Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ

  Виртуалды қабылдау

Басшы туралы

Құрманғалиев Айтмұханбет Алмадиевич – Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы.
Құрманғалиев А.А. 1947 жылы 22 қазанында Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Қабырға ауылында дүниеге келді.
1970 жылы Алматы халық шаруашылық институтынын бітірді.

Еңбек  жолдары
05.08.1970 - 11.11.1970 -  Бақылаушы-тексеруші, Қазақ КСР Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша бақылаушы-тексеруші басқармасы;
11.11.1970 - 22.11.1971 – Совет Армиясы қатарында қызмет, Қиыршығыс ӘӘК әскери округі, 65273 ә/б;
21.12.1971 – 02.02.1976 – Бас бақылаушы-тексеруші, Қазақ КСР Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша бақылаушы-тексеруші басқармасы;
03.02.1976 – 19.07.1979 – Ұйымдастырушылық-нннннұсқаушылық бөлімі бастығы, Қазақ КСР Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша бақылаушы-тексеруші басқармасы;
20.07.1979 – 13.12.1988 – бюджет бөлімінің бастығы – меңгеруші орынбасары, Шығыс Қазақстан облыстық қаржы бөлімі;
14.12.1988 – 15.03.1990 - бюджет бөлімінің бастығы – бастық орынбасары, Шығыс Қазақстан облыстық қаржы бөлімі;
26.03.1990 – 18.03.1992 – Шығыс Қазақстан облыстық әлеуметтік қамтамасыз ету басқармасының бастығы;
20.03.1992 – 30.12.1999 – Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігінің қаржы басқармасының бастығы;
31.12.1999 – 06.01.2005 – «Шығыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы» ММ бастығы;
07.01.2005 – 05.06.2008 – «Шығыс Қазақстан облыстық қаржы департаменті» ММ директоры;
06.06.2008 – 31.01.2011 – «Шығыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы» ММ бастығы;
18.05.2011 – 22.08.2011 – «ШҚО мемлекеттік – жекеменшіктік серіктестігінің аймақтық орталығы» АҚ ішкі аудит қызметінің тексерушісі;
2011 жылдың қазан айынан Шығыс Қазақстан облысы мәслихаттың шешімімен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясына Төраға болып тағайындалды.
КСРО қаржы Министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» (1977ж.), «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігіне 10 жыл» (2008 ж.) төсбелгілерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «Астана – 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «Ерен еңбегі үшін» (2007 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.) медальдарымен, Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің құрмет грамоталарымен және облыс әкімінің грамоталарымен бірнеше мәрте марапатталған.

Қызмет бағыттары

  1. Жергілікті бюджеттердің атқарылуына және мемлекет активтерінің пайдаланылуына жергілікті деңгейде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру;
  2. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылуы саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарының сақталуын бақылау;
  3. Жергілікті бюджеттердің атқарылуын және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау болып табылады.

Азаматтарды қабылдау кестесі:

Аты-жөні, тегі лауазымы Қабылдау кестесі
Құрманғалиев Айтмұханбет Әлмәдиұлы Тексеру комиссиясының төрағасы әр аптада бейсенбі күні 15.00 – 17.00
Лебедева Әсия Наильқызы Тексеру комиссиясының мүшесі әр аптада сейсенбі күні 16.00 - 18.00
Дүйсембаев Советхан Бекқазыұлы Тексеру комиссиясының мүшесі әр аптада жұмы күні 15.00 – 17.00
Түрекенова Айман Сайлаубайқызы Тексеру комиссиясының мүшесі әр аптада сәрсенбі күні 15.00 – 17.00
Шоқаев Сейсенғазы Жұмағазыұлы Тексеру комиссиясының мүшесі әр аптада дүйсенбі күні 15.00 – 17.00

Мекен-жайы: 070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 48 үй
Байланыс телефондары: Тел(факс): 8 (7232) 26-97-29
Е-mail: Revkomvko@mail.kz

"Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы"ММ2012 жылға жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бақылау іс-шараларының ЖОСПАРЫ


Мұрағат

+ 2012
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 2012
+ 2011
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы