Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

"ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ " ММ


Законодательство
Виртуалды қабылдау
Есептер мұрағаты
Сайт: www.uzovko.gov.kz

БАСТЫҚ ТУРАЛЫ:

Төлеубеков Қонысбай Қойшыбайұлы – Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының бастығы.

1956 жылы 2 ақпанда Семей облысы Үржар ауданы Науалы ауылында тұған, ұлты – қазақ.
1980 жылы Семей зооветеринар институтын мал дәрігері мамандығы бойынша бітірген. 1993 жылы экономист мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді.
Еңбек жолын 1980 жылы Үржар ауданы Науалы аулындағы Ленин атындағы колхозда мал дәрігері ретінде бастады.
1981- 1995 жылдары ХХ съезд КПСС атындағы колхозда бас мал дәрігері, аудандық сақтандыру инспекциясының бастығы,  ХХ съезд КПСС атындағы колхоз басқармасының төрағасы болып жұмыс істеді.
1996 – 2008 жылдар аралығында Мақаншы ауданының әкімі, Үржар ауданы әкімінің орынбасары, Абай және Күршім аудандарының әкімі, облыстың мемлекеттік сатып алу және жер қатынастары басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.
2008 жылдың мамыр айынан бастап – Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары.
2009 жылғы 13 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының  жер қатынастары басқармасының бастығы болып тағайындалды.

 

ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

«Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» ММ жер қатынастарын реттеу қызметтерін орындауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
«Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» ММ «Облыстық мемлекеттік басқару органдарының құрылымы туралы» 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 18 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының  жер инспекциясының атын өзгертуімен құрылған.
Басқарма өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының Жер кодекісіне, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, әкімдіктің, облыс әкімінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтік актілерге, сондай-ақ мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Басқарманың негізгі міндеттері:

1) жергілікті деңгейде жер қатынастары саласында мемлекет мүдделерін қорғау;
2) облыстық атқарушы органдарының құзыретіне жататын жерді беру және қайтарып алу құжаттарын дайындау;
3) жерді тиімді пайдалану, топырақтың құнарлылығын жоғарылату, жер ресурстарын қорғау бағдарламаларын жасау.

Басқарма өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) газды және мұнайды өңдеу объектілерін салу, құбыр магистральдарын төсеу, жер қойнауын пайдалану мақсатында жер учаскелерін беру және керіқайтарып алу жөнінде жергілікті атқарушы органдардың жобалары мен ұсыныстарын дайындау, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту;
2) мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым осіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды зауыттарына жер телімдерін беру жөнінде облыстың жергілікті атқарушы органының шешімінің жобалары мен ұсыныстарын дайындау;
3) ерекше корғалатын табиғи аумақтардың барлық түрлерін құру үшін жерді резервте сақтау жөнінде ұсыныстарды дайындау;
4) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын оның құзреті шегінде бекіту;
5) жер учаскерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін оның құзыреті шегінде анықтау;
6) жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту және жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру;
7) облыста жерді ұтымды пайдалану жөнінде жерді аймақтарға бөлу жобалары мен бағдарламаларын, жобалары мен сызбаларын әзірлеуді ұйымдастыру; 
8) жер сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) оның құзыреті щегінде өткізуді ұйымдастыру;
9)  жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын облыстық, қалалық, аудандық бағдарламаларды, жобалар мен сызбаларды сараптамадан өткізу;
10)  оның құзыреті шегінде уақытша өтеусіз жер пайдалану және жер учаскесін жалға беру шарттары мен сатып алу-сату шарттарын жасасу;
11) аудандар (облыстық маңызды қалалар)  берген мәліметтер негізінде облыстың жер балансын жасау;
12) жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге лицензия беру;
13) Жер Кодексінің 71 – бабына сәйкес іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға облыстың жергілікті атқарушы органдарының рұқсаттар беру жөніндегі ұсынысын  дайындау;
14) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру  ұсыныстарын дайындау;
15)  облыстың жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі негізінде жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын беруді жүзеге асырады.

Мекен-жайы: Өскемен қ., К.Либнехт к., 19
Азматтарды қабылдау уақыты: Әр бейсенбі күні сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
Қатынас телефондары: 8(7232) 25-36-81, 25-54-71

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы