Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң ресми сайты
Aйдарларының тiзбесi
Жаналықтарға жазылу
 
RSS форматындағы жаңалықтар
Іздеу  
Kazakhstan Financial Market
 
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

2006 жылдың 4 тоқсанындағы атқарылған жұмыстар туралы есеп:

«Шығыс Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінін есебі.Негізгі экономикалық көрсеткіштер:Республика облыстарының арасында Шығыс Қазақстан облысының аумағының ауданы үшінші орынды алады. Облыстағы жер қоры 28346,8 мың га, немесе республика аумағының 10,4 пайызын құрайды, оның ішінде 2006 жылдың 1 қарашасына:-ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер – 7037,4 мың га, -елді мекендердің жерлері – 2863,7 мың га, -өнеркәсіп, көлік, байланыс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер - 172,2 мың га, -ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері – 1446,4 мың га, -орман қорының жері – 2187,3 мың га, -су қорының жері – 572,4 мың га, -босалқы жер – 14067,4 мың га құрайды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру туралы ақпаратШығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарындағы жер қатынастары бөлімдерінің берген мәліметтері бойынша, 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2006 жылдың 25 желтоқсанына дейін жеке тұрғын үй құрылысы үшін 7005 өтініш берілген. Саны бойынша ең көбі Өскемен қаласы бойынша – 4500, Семей қаласы бойынша 3,5 есеге аз – 1312, ары қарай Ұлан ауданы бойынша – 390, Глубокое ауданы бойынша - 162 өтініш және т.б.Жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға 3080 жер учаскесі бөлінді, ол берілген өтініштердің 44 пайызын құрайды.

Тапшылық 3925 жер телімін құрайды, немесе 400 гектардай. Азаматтарды жер телімімен қамтамасыз ететін шектеулерге, қалалар мен аудандардың айқын себептері бар:-жер телімін белгілеп беру үшін алаңның болмауы, жердің орналасуы өтініш берушілердің талабын қанағаттандырмайды;-белгіленетін жер телімін көлікпен және инженерлік инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету қиындықтары (жолдар, сумен қамтамасыздандыру, электр, канализация, көлікпен қамту, жылумен жабдықтау және т.б.);-елді мекендерде басты жоспардың, жобаның нақты жоспарлары, елді мекендер аумағында жер-шаруашылық жағынан жайғастыру жоспарларының сәйкессіздігі (болмауы).Облыс қалалары мен аудандарында аталған кемшіліктерді шешу үшін жеке тұрғын үй құрылысын салуға алаңдар белгіленді. Өскемен қаласын дамыту жөніндегі басты жоспарына сәйкес, келешекте «Қимасты» ауданында және Ахмирова ауылындағы 20, 21, 23, 25 тұрғын аудандарына жеке құрылысқа жерге орналастыру қарастырылып жатыр.

Пайдалы жер жағдайын есепке алып, бірінші кезекте 20 тұрғын ауданы (350 учаске) игеру үшін анықталды. Бүгінгі уақытқа аталған аудандарда нақты жоспардың жобасы мен инженерлік құрылыс жүйесінің жобалық-сметалық құжаттары жасалуда. 2006 жылы ЖМК-Ахмер сутартқыш құрылысын аяқтау жоспарлануда, осыған байланысты Ахмер ауылының аудандарында тұрғын массивтерін игеру басталды. Семей қаласы бойынша Верхнеберезовск кентінде 350 гектар жер алаңы белгіленді. Бұдан былай жеке тұрғын үй құрылысының инженерлік инфрақұрылымдарын қалалар мен аудандарда дамыту бүгінгі күні инженерлік жүйелерінің және көлік қатынасу мүмкіндіктерінің жеткіліксіз немесе толық болмау салдарына байланысты болып отыр.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 35 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2006 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берілетін нысаналы трансферттерді бөлу мен пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» қаулысы бойынша, Шығыс Қазақстан облысына тұрғын үй құрылысын салудағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарына 820 млн. тенге бөлінді, оның ішінде жеке меншікке – 600 млн.тенге, көп пәтерлікке – 220 млн.тенге.Шығыс Қазақстан облысында жерді пайдалануды және қорғауды бақылау жұмыстарын жүргізетін мемлекеттік органдардың мәліметі бойынша жер телімін өз еркімен тұрғын үй құрылысына меншіктеп алған фактылар тіркелген жоқ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесін бекіту туралы» қаулысында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық берудің толық тәртібі белгіленген, жер учаскесін алуға берілген өтінішпен қоса берілетін құжаттар тізбесі айқын белгіленген, сонымен қатар оның қаралу мерзімі көрсетілген. Жер учаскесінің орнын белгілеп беру мен кезектер тізбесі мен қордағы бар жерлер туралы ақпараттар барлық азаматтарға қолайлы түрде жеткізіліп отырылады.

Шығыс-Қазақстан облысы бойынша жер учаскелерін жария ету.Шығыс-Қазақстан облысында мүлікті жария ету басталғаннан 2006 жылдың 15 желтоқсанға дейшн 10982 жер учаскелерін жария етуге арыз берілген, жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар 2257 жария етілген жер учаскелеріне жасалды.

 

 
Өскемен қ.
Семей қ.
Риддер қ.
Курчатов қ.
Абай ауданы
Аягөз ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы
Көкпекті ауданы
Күршім ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Шемонаиха ауданы
 

ШҚО әкімі сайтындағы барлық анықтама ақпараттар сіздің ұялы телефоныңызда - wap.akimvko.gov.kz

 
Copyright © 2005-2010

Барлық құқығы қорғалған. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің www.akimvko.gov.kz сайтынан материалдарды толық немесе жартылай пайдалану тек сайттың ресми иесінің келісімімен ғана рұқсат етіледі. 

070019, Қазақстан, Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі, 40
Телефоны: 8 (7232)  24-45-61
E-mail: portal@akimvko.gov.kz
Call - центр тел. 8 (7232) 203-300