқазақстан балаларын сауықтыру. |