|
«Жол картасын» іске асыру жөнінде ақпарат
2009 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша облыстың 12 кәсіпорны толықтай өндірісін тоқтатты (Өскемен қ. – 6, Семей қ. – 4, Риддер қ. – 1, Шемонаиха ауданында - 1), 89 кәсіпорын толық емес жұмыс уақыты кестесіне көшті. Бұл кәсіпорындардан жыл басынан 456 жұмыс орны қысқартылды, 1866 адам өз қалауымен жұмыстан шыққан, 690 жұмысшы басқа жұмысқа (қызметке) ауыстырылды, 63 адам басқа мамандықтарға қайта оқытылды. 2009 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 2190 адам еңбекақысы сақталмайтын демалыста, 3171 адам – толық емес жұмыс уақыты кестесінде қамтылған, 287 адам - өндірістің тоқтауына байланысты уақытша бос.
Былтырғы жылмен салыстырғанда қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласушылар саны 46% өскен, 2009 жылғы 1 мамырына 10,6 мың жұмыссыз тіркелген, бұл жыл басынан 31% көп, жыл басымен салыстырғанда экономикалық белсенді тұрғындар санындағы тіркелген жұмыссыздар 0,3 пайызға өскен.
Облыс бойынша болжанған босатулар 30,1 адамды құрады; 13,7 мың адам - жұмысқа орналасуды қажет ететін оқу орындарының түлектері, 3,7 мың адам – жұмысқа қабілетті жастағы оралмандар. Қауіпсіздік аумағында барлығы 47,5 мың адам болады.
Осы болжамға сәйкес жоғары қауіпсіздік аумағында Өскемен және Семей қалалары болады. Төменгі қауіпсіздік аумағында – Абай, Аягөз, Бесқарағай, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатау аудандары.
Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі біздің облыс бойынша 32 мың 628 адамды жұмыспен қамту үшін 15 922,5 млн.теңге көлемінде қаржылай лимит айырды. Сондай-ақ, 4406 әлеуметтік жұмыс орындарын құру үшін 395,6 млн.теңге, 2466 түлектердің Жастар тәжірбиесіне – 221,9 млн теңге бөлінді.
Облыста сұраныс базасы қалыптасқан: жұмықа орналасуды қажет ететін оқу орындарының түлектері, жұмысқа қабілетті жастағы оралмандар, босатылғандар, толық емес жұмыс уақыты кестесі бойынша жұмыс істеушілер, еңбекақысы сақталмайтын демалыста жүргендер.
ЖК аясында 2009 жылғы 15 мамырдағы жағдай бойынша 652 адам қайта оқуды бастады, әлеуметтік жұмыс орындарына 365 келісім-шарт жасалды, бұлар бойынша 312 адам жұмысқа кірісті. Жастар тәжірбиесіне 274 оқу орындарының түлектері жіберілді.
87 кәсіпорын – ЖК қатысушы жұмыс орындарына 10 171 тапсырыс берді, 490 адам жұмысқа кіріскен.
Барлық қалалар мен аудандарда ЖК орындалу барысының мониторингі орталықтары құрылған, мұнда 50 адам жұмыс істейді.
Облыста ЖК объектілері бойынша 855 конкурстар жарияланған.
Қазақстан Республикасы Үкіметі «Мемлекеттік Басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264; «Жұмыспен қамту және кадрларды қайта дайындау өңірлік стратегиясын іске асыру үшін саналатын Астана және Алматы қалаларының облыстық бюджеттерін дамытуға мақсатты ағымдағы трансферттерді және мақсатты трансферттерді пайдалану Ережелерін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 сәуірдегі № 603 Қаулыларын қабылдады.
|