|
Шығыс Қазақстан облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы
Виртуалды қабылдау
Сайт управления: www.energy.vko.gov.kz
БАСШЫ ТУРАЛЫ
Басқарма директорының лауазымдық міндеттері:
Басшылықты мемлекеттік мекемелер қызмет әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық шешім шығару зардаптарына толығымен Қазақстан Республикасының істегі заңшығаруға сәйкес жауап бере жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекемелердің қызметін жұмыстың нысаны мен әдістерін дамытуға және толығымен жетілдіруге, халыққа қызмет көрсету жұмыстарының сапасы мен мәдениетіне бағыттайды.
Азаматтардың хаттары мен ауызша өтініштерін берілген мерзімінде қарастырады.
Өмір және денсаулық үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек шарттарын құруды, қоршаған ортаны қорғау туралы заң шығару талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
Азаматтармен әлеуметтік мәселелер бойынша қабылдау жүргізеді, жиналыстарға, мәжілістерге және семинарларға қатысады.
«Шығыс Қазақстан облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі,
070004, Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19 (2-қабат).
Телефондар:
Қабылдау бөлмесі – (7232) 70-12-33
Әкімшілік бөлімі – (7232) 25 58 72
Энергетика бөлімі – (7232) 55 25 43
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі – (7232) 24 14 74
Сумен қамту және су тарту бөлімі – (7232) 57 84 56
Қаржы-экономикалық бөлімі – (7232) 25 18 80
Факс:
(7232) 26 78 34
Электрондық пошта:
Энергетика бөлімі – uprenergyvko@mail.ru
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі –depenergy@rambler.ru
Сумен қамту және су тарту бөлімі – voda_vko@mail.ru
Қаржы-экономикалық бөлімі –saltanat_energy@mail.ru
Қызметінің бағыттары
«Шығыс Қазақстан облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға уәкілетті атқарушы орган болып табылады.
Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, басқа нормативтік құқықтық актілерге, облыс әкімі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің актілеріне, сондай ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Департамент қызметінің мақсаты - энергетика, жылумен қамтамасыз ету, телекоммуникация, көріктендіру коммуналдық, су және газ шаруашылығы саласында мемлекеттік реттеу және басқару болып табылады.
Департамент өзіне жүктелген міндеттеріне сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
• энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы заңнама нормаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға қатысу;
• өнеркәсіп, энергетика кешені кәсіпорындарына нарықтық жағдайларға бейімделуге жәрдем көрсету;
• әрекеттің жеке түрлеріне лицензияларды ресімдеу, беру және тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және шекте, лицензиялық талаптардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
• өндірістік қуаттарға энергетикалық кәсіпорын өнімдерін қолдану мен өндіруге баланс жасау және оларды бақылау;
• облыстың қалалары мен аудандарында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сумен жабдықтау және су бұру субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеуді және үйлестіруді жүзеге асыру;
• бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын, облыс аумағында құрылысқа, қайта жаңғырту және күрделі жөндеуге жататын ғимараттар мен құрылыстардың жобалық-сметалық құжаттамасын, жобаларын қарау және келісу;
• құрылысы аяқталған тұрғын үй-азаматтық, коммуналдық, өндірістік және өндірістік емес бағыттағы объектілерді және энергетика объектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына белгіленген тәртіпте қатысу;
• энергетика, күрделі жөндеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сумен жабдықтау және су бұру саласында мақсатты бағдарламаларды қаржылық және материалдық қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қатысу;
• инвестициялық саясатты жүргізу;
• коммуналдық меншікте болып табылатын азаматтық ғимараттарды және құрылыстарды күрделі жөндеудің уақытында орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
• су құбыры-кәріз шаруашылығы объектілерінің, жылумен қамтамасыз ету объектілерінің және электр энергиясы, газ шаруашылығы мен телефон қоюдың техникалық және пайдалану жағдайын тексеруге қатысу;
• бейбіт және соғыс уақытында облыстық коммуналдық-техникалық және инженерлік қызметтермен азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларда мамандандырылған іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру;
• заңнамамен белгіленген тәртіпте азаматтардың хаттарын, шағымдарын, ұсыныстары мен өтініштерін қарау;
• Департамент қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды орындайды.
Департаментті облыс әкімі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын директор басқарады.
Мұрағат
|