Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы мемлекеттік мекемесі

  Виртуалды қабылдау
  Сайт управления: econvko.gov.kz
Есептер мұрағаты

Ясинская Елена Павловна – экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бастығы

1961 жылы 24 маусымда Украина Донецк ауданы Красноармейск қаласында тұған, ұлты – украин.
1983 жылы Өскемен жол-құрылыс институтын автомабиль көлігін пайдалану инженері мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы  Қарағанды мемлекеттік техникалық институтын экономист-заңгер мамандығы бойынша бітірді.
1983 жылы институтты бітіргеннен кейін өз еңбек жолын Өскемен қаласы көлік басқармасында инженер ретінде бастады. Кейін «Алтайсвинецстрой» тресте ұқсас лауазымда жұмыс істеді.
1992 жылы Өскемен қ. атқарушы билік жүйесінің экономика құрылымында, 1996 жылдан бастап – бөлім меңгерушісі лауазымында.
2008 жылдың қыркүйегінен – облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының экономикалық жоспарлау бойынша бастықтың орынбасары.
2009 жылғы 13 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бастығы болып тағайындалды.

 

1. «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, заңнамада көзделген шекте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық, фискалдық және бюджет саясатының негізгі бағыттарын әзірлеуді үйлестіру жөніндегі жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға) экономикалық сараптама жүргізуге құзыретті атқарушы орган болып табылады. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, әкімдіктің және облыс әкімінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «14» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №03 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде мекеменің атауы жазылған мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысының Қазынашылық департаменті» мемлекеттік мекемесінде шоты бар.
Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Басқарманың, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

4. Басқарманың ережесі мен құрылымы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
5. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіпте бұйрықтар түрінде актілер шығарады.
6. Басқарманың заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, индексі 070004, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40.
7. Басқарманың толық атауы – «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
8. Басқарманың құрылтайшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі атынан мемлекет болып табылады.
9. Басқарманың құрылтайшы құжаты осы Ереже болып табылады.
10. Басқарманың құрылтайшы құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Басқарманың негізгі міндеттері:

1) Шығыс Қазақстан облысының стратегиялық жоспарларына қол жеткізуге және әлеуметтік-экономикалық дамуының соңғы нәтижелеріне қол жеткізу жөніндегі басым міндеттерін іске асыруға бағдарланған экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың жүйесін қалыптастыру;
2) Шығыс Қазақстан облысы аумақтарын дамыту саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
13. Басқарма қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды:
1) Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік – экономикалық даму болжамын әзірлеуді;
2) Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамыту бағдарламасын әзірлеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалауды;
3) Шығыс Қазақстан облысының қалалары және аудандары аумақтарын дамыту бағдарламаларын келісуді;
4) өңірдің жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жалпы бағалауды;
5) Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің басқармаларды бағалау тізбесіне кірмеген облыстық басқармалардың және өңірде (салада) стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жөнінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының қызметінің тиімділігін бағалауды;
6) Басқарманың құзыреті шегінде облыстық бюджеттен және аудандар облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарлары жобаларын (стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтыруларды) мақұлдауды;
7) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың Стратегиялық жоспарларының іске асырылуына бақылау жүргізуді;
8) пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, бірлесіп барлау және өндіруге немесе барлаумен және (немесе) өндірумен, сондай-ақ оларға толықтырулармен байланысты емес жер асты имараттарын салу және (немесе) пайдалануға беру келісімшарттары жобаларына экономикалық сараптама жүргізуді;
9) облыстық бюджетті әзірлеуді және нақтылауды;
10) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, бюджет түсімдерін болжауды;
11) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарлары (толықтырулар мен өзгерістер жобалары) және бюджеттік өтінімдері жобаларының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкестігін қарастыруды;
12) жоспарлы кезеңге облыс бюджетін бекіту және нақтылау туралы облыстық мәслихат шешімін іске асыру туралы облыстық әкімдік қаулылары жобаларын әзірлеуді;
13) облыстық бюджет комиссиясының жұмыс органы функцияларын жүзеге асыруды;
14) бюджетті нақтылау кезінде жергілікті атқарушы органдардың әкімшілік реформа аясында функциялары мен өкілеттіліктеріне талдау жүргізуді және мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді шектеу бойынша ұсыныстар әзірлеуді;
15) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстарының қаражатпен қамтамасыз етілуін қарастыруды және одан әрі бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшін қорытынды дайындауды;
16) бюджеттік және концессиялық жобалар тізбесін қалыптастыруды, әзірлеуді және түзетуді, сондай-ақ тиісінше бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен жүзеге асырылатындарға қажетті сараптамаларды жүргізуді;
17) жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестицияларды іске асыру барысы туралы жиынтық ақпаратты әзірлеуді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық өкілеттік органға ұсынуды;
18) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді;
19) жетекшілік ететін салалар бойынша атқарушы орталық және жергілікті билік органдары үшін жиынтық және ақпараттық материалдарды дайындауды;
20) басқарма қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады.

Басқарманың өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) өңірлік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша облыстық әкімдіктің қарауына ұсыныстар енгізуге;
2) өзінің құзыреті шегінде ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға және мемлекеттік органдарға ұсынуға;
3) өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар мен өзге ұйымдардан және жеке тұлғалардан қажетті ақпарат пен құжаттар сұрауға және алуға;
4) сараптама жасау және кеңес алу үшін жергілікті атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тартуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

 Департамент басшыларының азаматтарды қабылдау уақыты: «ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы лауазымды тұлғалардың ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі нормаларын, мемлекеттік қызмет және жемқорлықпен күрес заңнамаларын бұзудын және де бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланудың алдын- алу және жол бермеу мақсатында облыс тұрғындары назарына сенім телефоны жұмыс істейтінін хабарлайды: 8(7232)26-46-63.

Телефоны: 26-74-24
 Факс: 8(7232) 57-85-55
 Пошта индексі: 070004, Шығыс Қазақстан облысы, қаласы: Өскемен, М.Горький көшесі, 40
E-mail: uprecon@ustk.kz

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы