|
Ішкі саясат басқармасы
Виртуалды қабылдау
Есептер мұрағаты
Сайт: www.dvpvko.gov.kz
Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы
Е.Ж.Нұрғалиев 1975 жылы 10 ақпанда Семей облысы Жарма ауданы Михайловка ауылында туған, ұлты қазақ, білімі жоғары.
Орта мектепті бітірген соң М.Әуезов атындағы Семей педагогикалық училищесіне оқуға түсті. 1994 жылда М.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжін, бастауыш сыныптарының мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.
2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтын мектептегі тарих және құқық мамандығы бойынша тәмәмдады.
2001 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық - заңгерлік университетін аяқтап, экономика мамандығын алды.
Еңбек жолын 1994 жылғы қыркүйек айында Жарма ауданы Чапаев атындағы орта мектепте мұғалім болып бастады. 1996 жылғы 1 қыркүйекте осы мектеп директорының орынбасары болып тағайындалды.
2002 жылғы 7 қазанда Жарма ауданы ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
2005 жылғы маусымда Жарма ауданы әкімінің көмекшісі қызметіне тағайындалды, 2009 жылы Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
2011 жылғы 25 сәуірден бастап Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бастығы болып қызмет атқарады.
Үйленген, үш бала тәрбиелеп өсіруде.
Мекен жайы: 070019 Өскемен қаласы? Горький көшесі,40
телефон/факс 8(7232) 26-42-54
e-mail:
dvp_vko@rambler.ru
Қабылдау сағаттары – әр айдың 2-ші сәрсенбісі 14.00-ден 16.00-ге дейін
Лауазымдық міндеттері
1. Өзінің орынбасарлары мен Департаменттің құрылымдық бөлімшелері бастықтарының міндеттері мен құзырларын анықтайды;
2. Департамент қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
3. Өз құзыреттігі шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
4. Департаменттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
5. Мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Департамент атынан болады;
6. Департамент құзырына кіретін сұрақтарға қатысты нормативтік құқықтық актілердің,бағдарлама жобаларының және басқа құжаттардың дайындалуын бақылайды;
7. Департамент құзырына кіретін сұрақтарға қатысты есептік баяндамаларды дайындау жұмыстарын бақылайды;
8. Тағайындалған тәртіпте Департаменттің қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызметтеріне қатысты сұрақтарды шешеді, бюджеттік қаржының үнемді және мақсаттық пайдаланылуын бақылайды;
9. Департамент қызметінде заңдылықтардың, шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
10. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге құзыреттерін жүргізеді.
Қызметінің бағыттары
Ішкі саясат басқармасы облыс әкімінің «Ішкі саясат басқармасы туралы» 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1101 шешімімен құрылған
Негізгі міндеттері:
- облыстағы ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және нығайту;
- «Қазақстан-2030» Стратегиясының ережелерін, ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауларын, мемлекеттік ішкі саясаттың басымдықтарының нақты іске асырылуын насихаттау бойынша жұртшылық арасында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
- қоғамдық бірлестіктермен конструктивті қарым-қатынастарды нығайту;
- атқарушы органдардың мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас сұрақтары төңірегіндегі қызметтерін реттеу. Оларды өнірдің өзекті мәселелерін шешуге тарту;
- мемлекеттік ақпараттық саясат сұрақтары бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- ішкі саясат саласы бойынша нақты ұсыныстар дайындау, қоғамды біріктіру және ішкі саяси тұрақтылықты нығайту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
- өңірдегі болып жатқан қоғамдық саяси үрдістерді және олардың даму бағытын зеттеу, қорытындылау және талдау
|