|
«Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы» MM.
Виртуалды қабылдау
Есептер мұрағаты
Сайт: www.dmpvko.gov.kz
БАСШЫ ТУРАЛЫ
Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы - Александр Васильевич Каширин.
Александр Васильевич Каширин 1948 жылы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ кенішінде дүниеге келген.
1975 жылы Құрылыс-жол институтын хабарлау жолдары инженері мамандығы бойынша тамамдаған.
Еңбек қызметі:
Александр Васильевич Каширин қаланың коммуналдық шаруашылығы саласында 40 жылдай еңбек еткен, соның ішінде 26 жыл – мемлекеттік басқарма органдарында.
- 1965 жылдан 1967 жыл аралығында Асубұлақ кенішінде және Белогор таукен байыту комбинатында жұмысшы, лаборант, электр дәнекерлеуші болып жұмыс істеді.
- 1975 жылдан 1982 жыл аралығында ДЭУ, «Қала құрылысы» басқармасында прораб және шебер болып жұмыс істеді.
- 1982 жылдан 1989 жыл аралығында қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас инженері.
- 1989 жылдан 1997 жыл аралығында көріктендіру және коммуналдық шаруашылық бірлестігінің бас инженері
- 1992 жылдан 1994 жыл аралығында Өскемен қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары
- 1997 жылдан 2005 жыл аралығында Өскемен қаласының ТҮКШ және көріктендіру департаментінің бастығы
- 2006 жылдан 2008 жыл аралығында «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бастығының орынбасары
- 2008 жылдан 2009 жыл аралығында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары.
Бүгінгі күні «Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы» ММ бастығы.
Марапаттары, мадақтамалары:
- Бірнеше рет мәслихаттың, ШҚО әкімі мен Өскемен қаласы әкімінің алғыс хаттарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.
- 2008 жыл – медаль, Астанының 10 жылдығы
Бастықтың лауазымдық міндеттері:
Басқарма бастығы заңнамамен белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шегінде:
1) өзінің орынбасарының және басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
2) заңнамаға сәйкес басқармаға қызметкерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
3) басқарма қызметкерлерін мадақтайды және тәртіптік жазаға тартады;
4) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрық және нұсқау түрінде актілер шығарады, басқарма актілеріне қол қояды;
5) басқарманың құрылымдық бөлімшелері ережесін бекітеді;
6) басқарманы мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының басқа ұйымдарына таныстырады;
7) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттілікті жүзеге асырады.
Басқарманың қызметтік бағыттары:
«Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Басқарма) өз құзіреті және өкілеттілігі шегінде Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық шекарасында жұмылдыру дайындығын және жұмылдырудың аумақтық қорғанысы, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын жергілікті орган болып табылады.
облыста аумақтық қорғаныс іс-шараларын өткізу және жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарымен бірлесе жұмылдыру, жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар жоспарын орындау үшін экономиканы дайындау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және келісуге қатысу;
- халық және шаруашылықпен айналысатын объектілерді қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен қауіп-қатердің қазіргі заманғы құралдарын қолдану барысында шығынды төмендету мүддесінде аумақ пен объектіні уақытында дайындау;
- материалдық құралдарды сақтауды қамтамасыз ету;
- меншік түріне және ведомствалық жабдық түріне қарамастан материалды-техникалық қорларды, ұйымның көлік құралдарын жұмылдыру жөніндегі шараларды, жедел медициналық көмек пен авариялық-құтқару қызметінің құралдарын, күштерін қаржыландыру. Материалды-техникалық, медициналық және басқа ресурстар қорларын құру. Облыстың авариялық-құтқару құрылымдарын жабдықтау. Азаматтық қорғаныстың басқару жүйесін, халықты табиғи апаттың қатері мен туындауы, ірі авариялар мен апаттар жайында құлақтандыру жүйесін дайындықтың жоғары деңгейінде ұстау, төтенше жағдай кезінде тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің беріктілігін жоғарлату. Төтенше және авариялық жағдайда тау-кен құтқару және басқа да құтқару жұмыстарын жүргізу, халыққа медициналық көмек көрсету, өрттен, су басудан және басқа табиғи апаттардан қорғау;
- авариялық-құтқару, орманды-авияциялық, авияциялы-химиялық, көліктік-байланыс, ауа түсірімдік, құрылыстық-баптау, түсіру-тиеу, халыққа медициналық көмек көрсету және санитарлық шаралар өткізу, эксперименталды және ғылыми-зерттеу жұмыстары сияқты авияциялық жұмыстарды орындау мақсатында әуе күштерін дайындықтың жоғары деңгейінде қамтамасыз ету үшін оларды жазғы жарамдылықта күтіп-ұстау;
- облыс халқын судағы төтенше жағдайдан қорғауды қамтамасыз ету, судағы төтенше жағдай кезінде іздеу-құтқару және көшіру жұмыстарын жүзеге асыру.
Тиісті мәселелер бойынша Басқарма жұмысы «Мемлекеттік құпия туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және мемлекеттік құпияны сақтау саласындағы басқа да нормативтік актілерге сәйкес құпия режімін сақтаумен жүзеге асырылады.
Басқарманың мекенжайы: ШҚО, Өскемен қаласы, Пермитина к-сі 23
Телефон: 28-00-56 (қабылдау бөлмесі)
Азаматтарды қабылдау уақыты: апта сайын бейсенбі күндері сағат 15-00-ден 18-00-ге дейін
Электрондық мекенжайы: gochsvko@mail.ru
|