| Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы Виртуалды қабылдау Сайт: www.culturevko.gov.kz Тойкенов Махмұт Шәкеремұлы - Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бастығы. 1963 жылғы 1 маусымда Семей облысы Мақаншы ауданының Бақты ауылында дүниеге келген, ұлты – қазақ. 1991 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын концерт әншісі, ұстаз мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын музыка театрының режиссері болып тәмамдаған. Өнер және мәдениет саласындағы ұстаздық тәжірибесі мол. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. 2000-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет орталығы директорының орынбасары. 2003-2009 жылдары – К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры директорының орынбасары. 2009 жылғы 1 маусымда Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бастығы болып тағайындалды. Мәдениет басқармасының жұмысына жалпы басшылық жасайды. Басқарма жұмысын жоспарлайды. Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар алдында мәдениет басқармасының мүддесін қорғайды, атқарушы және өкілетті органдардың алқалық жұмыстарына қатысады. Мамандармен жұмыс барысын бақылау, олардың кәсіби білімін көтеруін қадағалайды. Облыстағы мәдениет және өнер кәсіпорындарының, облыстық мекемелердің бірінші басшыларын жұмысқа қабылдайды және босатады. Азаматтардан келіп түскен арыздар, шағымдар, ұсыныстарды қарау, Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметтің және Қазақстан Республикасы Парламентінің жарлықтары, қаулылары, облыстық әкімдіктің, облыс әкімінің, облыс мәслихатының қаулылары мен шешімдерін, басқа да жоғарғы органдардың бұйрықтарын орындау жөніндегі жұмысқа бақылауды жүзеге асырады. Мәдениет және өнер мекемелерінде мемлекеттік тәртіптің сақталуы мен мемлекеттік жоспардың орындалуын қамтамасыз етеді. Мәдениет және өнер мекемелерінің қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асырады, басқарма қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешуді қаматамасыз етеді. Облыстық мәдениет және өнер мекемелерінің, мәдениет басқармасының штаттық кестесін бекітеді. Мәдениет басқармасының алқа отырысының төрағасы болады. Басқарма қызметкерлерін, облыстық мәдениет және өнер мекемелерінің директорларын аттестатау жөніндегі, мәдениет басқармасы аппаратындағы лауазымды бос орынға жарияланған конкурсты өткізу бойынша басқарма комиссиясының төрағасы болады. Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңдарының негізінде және оларды орындау үшін бұйрықтар шығарады, жоғары органдардың нұсқаулары мен бұйрықтарын орындайды. Мәдениет басқармасының аппарат қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін анықтайды. Қабылдау уақыты: әр айдың 3-ші бейсенбісі 14.00-ден 16.00-ге дейін 8(7232)26-15-53 телефоны бойынша азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді. Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы облыстың мемлекеттік мәдениет және өнер мекемелерінің қызметіне басшылық жасайды және облыстағы мәдениет пен өнердің дамуы мен хал-ахуалына жауапкершілікте болады.Облыстық мәдениет басқармасы елдің мәдениет деңгейін көтеру, олардың рухани қажеттіліктерін толық қанағаттандыруда, олардың көркемдік және эстетикалық тәрбиесі үшін рухани және мәдени құндылықтарды кеңінен пайдалануды және олардың қорғалуын қамтамасыз етуді өзінің миссиясы деп санайды.Мәдениет басқармасының мақсаты мен міндеттері:-театралдық, музыкалық және басқа да өнерді, халық шығармашылығын, көркемөнерпаздар ұжымдарын, кітапхана және мұражай ісін дамыту;-мәдениет және өнер ескерткіштерін пайдалану және қорғау;-меншіктің қай түріне жататынына қарамастан мәдениет және өнер мекемелерінің, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық одақтардың елге мәдени қызмет көрсету және демалуларына жағдай жасау мәселелері бойынша қызметін реттеу;-мәдениет және өнер мекемелерін жоғары кәсіптік, мамандандырылған кадрлармен толықтыру;-мәдениет және өнер мекемелерінің материалдық-техникалық базасын және қаржы жағдайын нығайту;Мәдениет пен өнердің адам өмірінде ерекше орын алатындығына байланысты ШҚО мәдениет басқармасы мәдениетке адамдар тек қана көңіл көтеру құралының бір түрі депқарауына жол бермейді және оның қоғамда алар орнының ерекше болуы үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. мәдениет пен өнерді дамыту – мәдениет басқармасы үшін басты бағыт болуының қарапайы себебі - ол өркениеттіліктің негізі және әр адам мәдениетті өзінің өмірінен бөліп қарамауға үйренуі керек, ал мәдениет пен өнер мекемлеері оларды осыған үйретуге тиіс. Облыстағы мәдениет пен өнер мекемелері өзінің өмірлік қағидалары деп мынаны санайды: - елді мәдени-ағарту;
- білім пен ақпаратты тарату;
- адамның рухани қажеттілігін қанағаттандыру;
- елді көркемдік білімге және эстетикалық білімге тәрбиелеу;
- ұлттар мен мәдениеттер арасындағы өзаратүсіністікті нығайту;
- әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени негізгі міндеттерді шешуге ықпал ету, Қазақстан мен облысымыздың гүлденуін қамтамасыз ету;
Мәдениет пен өнер мемлекеттік мекемелерінің түпкі мақсаты – коммерциялық табыс табу емес, тұтынушыларын рухани байыту. Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Киров көшесі, 35 1953 жылы 03 шілдеде Шығыс Қазақстан облыстық еңбекшілердің депутаттар Кеңесінің атқару комитетінің №374 шешімімен құрылды. 1. Жалпы ережелер 1.“Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы” мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – мәдениет басқармасы) облыстық бюджеттен қаржыланатын, мәдениет және өнер саласын жергілікті мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асыруға өкілетті атқарушы орган болып табылады. 2.Мемлекетатынан мәдениет басқармасын құру туралы шешімқабылдаушы облыс әкімі мәдениет басқармасының құрылтайшысы болып табылады. 3. Басқарманың қазақ тіліндегі атауы: “Шығыс Қазақстан облысыныңмәдениет басқармасы” мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде: Государственное учреждение “Управление культуры Восточно-Казахстанской области”.4.мәдениет басқармасы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тіл де атауы жазылған өзінің мөрі мен бұрыштамасы, белгіленген үлгіде бланктері, банкте есеп шоты, жеке балансы болады.Мәдениет басқармасы азаматтық-құқықтық қатынастарды жеке өз атынан жасайды.5.Бөлімшесі болып табылатын басқарманың орталықтандырылғанбухгалтериясы болады. Мәдениет басқармасының құрылымы мен аппаратының штаттық санын облыс әкімі бекітеді.6.Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы” мемлекеттікмекемесінің заңды мекне-жайы: 492000, Шығыс Қазақстан облысы, өскемен қаласы,Киров көшесі, 35. |