Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң ресми сайты
Aйдарларының тiзбесi
Жаналықтарға жазылу
 
RSS форматындағы жаңалықтар
Іздеу  
Kazakhstan Financial Market
 
ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ
 

Бос орындар жәрмеңкесі

Вакансии Глубоковского района

 

«Жұмыс іздеп жүрмін» атты облыстық бос орындар жәрмеңкесі

«Жол картасы» шеңберінде облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылғы 10 маусымда барлық қалалар мен аудандарда «Жұмыс іздеп жүрмін» атты облыстық бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Өңірлік жәрмеңкелерге 7502 бос орын ұсынған 462 кәсіпорындар мен ұйымдар қатысты, 3488 адам жұмысқа жолдама алды, оның 253 - әлеуметтік жұмыс орындарына, 194 – жастар іс-тәжірибесіне жіберілді, 350 шығысқазақстандық жаңа кәсіп алуға бас бұрды.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу

Бос орындар жәрмеңкесін, оның ішінде шағын жәрмеңкелерді өткізу – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жұмыс берушілермен және мамандар мен бос жұмыс орындарды іздеуде жұмыспен қамту қызметіне өтініш жасаған азаматтармен жұмыс істеудің ажырамас нысаны.

Бос орындар шағын жәрмеңкелерін өткізуде мамандарды іріктеу үшін жұмыс берушілер «Аист» электронды дерекқорын пайдаланады.

Бос орындар жәрмеңкелерін өткізу нәтижесінде 4214 адам консультация алды, 345 – төлемді қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 75 – оқуға жіберілді, 122 - әлеуметтік жұмыс орындарға жіберілді, 27 – «Жастар іс-тәжірибесіне» жіберілді, 1897 – тұрақты жұмыс орындарға жұмысқа орналасты. Жұмысқа орналасқандардың 727 – жас адамдар, 888 - әйелдер, 253 – елу жастан асқан адамдар, 403 – аз қамтылғандар, 16 – бас бостандығынан айыру орындардан босатылғандар, 21 – мүгедектер, 1 – оралман.

Семей жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ағымдағы жылдың басынан 106 шағын жәрмеңкелер мен 2 қалалық бос орындар жәрмеңкелерін өткізді. Жәрмеңкелер мен шағын жәрмеңкелерге 170 жұмыс берушілер қатысты.

Мынадай мамандықтар талап етілді: математика, информатика, физика, ағылышын тілі, химия оқытушылары, шаруа меңгерушісі, геодезияшылар, автогрейдер машинистері, технологтар, шеберлер, жұмысшылар, жүргізушілер, кондукторлар, киіз өндірісіне жұмысшылар, В,С,Д,Е санатындағы жүргізушілер, еңбек тану мұғалімі, автослесарьлар, ұйымдастырушылық техникаға қызмет көрсету жөніндегі техниктер, құрылыс жұмыстырының шеберлері мен жұмысшылары, күзетшілер, бағдарламашылар, жүйе техниктары, хатшы-референт, заңгер, инженер-химик және т.б.

Мәлімделген бос орындар мен бос жұмыс орындарының барлығы 421, консультация 2149 жұмыссыздар мен жұмыспен қамту қызметіне еңбек делдалдылығына өтініш берген адамдарға берілді. Оның 256 адамы есеп беру мерзімінде жұмысқа орналасты, 64 - «Роза» ЖШС, «КРАФТ» ЖШС, «КазРуно» АҚ және «Үсен», «Виктория», Приречное» шаруа қожалықтарындағы, «КСЖБ-3» ЖШС, «Цементник» КСК, «Риммет» ЖШС әлеуметтік жұмыс орындарға ресімделді.

«Жасыл ел» қоғамдық бірлестігіне жастар ерекше назарларын аударды. Ондағы жұмысқа 30 жас жұмыссыз жазылды.

Ағымдағы жылғы 12 мамырда Шәкәрім атындағы Университетпен бірлесіп қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті. Оған 25 жұмыс беруші және Университет түлектері санынан 137 бос орындар іздеушілері қатысты.

Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 8.06.2006 жылы қызмет көрсету саласы, сауда, құрылыс және өндіріс кәсіпорындары үшін бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Жұмыс берушілерден өтінімдер 3 мыңнан астам болды, әсіресе құрылыс саласында (825 бос орындар). Жәрмеңке жұмыссыз азаматтар мен жұмыспен қамтылмаған тұрғындардың барлық санаттары үшін ұйымдыстырылды: отбасында бір де бір жұмыс істейтін мүшесі жоқ аз қамтылған отбасылары үшін, бас бостандығынан айыру орындардан босатылған адамдар үшін, сондай-ақ жазғы демалыс уақытындағы түрлі оқу орындарының түлектері, студенттер, 16 жасқа толған мектеп оқушылары үшін. Бос орындар жәрмеңкесін өткізу нәтижесі болып 190 адамның жұмысқа орналасуы табылды, оның ішінде жазғы мерзімдегі студенттер – 55, 16 жасқа толған мектеп оқушылары – 25. Жәрмеңке өткізу мерзімінде Қазақстан Республикасы бойынша бос орындар туралы толық ақпарат берілді. Бос орындар жәрмеңкесінеде өздерінің жарнамалық жобаларын, жұмыссыз азаматтарға көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттармен стендтерін барлық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері ұсынды. Қала кәсіпорындары «Әділ» АҚ, «Земстрой» ЖШС, «Юко» ЖШС, «Спецстройремонт» ЖШС, «Бетон» ЖШС, «Металлург» паркі, «Аэропорт» АҚ, «Титан» фирмасы, «Өскемен» қонақ үйі, «Лик» фирмасы жазғы мерзімінде мамандарды және жас жұмысшыларды іріктеп алуға жақсы мүмкіндік тұғызды. Осы маңызды іс-шара жұмыс берушілерге керекті кадрларды табуға мүмкіндік берді, ал жұмыссыз азаматтарға жұмыс іздеуді едәуір жеңілдетті. Бос орындар жәрмеңкелерін өткізудің жастар мен оқу орындары түлектері үшін ерекше маңызы бар, жастарға еңбек нарығында бейімделуге және мамндығы бойынша немесе кез-келген лайықты жұмысты табуға көмектеседі

Облыста Шығыс Қазақстан облысының 2005-2007 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту бағдарламасы әзірленді

 

 
Өскемен қ.
Семей қ.
Риддер қ.
Курчатов қ.
Абай ауданы
Аягөз ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы
Көкпекті ауданы
Күршім ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Шемонаиха ауданы
 

ШҚО әкімі сайтындағы барлық анықтама ақпараттар сіздің ұялы телефоныңызда - wap.akimvko.gov.kz

 
Copyright © 2005-2010

Барлық құқығы қорғалған. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің www.akimvko.gov.kz сайтынан материалдарды толық немесе жартылай пайдалану тек сайттың ресми иесінің келісімімен ғана рұқсат етіледі. 

070019, Қазақстан, Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі, 40
Телефоны: 8 (7232)  24-45-61
E-mail: portal@akimvko.gov.kz
Call - центр тел. 8 (7232) 203-300