|
«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасы» ММ
Заңнама
Есептер мұрағаты
Виртуалды қабылдау
Лауазымдық міндеттер
Шығыс-Қазақстан облысында бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болып табылады. Төменде аталағандардың сапасына бақылау жасайды:
- қаржыландыру көздеріне байланыссыз тапсырысшы бекіткен жобалар бойынша салынып жатқан обьектілерді (яғни орталық уәкілетті органдар бекіткен жобалар бойынша құрылыстардан басқа) испекциялау жолымен Шығыс Қазақстан облысына қарасты аумақтағы құрылыстың;
- тұрғын үй-азаматтық бағыттағы ғимараттар мен құрылғыларды қайта жоспарлау, қайта жабдықтау немесе қайта кескіндеу бойынша құрылыс-монтаждық жұмыстарының;
- құрылыста қолданылатын үй салу материалдары, бұйымдары, құрылымдары, құрал-жабдықтары және заттарының;
- обьектілерді салу, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу сапасына, сондай-ақ құрылысы аяқталған тұрғын үй-азаматтық бағыттағы обьектілерді пайдалануға қабылдау ережесін сақтауға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таңдаулы бақылау жасауды жүзеге асыру.
Басқарманың жұмыстарын ұйымдастырады және жалпы басшылықты жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарманы заң күшіне сәйкес таныстырады. Өзінің орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттемелерін және жауапкершілік дәрежесін анықтайды. Облыс әкімі бекіткен лауазымдар номенклатурасына сәйкес басқарма қызметкерлерін жұмысқа тағайындайды және жұмыстан босатады. Басқарма қызметкерлерін мадақтайды және тәртіптік жазаға тартады. Өз құзыреті шегінде қызметкерлер міндетті түрде орындау үшін бұйрықтар, өкімдер шығарады. Бөлімдер туралы ережелерді және басқарма бөлімдерінің жұмыс жоспарын бекітеді. Хаттармен, өтініштермен және азаматтардың ауызша жолдауларымен жұмыс істеу тәртібін анықтайды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Президентінің актілерінің, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерінің орындалуына бақылау жасайды.
Басқарма іс-әрекетінің негізгі бағыттары:
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 481 қаулысын орындау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасы Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау департаменті болып өзгертілді. Департаментте үш бөлім бар: әкімшілік, сәулет-құрылысты бақылау және инспекторлық бөлім және лицензиялау бөлімі.
Департаменттің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
- облыс аумағында жүзеге асырылатын сәулет-құрылысты бақылау жүйесіне кіретін мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру, орталық (республикалық) уәкілетті органмен өзара іс-әрекет жасау;
- өңірлерде және жалпы облыс бойынша құрылыс өнімдері сапасының нақты жағдайына талдау жасау;
- төмендегі жұмыс сапасына бақылау жасау:
- қаржыландыру көздеріне қарамастан, тапсырыс берушінің бекіикен жобалары бойынша ведомстваға қарасты аумақта салынып жатқан объектілер құрылысының;
- сейсмикалық қауіпті аудандарда тұрғын-үй азаматтық маңыздағы ғимараттар мен қондырғыларды қайта жобалау, қайта жабдықтау немесе бейінін қайта өзгерту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының;
- құрылыста пайдаланатын материалдардың, заттардың, құрастырмалардың және қондырғылардың;
- ведомстваға қарасты аумақтағы құрылыстың жүргізілуіне және сапасына бақылау жасауды жүзеге асырудың;
Мына қызмет түрлеріне лицензия береді:
- ведомстваға қарасты аумақта сертификатталмаған құрылыс материалдары мен қондырғыларды шығару;
- құрылыс-монтаж жұмыстарын, жобалау жұмыстарын, іздестіру жұмыстарын орындауға;
- лицензиаттардың Берген құжаттарына (материалдарына) техникалық аудит жүргізу бойынша сараптау жұмыстарын жүргізу;
- жобалау-сметалық құжаттар жасау;
- құрылыс процессіне технологиялық сүйемелдеу жүргізу;
- ғимараттар мен құрылыстарды зерттеу және сенімділігі мен беріктілігін бағалау
|