Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ
 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде облыста әлеуметтік қорғалмаған халық қабатын қолдауға бағытталған іс-шаралар кешені өткізілді. Ағымдағы жылы 120 мың шығысқазақстандықтар барлық әлеуметтік қолдаудың қолжетімді түрлерін жалпы сомасы 1,3 млрд.теңгеге алды, бұл 2010 жылға қарағанда 22,3%-ға көп. Барлық меншік түріндегі кәсіпорындар және ұйымдар 67,5 мың аз қамтылған азаматтарға 148,0 млн.теңгеге қайырымдылық  көмек көрсетті. Облыста 01.12.2011 жылы 16349 мың жұмыс орындар құрылды. 253 аз қамтылған ауыл тұрғындарына отын-көмір алуға және жеткізіп беруге көмек көрсетіліп, 634 адам азық-түлік және дәрі-дәрімек алды. Бородулиха ауданының тұрғыны жетім-мүгедек  В. Журавлевке жаңа тұрғын үй алуға көмек ретінде 120 мың.теңге және Ұлан ауданының аз қамтылған тұрғыны   Е. Есбұлатовқа 225 мың.теңге , Шемонаиха ауданындағы «Арман» ШҚ-ның қаражат есебінен жас мұғалімдерге екі бөлмелі пәтер берілді.

Тек «20 жұлдызды күндер» қайырымдылық акциясы аясында 2,5 мыңнан астам азаматтарға 8,2 млн.теңгеге көмек көрсетілді. Ағымдағы жылы аз қамтылған азаматтарды қолдау бойынша облыстық қор 1500 азаматқа 5,7 млн.теңгеге материалдық көмек көрсетіп,  30 млн.теңгеге 265 шағын несие берді.

Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру шеңберінде белсенді түрлермен 37 мыңнан астам адам қамтылды 21,5 мың адам – жұмысқа орналасты, 12,2 мың адам – ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысты, кәсіби даярлық пен қайта даярлыққа 2,2 мың адам жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарына 0,72 мың адам, Жастар іс-тәжірибесіне 0,9 мың адам қатысты).

17,7 мың жаңа жұмыс орындары құрылды.
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын орындау шеңберінде 590 адам 1209,0 млн.теңге сомаға шағын несие алды, 6492 адам кәсіби даярлыққа, қайта даярлыққа және біліктілік арттыруға жіберілді, оның 3460 – оқуын аяқтады және 2207 – жұмысқа орналасты.

Облыстың қалалары мен аудандарында 2011 жылы барлығы 293 бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері мен шағын жәрмеңкелері өткізілді, онда 4299 кәсіпорындар мен 1437 жұмыс іздеп жүрген азамат қатысты.
Бос орындар жәрмеңкесін өткізу нәтижесінде 2509 адам консультациялар алды, 1437 – жұмысқа орналасты, оның 507 – жастар, 398 - әйелдер, 135 – аз қамтылғандар, 106 – жасы 50 жоғары адамдар.
Жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар саны 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 4,6 мың адамды құрады, бұл 2010 жылдың басына қарағанда 12,9% төмен, тиісінше экономикалық белсенді тұрғындар санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,1 пайыздық пунктке төмендеп, 0,6% құрады.

2011 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 20460 алушыға 473,4 млн.теңге сомаға тағайындалды.
Тұрғын үй көмегі 14313 отбасына 200,8 млн.теңге сомаға тағайындалды. Өткен жыл бойы тұрғын үй көмегін алатын отбасылары саны 16,8% төмендеді.
Аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға берілетін жәрдемақы 18,1 мың отбасына тағайындалды. Төлем сомасы 586,8 млн.теңге құрады. 


Мұрағат

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері Әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жұмыстарын белсенді жүргізуде.

 

+ 2011
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2009
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 2009
+ 2008
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2007
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2006
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 2006
+ 2005
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл

Тақырып бойынша ақпараттық хабарлама: