Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

Шығыс Қазақстан облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының 2008 жылғы жұмысы туралы есебі

Халықты сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету және қолда бар тұрғын үйде турудың қолайлығы мен қауәіпсіздігі үшін жағдай жасау мемлекеттік саясат негіздерінің бірі болып табылады.

Осы мақсаттарға жыл сайын облыстың тіршілікті қамтамасыз ететін объектілерді қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындау кезеңінде және халықты  қысқы кезеңде жылумен, сумен қамтамасыз етуге ШҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бақылауымен жұмыстардың толық кешені орындалады, бұл жылыту маусымын уақытылы бастауға және оны қиындықтарсыз өткізуге мүмкіндік береді.
2008 жылы қазандық жабдықты, жылу желілерді жөндеуге және отынды сатып алуға бюджеттен 204,2 млн. теңге (Зырян, Серебрянск, Курчатов, Зайсан қалалары, Глубокое, Катонқарағай кенттері) бөлінді.

2008-2009 жылдардың жылыту маусымының басына облыста 304 қазандық, 32,6 шақырым жылу және 22,8 шақырым су құбыры-канализациялық желі жөнделді. Білімнің 1004 объектісі, денсаулық сақтаудың 729 объектісі және орталықтан жылыту жүйесіндегі 4257 тұрғын үй жылуға дайындалып, қосылды. 634 тұрғын үйде және 142 әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектіде жабынды жөнделді.

Жылыту маусымының басына облыстың барлық жылу көздерінде отынның нормативтік қоры қамтамасыз етілді және қазіргі уақытта  оны тасып жеткізу бекітілген кестелерге сәйкес жүргізілуде.

Көп пәтерлі тұрғын үй қоры
Облыста 5000 кондоминиум объектісі бар, оның ішінде басқару түрлерімен 3587 объектісі қамтылған (71,7 %). 386 ПИК және 935 басқарудың басқа да түрлері бар (жеке және заңды тұлға, бірлесіп басқару, басқарудың өзге түрлері).
ШҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасымен ПИК-тің қызметін үйлестіру үнемі жүзеге асырылады.
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, оның ішінде жабындыны жөндеу ПИК үшін проблеманың бірі болып табылады.
Осы проблеманы шешуге 2008 жылы тұрғын үй жәрдемақылары есебінен 32 үйде 34,0 млн. теңгеге  кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін (Өскемен, Семей қалалары, Зырян, Глубокое, Уланка, Үржар аудандары) жөндеу орындалды.

Лифтік шаруашылық
Облыста 1098 лифт бар, оның ішінде қазіргі уақытта 330 лифт пайдаланудың нормативтік мерзімін (25 жылдан аса) өтеді және күрделі жөндеуді қажет етеді. Лифттерді жөндеуге шамаланған шығын 738,6 млн. теңгені құрайды.
2007-2008 жылдардың аралығында бюджеттік қаражат және демеушілердің қаражат есебінен 54 лифт жөнделді (Өскемен қаласында – 6,            Семей қаласында – 48).

Көркейту
Соңғы екі жылдарда көп пәтерлі тұрғын үйлердің аула аумақтарын көркейту бойынша белгілі жұмыс жүргізілді.
2008 жылы аула аумақтарын көркейтуге қалалық бюджеттен Өскемен қаласы бойынша 63,9 млн. теңге, Семей қаласы бойынша 53 млн. теңге бөлінді. Былтырғы жылы облыстық және жергілікті бюджеттерден Өскемен қаласы бойынша 127,6 млн. теңге, Семей қаласы бойынша 45 млн. теңге бөлінді.
Өскемен және Семей қалаларында бөлінген қаражатқа 222 аула аумағы көркейтілді (жеке және заңды тұлға,  бірлесіп басқару, басқарудың өзге де түрлері).
Соңғы 5 жылда бірінші рет «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалымен бірлесіп қалалар мен аудандардың аумақтарын көркейту бойынша «Үздік қала», «Үздік ауылдық елді мекен» екі номинациясы бойынша облыстық байқау-конкурс өткізілді. Жеңімпаздарды марапаттауға облыстық бюджеттен 15,0 млн. теңге бөлінді.
Тұтынушылардың пайдаланылған коммуналдық қызметтерге дебиторлық қарыздарын төмендету, газды тасып жеткізу және тіршілікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс тұрақты бақылауда.
Энергетика
2008 жылы Шығыс Қазақстанда 7,27 млрд. кВт.сағ электр энергия өндірілді, ол өткен жылғы өндіріс көлемінен 6,8 %-ға төмен, электр энергияны тұтыну көлемі 5 %-ға өсті және 8,14 млрд. кВт.сағатты құрады.
2005 жылдан бастап электр энергия тапшылығының тұрақты өсуі байқалуда, ол 2008 жылы 1,282 млрд. кВт.сағатты құрады және де                  2007 жылға қарағанда 45 %-ға көп.
Осыған байланысты облыс шегінен 2,887 млрд. кВт.сағ сатып алынды, ол 2007 жылға қарағанда 71 %-ға көп.
Электр энергия тапшылығының осы проблемаларымен қатар біздің көздермен облыс шегіне 1,724 млрд. кВт.сағ сатылды, ол 2007 жылдың деңгейінен 40 %-ға артық.
Энергетика кәсіпорындары бойынша 2008 жылға негізгі капитал инвестициясы 4,5 млрд. теңгені құрады, ол 2007 жылғы деңгейінің             182 %-ын құрады.
АЭС компаниясының кәсіпорындары бойынша өткен жылға 1,93 млрд. теңге көлемінде инвестиция салынды немесе өткен жылғы деңгейден                  46 %-ға көп.
Сондай-ақ өткен жылы Риддер ЖЭО-да турбина іске қосылды, ол станциямен электр энергияның жылдық өндірілуін 105 млн. кВт/сағатқа ұлғайтуға мүмкіндік берді және жылуды Өскемен ЖЭО-дан сол жағалауға (ЖМК ауданы) аудару бойынша жоба аяқталды.
«Казцинк» АҚ Бұқтырма СЭС – Риддер бағытында ВЛ-110 кВ электр беріліс желісін салып жатыр.
Сумен қамту
Облыста жүзеге асатын 2003-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» өңірлік бағдарламасына сәйкес ауыз сумен қамту жүйесінің жаңа                   80 шақырымын салу және 220 шақырымын қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізілді, ауыз сумен қамтудың 85 объектісі толығымен аяқталды, жалпы саны 230 мың адамнан астам халықтың сумен қамтамасыз етілу жағдайы жақсартылды. Халықты орталықтандырылған су құбыры суымен қаматамасыз етілуі 2003 жылмен салыстырғанда 4,7 %-ға өсті және бүгінгі таңда 75,5 %-ды құрайды.
Жылдың қорытындысы бойынша өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде салуға, қайта құруға және күрделі жөндеуге (бұған бюджеттен 1886,2 млн. теңге бөлінген) жататын сумен қамтудың 42 объектісінен ауыз сумен қамтудың 15 объектісі пайдалануға берілді, желінің 19,5 шақырымы салынды және жөнделді, саны 30 мың адамнан астам өңірдің халқын сумен қамтамасыз ету жағдайы жақсартылды, Абай ауданының Құңдызды ауылындағы және Бесқарағай ауданының Кривинка ауылындағы халық орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне көшірілді.
2009 жылы сумен қамтудың 29 объектісін салуға, қайта құруға және күрделі жөндеуге – 1,54 млрд. теңге, оның ішінде 17 объектіні іске асыруға республикалық бюджеттен – 0,909 млн. теңге, 12 объектіге облыстық және жергілікті бюджеттен 0,63 млрд. теңге бөлінді. Жылдың аяғына сумен қамтудың 13 объектісін пайдалануға беру жоспарлануда.

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы