Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ

«Жол картасын» іске асыру жөнінде ақпарат

2009 жылғы 1 сәуірдегі жағдайы бойынша облыстың 13 кәсіпорнында өндіріс толығымен тоқтап қалды (Өскамен қ. – 7, Семей қ. – 4, Риддер қ. – 1, Шемонаиха ауданы - 1), 99 кәсіпорын толық емес жұмыс уақыты режиміне көшкен.  Бұл кәсіпорындарда жыл басынан 434 жұмыс орны қысқартылған, 1197 адам өз еркімен жұмыстан шыққан, 491 адам басқа жұмысқа (қызметке) ауыстырылған, 47 адам басқа маманықтарға қайта оқытылды. 2009 жылдың 1 сәуірдегі жағдайы бойынша 2940 адам еңбекақы төленбейтін демалыста, 3592 адам – толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыс істейді, 281 адам - өндірістің тоқтауынан уақытша бос.

Қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласу өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 29% өскен, 2009 жылғы 1 сәуірде 9432 жұмыссыз тіркелген, бұл жылдың басындағыдан 16% артық, тіркелген жұмыссыздардың экономикалық белседілік саны жыл басымен салыстырғанда  0,1 проценттік пунктке өскен. 

Болжанған  босатылу облыс бойынша 30,1 мың адамды құрады; 13,7 мың адам – жұмысқа орналасуды қажет ететін оқу орындарының түлектері; 3,7 мың адам – жұмысқа қабілетті оралмандар. Барлығы қауіпті аумағында 47,5 мың адам болады.

Осы болжамға сәйкес, жоғарғы қауіптілік аумағында Өскемен және Семей қалалары тұр. Төменгі қауіптілік аумағында – Абай, Аягөз, Бесқарағай, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай аудандары.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі біздің облысымызда 32 мың 628 адамды жұмысқа орналастыру үшін 15 922,5 млн. теңге көлемінде қаржыландыру лимитін анықтады.

Республикалық бюджеттен 12 931,3 млн. теңге және жергілікті бюджет қаражатынан жобаларды қаржыландыруға 2 991,2 млн. теңге бөлінетін болады. Сондай-ақ 4406 әлеуметтік жұмыс орнын құруға 395,6 млн. теңге бөлінді; Жастардың тәжірбиелік жұмысына 2466 түлек үшін - 221,9 млн. теңге.
Өңілер және салалар бойынша бөлу

Салалық басқармалар бойынша:

  • Білім беру – 4156 жұмыс орындарын құру үшін 1765,7 млн. теңге,
  • Денсаулық сақтау – 6584 жұмыс орындарын құру үшін 2576,2 млн. теңге,
  • Мәдениет – 1875 жұмыс орындарын құру үшін 790,9 млн. теңге,
  • Әлеуметтік қорғау - 569 жұмыс орындарын құру үшін 206,5 млн. теңге,
  • Спорт – 553 жұмыс орындарын құру үшін 124,1 млн. теңге,
  • Жолдар –  1729  жұмыс орындарын құру үшін 2161,9 млн. теңге,
  • ТҮКШ – 15138 жұмыс орындарын құру үшін 7960,6 млн.теңге;
  • Әлеуметтік жобалар – 2024 жұмыс орындарын құру үшін 336,4 млн. теңге.

2009 жылғы 9 сәуірде республикалық бюджет қабылданды.

20 сәуірге дейін инвестициялық жобалар бойынша Жол картасына іске қосылған салалық басқармалар барлық жобаларды келісіп және салалық министрліктермен жобаларды іске асыру туралы келісімге қол қою қажет.

1мамырға дейін конкурстық құжаттарға қол қойып және қажетті процедуралар өткізу қажет.
10 мамырға дейін конкурс өткізіп және Жол картасын іске асыруды бастау, 16 мамырдан бастап республикалық трансферттер жүреді.
Әлеуметтік бағдарламалар бойынша Жол картасының бағытын іске асыратын бағдарламаның әкімшілері экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, орындарда – қала (аудан) экономика бөлімі  болады; денсаулық сақтау бойынша - денсаулық сақтау басқармасы; басқа да салалар салалық басқармалары – қалалар (аудандар) салалық бөлімдері – ауыл әкімінің аппараты.

Республикалық бюджеттен бастапқы қаржыландыру 2009 жылғы 16 мамырдан бастап жалпы қаржыландыру деңгейінен 30% мөлшерінде, осыған байланысты, 10 мамырға дейін конкурстар аяқталу керек, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына өзгеріс енуіне байланысты конкурс өткізу мерзімі 10 күнге қысқарды.

Жол картасы аясында жұмыс істеу үшін қажет материалдарды жергілікті тауарөндірушілерден сатып алынатынын ескеру керек. Әкімдерге қазірден бастап Жол картасы жобасы бойынша жұмыс деңгейін және материалдар тізбесін әзірлеу қажет.

Конкурсты өткізудің міндетті шарты жергілікті жұмыспен қамту органдарымен берілетін кандидаттар санынан 80% жұмысшы жалдау болып келеді.
Осыған байланысты қалалар мен аудандар әкімдері босатылған, жартылай жұмыспен қамтылған, мектеп, лицей, колледж, ЖОО түлектері және жұмысқа орналасуды қажет ететін оралмандар жөнінде толық ақпаратпен қамтамасыз ету қажет (осы базаны құру туралы тапсырманы облыс әкімімен 2009 жылғы 4 наурызда берілген).

Кідірместен Жол картасы жұмысына қатысушыларды қайта оқытуды қамтамасыз етілу қажет. 2009 жылғы 6 сәуірден бастап оқыту үшін топ құру бойынша жұмыстар басталды, 20 сәуірге дейін бірінші топ оқуды бастау керек.

Жол картасын тіске асырудың екінші шарты: жергілікті бюджеттен 30% дейін бірінші қатардағы жобаларды қаржыландыру, қалған қаражат келісімде қарастырылған салалық министрліктермен және облыс әкімімен қол қойылған шарттарға бағытталады.

Қалалар мен аудандарда Жол картасының сұранысы мен ұсынысын сүйемелдейтін электрондық база құру қажет. «Сұраныс» - кәсіпорындар мен ұйымдарда босатылған жұмысшылар, толық емес жұмыс уақытында және еңбекақы төленбейтін демалыстағы, жалпы білім беру орта мектептерінің, лицей, колледж, ЖОО түлектері базасы тұспаланатын болады.

«Ұсыныстар» - кәсіпорындар мен ұйымдар ұсынған вакансиялар, ақы төленетін қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастардың тәрбие жұмысы және Жол картасы аясында жұмыс орныдарын құру.

Бізбен Жол картасының мониторингі әзірленді.
Мониторинг мәліметтерді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне және саласық бөлімдерге тапсыратын, ал олар мәліметтерді сәйкес облыстық басқармаларға бағыттайтын барлық жеке меншік кәсіпорындар мен ұйымдардан басталады. Мониторингке жастар және жеке еңбек биржасы, кәсіподақтар қатыса алады, бұлар сондай-ақ мәліметтерді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырады.

Қалалар мен аудандар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, салалық басқармалар мәліметтерді  күнделікті Жол картасын іске асыру координаторымен белгіленген жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тапсыратын болады. Халықтың жұмысқа орналасу және қабылданып жатқан әлеуметтік қолдау шаралар туралы мәліметпен ақпараттану деңгейін көтеру үшін ерекше назарды көзбен көру және есту бұқаралық ақпараттық құралдарына аудару, қазіргі заман ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы