Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы


Заңнама
Виртуалды қабылдау
Есептер мұрағаты
Басқарманың ресми сайты

 

Басқарма бастығы - Мұхамеджанов Манарбек Әзімбекұлы

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы Жанғызтал ауылында 1954 жылы 21 қарашада дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: 1981 жылы “Журналистика” мамандығы бойынша С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, 2001 жылы “Мемлекеттік басқару” мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
2005 жылғы 4 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма бастығы лауазымына тағайындалды.
“Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы” ММ мемлекеттік тіл саясатын іске асырудағы мемлекеттік басқару және бақылау  қызмет атқаруға өкілетті атқарушы билік органы болып табылады.

 

 Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Қ. Қайсенова кошесі, 121 үй
 Телефон/факс8(7232)26-33-72,26-37-39
Қабылдау сағаттары: дүйсенбі 15.00-ден 18.00 дейін
 e-mail: vkotil@mail.ru

ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

1. Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырады, сондай-ақ заңнамаларға сәйкес тілдерді дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік атқарушы органдардың іс-әрекеттерін үйлестіруші уәкілетті орган болып табылады.
2. “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңының, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының облыстың атқарушы мемлекеттік органдарында орындалуының іске асуы мен үйлестірілуін қамтамасыз етеді.
3. Тілдерді дамыту саласында ұлтаралық қатынастардың үйлесімділігіне бағытталған, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге арналған шараларды іске асырады.
4. Мемлекеттік және басқа ұлт тілдерінің қолдану саласын кеңейту бойынша  бағдарламалар  жасайды, тіларалық қатынасты саласындағы мемлекет саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер ұйымдастырады.
5. Орыс, ағылшын және Қазақстан халықтарының басқа тілдерінің үйлесімді дамуы үшін жағдай жасауға жәрдемдеседі.
6. Облыстық ономастикалық комиссияның іс-әрекетін қамтамасыз етеді, сондай-ақ облыстың ономастикалық ісіне талдау жүргізеді.
7. Шығармашылық одақтармен, ұлттық - мәдени орталықтармен, басқа қоғамдық бірлестіктермен тіл жөніндегі заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету, тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша өзара әрекеттеседі.


      Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жұмысы туралы АҚПАРАТ

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы