|
«ШҚО Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Мекен-жайы: Өскемен қ. Ушанов көшесі, 27.
depstroy.vko.gov.kz
Заңнама
Есептер мұрағаты
Виртуалды қабылдау
ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ТУРАЛЫ
Думан Сұлтанұлы Сүлейменов 1970 жылы 7 қаңтарда Бородулиха ауданы Ауыл станциясында дүниеге келді. 1995 жылы «Өндірістік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша Томск инженерлік-құрылыс академиясын аяқтады, инженер-құрылысшы.
Еңбек қызметін 2005 жылы «Казсельбурводстрой» ЖШС жұмыстар өндірісшісінен басталды, кейіннен «ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасы» ММ сәулет-құрылысты бақылау және инспекциялау бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды. 2010 жылғы қаңтардың 27-нен шілденің 13-не дейінгі аралықта Семей қаласы құрылыс бөлімінің бастығы лауазымында болды. 2010 жылғы 14 шілдеден бастап ауысу тәртібімен «ШҚО құрылыс басқармасы» ММ бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
ШҚО әкімінің өкімімен2011 жылғы 7 маусымнан бастап ШҚО құрылыс басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.
Құрылыс басқармасының бастығы
Азаматтарды қабылдау күні және уақыты: Айыдың әр сәрсенбісі мен жұма күндері сағат 16-00- ден 18-00- ге дейін
Жұмыс телефоны: 8 (7232) 29-60-03
Факс: 8 (7232) 26-15-53
ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
- Департамент өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Констутициясы, Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Президентінің актілері, облыс әкімдігінің актілері, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Департаменттің құрылтайшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі. Департаменттің шекті штаттық саны және құрылымы облыс әкімдігімен бекітіледі.
- департамент жедел басқару құқығы берілген өзіндік балансы, жеке мүлігі, мемлекеттік тілде өзіндік атауы бар мөрі және мөртабаны, белгілі үлгідегі бланкісі және заңдылыққа сәйкес Қазынашылық басқармасында есебі бар заңды тұлға болып табылады. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
ДЕПАРТАМЕНТТІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ:
- облыс аумағында мақсатты құрылыс бағдарламаларын жүзеге асыру.
- облыс аумағындағы барлық құрылыс кешендерінің қызметін бақылау, толық құрылыс және құрылыс материалдарының өндірісі базасын дамыту бойынша әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды дайындау мен келісуде қатысу, жаңа тұрғын үй бағдарламасы саясатын жүзеге асыруды дайындау,құрылыс, күрделі жөндеу, қайта құруды ұйымдастыруда бюджеттік саланың қажеттілігін қамтамасыз ету.
- Құрылыс базасын салу және қайта құру саласында өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру.
8. Басқарманың негізгі міндеттері:
1) тұрғын үй құрылысын және сейсмикалық нығайтуды дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
2) облыстың, қалалар мен аудандардың әлеуметтік экономикалық дамуының жобаларын әзірлеуге және келісуге қатысу;
3) әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-шаруашылық және тұрғын үй-коммуналдық маңыздағы нысандар салу және қайта құру.
9. Басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) пайдалануға берілетін нысандарды (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте салынып жатқан (салыну жоспарланып отырған) объектілерге және кешендерге мониторинг жүргізу;
3) коммуналдық меншіктегі тазарту құрылыстарын салу мен пайдалануды ұйымдастыру;
4) облыстық коммуналдық меншiк объектiлерi мен әлеуметтiк-мәдени маңыздағы объектілерді салу, қайта құру және жөндеу бойынша тапсырысшы болады;
5) әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша жергілікті маңыздағы нысандарды құруға (аумақтарды салуға) қала құрылысы және басқа да жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаларды қарастыру және бекіту;
6) бейбіт және соғыс уақытында облыстық инженерлік қызметтермен азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардағы арнаулы іс-шараларды орындау;
7) Басқарма өзіне жүктелген міндеттерден туындайтын және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін, сондай-ақ облыс әкімдігі оған арнайы жүктеген басқа да функцияларды орындайды.
10. Басқарма өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және міндеттерін орындау кезінде мынадай құқықтарға ие:
1) коммуналдық меншіктегі құрылыс нысандарының жұмыстарын жетілдіру және жақсарту жөніндегі мәселелер мен ұсыныстарды облыс әкімдігінің қарауына енгізу;
2) Басқарма өзі мемлекеттік органы болып табылатын ведомствоға қарасты мемлекеттік мекемелердің қызметін тексеруді жүзеге асыру;
3) Басқарма Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасынан туындайтын басқа да құқықтарды пайдаланады.
Жеке мәселелер бойынша қабылдау уақыты: айдың бірінші сәрсенбісі 16-дан 18-ге дейын
Телефон: 8(7232)26-15-53
Мекен-жайы: Өскемен қ, Қазақстан көшесі, 27.
Құзыреті бойынша нормативтік-құқықтық актілер:
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңы
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы туралы» 1999 жылғы 10желтоқсандағы Заңы
Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңы
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы
Қазақстан Республикасының «Ағымды жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңы
ҚР Президентімен бекітілген ҚР мемлекеттік қызметшілерінің 2005 жылғы 3 мамырдағы Ар-намыс кодексі
«Азаматттардың өтініштерін қарастырудың тәртібі туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2340 Президент Жарлығы
«Ауыз су» 2002-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасы бойынша 2002 жылғы 10 қаңтардағы ҚР Үкіметінің Қаулысы
«Сейсмикалық аудандар құрылысы» 2.03-30-2006 ҚР ҚНменЕ
«Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындар, ғимараттар мен имараттар құрылысын ұйымдастыру» 1.03-06-2002 ҚР ҚНменЕ.
|