|
Шығыс Қазақстан облысының мұрағатар және құжаттама басқармасы
Өскемен қаласы
Пермитин көшесі, 23
e-mail: arhivvko@rambler.ru
Заңнама
Виртуалды қабылдау
Мұрағат
Басшы туралы мәлімет:
Әүбәкіров Алдияр Ақылбекұлы - облыстық мұрағат және құжаттама басқармасының бастығы
1949 жылғы 20 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қарабас ауылында туды, ұлты қазақ. Еңбек жолын 1966 жылы Ұлан ауданы Ұлан астық совхозының құрылыс бригадасында плотник болып бастады. 1969 жылы Ақжар ауыл шаруашылық кәсіптік-техникалық училищесіне “Ұлан” совхозының есебінен оқуға жіберілді. Училищені бітірген соң 1970 жылы “Ұлан” совхозының №1 фермасына ветфельдшер етіп жіберілді. 1971 жылы Кеңес Армиясының қатарына шақырылуына байланысты жұмыстан шықты. Әскери қызметін Мурманск қаласында өтеді. 1973 жылы әскери қызметі аяқталған соң “Ұлан” совхозының штатына тракторшы болып кіргізілді. 1974 жылы сол сохозда бригадир болып ауыстырылды. 1977 жылы Скрябин атындағы Мәскеу ветеринарлық Академиясына түсуіне байланысты өз тілегі бойынша жұмыстан шықты. 1982 жылы оқу орнын бітірген соң Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданы Киров атындағы колхозда зоотехник-селекционер болып жұмыс істеді, кейіннен Серебрянск ауданының Киров совхозына бас зоотехник болып ауыстырылды. Бұл лауазымда 1987 жылға дейін жұмыс істеді. 1987 жылдың мамырында Серебрянск ауданынынң “Первомайский” совхозына партия комитетінің хатшысы болып сайланды. Бұл совхозда мамандығы бойынша жұмыс істеді және 1989 жылы кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды. 1989 жылдың желтоқсаныныда Серебрянск қаласы қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы болып ауыстырылды. Кейіннен 1990 жылы Серебрянск қаласының қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып бекітілді. 1992 жылы Серебрянск қаласының Басшысының орынбасары болып аустырылды. 1993 жылы Ұлан ауданының басшысы болып тағайындалды, 1995 жылы Әкімдер институтының ұйымдасуына байланысты Ұлан ауданының әкімі болып тағайындалды. 2001 жылғы 01 ақпаннан Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының басқармасының бастығы. 2008 жылдың 27 тамызында Тарбағатай ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.
Отбасылық жағдайы – үйленген, төрт баласы бар.
Қызығушылығы – спорт, сурет, тарих ғылымы.
Лауазымдық міндеттері:
-облыс аумағындағы мұрағат ісі және құжат құрылудағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырадыу;
- мұрағат ісі және құжаттаманы дамытудың аймақтық бағдарламасының жасалуын және жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
- облыс аумағындағы мұрағат ісі және құжаттамалар саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
- тапсырмалардың, жоспарлардың, сонымен қатар қаржы, еңбек және техникалық ресурстардың мақсатты және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
- облыс аумағындағы мұрағат ісі және құжаттамалар саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарының сақталуына мемлекеттік тексеруді жүзеге асырады;
- заңға сәйкес жергілікті басқару органдарымен және Қазақстан Республикасының мұрағаттар мен құжаттаманы басқару өкілетті мемлекеттік органдарымен қарымқатынас жасайды;
- Басқарма іс-әрекеті саласы сұрақтары бойынша заңды және жеке тұлғалармен келісімдер, шарттар, операциялар жасайды және оның орындалуын қамтамасыз етеді;
- облыс мемлекеттік мұрағаттар жүйесін басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
- Басқарманың, облыс мемлекеттік мұрағаттарының іс-әрекетін талдау және бағалауды жүзеге асырады;
- Басқарма кадрларын іріктеу және орналастыруды жүзеге асырады, Басқарма қызметкерлерін, облыс мемлекеттік мұрағатының директорларын тағайындайды және жұмыстан босатады;
- Басқармаға қарасты мемлекеттік мекемелердің және құрылымдық бөлімдердің ережелерін бекітеді;
- азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарауды іске асырады.
Азаматтарды қабылдау күні және уақыты: әр айдың 2-ші бейсенбісі 14.00-ден 16.00-ге дейін
Жұмыс телефоны: 8(7232)26-48-46
Басқарма іс-әрекетінің негізгі бағыттары:
1) облыс аумағындағы мұрағат ісі және құжат құрылудағы біртұтас мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) коммунальдық меншікке қарасты Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын ұйымдастыру, жинақтау және пайдалану;
3) коммунальдық меншікке қарасты Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету;
4) коммунальдық меншікке қарасты тарих және мәдениеттің құжаттық ескерткіштерін қорғау, оларды сақтау және пайдалану;
5) облыс аумағындағы мұрағат ісі және құжаттаманы жүргізу аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру;
6) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптаманы ұйымдастыру;
7) коммунальдық меншікке қарасты Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының құжаттары бойынша мәліметтер базасын қалыптастыру;
8) облыстың мемлекеттік ұйымдарындағы құжатқұрылу мәселелеріне және құжаттардың ведомствалық сақталуына ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілік жасау;
9) жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын орындауды ұйымдастыру.
Негізгі экономикалық көрсеткіштер:
2005 жылға арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес 112 млн. 352 мың теңге бөлінді. Мұрағаттар және құжаттама басқармасы іс-әрекетін қамтамасыз етуге – 9 млн. 507 мың теңге. Мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету – 102 млн. 845 мың теңге.Оның ішінде еңбек ақыға 53 млн. 964 мың теңге, негізгі капитал алу (материалдық-техникалық базаны нығайту) – 3 млн. 173 теңге.
|