Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ

Зейнетақылар және жәрдемақылар

Ядролық сынақтар зардабынан зардап шеккен азаматтарға бір жолғы ақшалай өтем ақы төлеу

Әлеуметтік қамтамасыз ету

"Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 Қаулысымен бекітілген баласы бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау және төлеу ережелеріне сәйкес балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш берушi тұрғылықты жерi бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға мынадай құжаттармен өтiнiш жасайды:

      1) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш;
      2) баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
      3) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      4) отбасының тұрғылықты жерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
      5) отбасының құрамы туралы мәлiметтер;
      6) отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтер.

Бұл жәрдемақы түрлері жергілікті бюджет қаражатынан төленеді.

Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны және 1 жасқа дейін бала күтiмi жөніндегi жәрдемақыны тағайындау үшiн балаға тағайындалған жәрдемақы тағайындау үшін өтiнiш берушi тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi ұйымға (Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы (МЗТО)) мынадай құжаттармен өтiнiш жасайды:

1) бала туғанда берілетін жәрдемақыны және (немесе) бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш;
      2) баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
      3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      4) отбасының тұратын жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) отбасы құрамы туралы мәліметтер

Бұл жәрдемақы түрлері республикалық бюджет қаражатынан төленеді.

"Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсан № 1685қаулысымен бекітілген мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу ережелеріне сәйкес, атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындату үшiн өтiнiш иесi өз атынан немесе отбасының атынан тұрғылықты жерiндегi уәкiлеттi органға немесе ол болмаған ретте кент, ауыл (село) әкiмiне барып, белгiленген үлгiдегi өтiнiш және басқа да құжаттар бланкiлерiн тегiн алады.

Құжаттарды өтiнiш берушінің өзi толтырады және жеке басының куәлiгi мен әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) берiлгендiгi туралы куәлiгiн көрсете отырып, оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл (село) әкiмiне тапсырады.

1. адрестік әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш
2. өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәлімет
3. өтініш берушінің отбасының табысы туралы мәлімет
4. жеке қосалқы шаруашылықтың болу туралы мәлімет

Заңнама

Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 126 Заңы (РК 05.04.99 ж. N 366-1; 16.11.99 ж. N 482-1; 21.03.02 ж. N 308-II; 09.01.03 ж. N 382-II Заңдарымен енгізілген өзгерістермен)

 

 

 

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы