Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

Денсаулық сақтау басқармасы

 Заңнама
Виртуалды қабылдау
Есептер мұрағаты
Сайт: www.densaulik.gov.kz

Масалимов Ерлан Тоқтарұлы, қазақ, 1965 жылы 27 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында қызметкерлер отбасында туған. 1983 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Семей мемлекеттік медициналық институтының емдеу ісі факультетіне оқуға түседі.

Өзінің қызмет өтілін Семей медициналық институтының студенті болғанда-ақ бастаған. 1988 жылы қыркүйекте Семей қаласындағы жедел медициналық көмек станциясының фельшері болып жұмыс істеді. Семей медициналық институтындағы барлық оқу жылдарында студенттік құрылыс отряды құрамында, соның ішінде отряд командирі болып іссапарларға шығып отырды. 1990 жылғы тамыздан бастап 1991 жылғы шілдеге дейін Семей қаласындағы облыстық клиникалық ауруханада мамандандырудан өтті. Мамандандырудан өткеннен кейін бөлу бойынша Мақаншы ауданына жолданып, Бахты ауылдық учаскелік ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалды. 1995 жылы Мақаншы аудандық орталық ауруханасының директоры болып тағайындалған. 1997 жылы аудандардың қайта ұйымдастырылуына байланысты Мақаншы ауруханасының бас дәрігері болып ауыстырылды. 1997 жылы Мақаншы аудандық мәслихатының Бахты сайлау округі бойынша депутаты болып сайланды. 1998 жылғы қарашада Жарма аудандық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс атқарды. 1999 жылғы қазанда аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 2000 жылғы қарашада Өскемен қаласының денсаулық сақтау басқармасының бастығы болып тағайындалған.
2005 жылғы тамызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің емдеу алдын алу жұмысы департаментінің медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру басқармасының бастығы лауазымына қабылданған. 2008-2009 жылдары Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментінің лицензиялау және лицензиядан кейінгі бақылау бөлімінің бастығы лауазымына қабылданды. 2009 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры лауазымына тағайындалған. 2010 жылғы 17 қарашадан бастап облыс әкімінің өкімімен Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы лауазымына тағайындалған.

Денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру жөніндегі жоғары санаты бар, медицина ғылымдарының кандидаты, денсаулық сақтау ісінің үздігі. 11 астам ғылыми еңбектері бар.

Бос уақытында спортпен шұғылданады, волейбол командасының капитаны.

Үйленген, үш баланы тәрбиелеуде.

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы