Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

«Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

 Заңнама
Ұжым өмірі
Есептер мұрағаты
Виртуалды қабылдау

Жалпы мәліметтер жергілікті мемлекеттік басқарудың бюджеттің орындалуы және коммуналдық меншік саласындағы функцияларын орындауға өкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады; Ұйымдастырылу түрі: мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық түріндегі заңды тұлға;

Оразалиев Серікқазы Биғазыұлы

1955 жылы 13 қазанда Семей облысы, Жаңа Семей ауданы Жаңа Покровка ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Семей ет және сүт өнімдері технологиялық институтын «Агроөнеркәсіптік кешен салаларының экономикасы және басқару» мамандығы бойынша, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметін жұмысшы болып Семей аяқ-киім фабрикасында бастаған (1973 ж.), әскери қызметте (1973-1975 ж.ж.). Семей қаржы-экономикалық техникумынан кейін инспектор, бас инспектор, аға экономисі, ревизор-инспектор, Калинин аудандық финансы бөлімінің мемлекеттік кіріс инспекциясы бастығының орынбасары (1976-1988 жж.); Семей қалалық финансы бөлімінің аға салық ревизор-инспекторы (1988-1990 жж.); бас мемлекеттік салықтық инспекторы, Семей қаласы бойынша мемлекеттік салықтық инспекциясы бастығының орынбасары, Семей қаласының Әуезов ауданы бойынша салықтық инспекция бастығының орынбасары, Семей қаласы бойынша салық инспекциясы бастығының орынбасары, одан кейін бастық, Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары (1990-2007); Семей қаласы әкімінің орынбасары (2007-2011 жж.) болып жұмыс істеді.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасының салық қызметінің үздік қызметкері» белгісімен наградталған, «Үздік маман» атағы берілді, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың алғыс хаты және Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер, Қазақстан Республикасы Қаржы министрліктерінің, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің мақтау грамоталарымен марапатталды.
2011 жылғы 5 мамырдан бастап «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ бастығы болып тағайындалды.

Қызметінің бағыты: облыстық бюджетті орындау, облыс бюджетінің орын,далуын үйлестіру, облыстық коммуналдық меншікті басқару; 216 мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру, 397 мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыруды қамтамасыз ету; жергілікті облыс әкімдігінің шұғыл шығындарға арналған резерві мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған төтенше резервінің бюджеттік бағдарламаларын жүргізу; облыс әкімдігінің борышына қызмет көрсету; аудандар мен қалалар бюджеттеріне арналған «ресми трансферттер» бюджеттік бағдарламасын жүргізу.

Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері:
Пошта индексі: 070004 Облыс: Шығыс Қазақстан
Қала: Өскемен, М. Горький көшесі, 65
Е-mail: Info_vko@oblfin.kz
Меншік түрі: мемлекеттік, коммуналдық.
Қабылдау уақыты:әр айдың 1-ші бейсенбісі  14.00-ден 16.00-ге дейін

Байланыс телефондары:

Басқарма басшысы - Оразалиев Серікқазы Биғазыұлы. тел. 8 (7232) 24-90-43, 8 (7232) 26-52-59 қабылд.

Тарихи анықтама: Өскемен қаласында қаржы органдары 1919 жылғы желтоқсан айының соңына таман ұйымдастырыла бастаған. 1920 жылы жұмысшылар, шаруалар және қызыл армия депутаттары Кеңесінің атқарушы комиетіне бағынатын алғашқы Өскемен уездік қаржы бөлімі құрылған. Уездік қаржы бөлімінің жауапты тұлғалары мен жұмысшыларын тағайындау 1919 жылғы 31 желтоқсанда жүргізілген. Өскемен уездік революция комитетінің № 3 бұйрығымен қаржы бөлімінің бірінші меңгерушісі болып Павлов Вадим Иванович тағайындалған.

Салық аумағының кеңеюі, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы қаржы инспекторларының учаскелерін қайта аудандауға әкеліп соқты. Осылайша 1923 жылы Өскемен уезінде 6 қаржы ауданы пайда болды. Біріншісінің құрамына Предгорненская және Краснооктябрьская болыстары кірді, инспектор резиденциясы Верхне-Убинское ауылында орналасты. Екінші ауданның құрамына қаржы инспекторының резиденциясы Риддер ауылында орналасқан Тарханская және Риддерская болыстары кірді. Келесі ауданға инспектор резиденциясы Усть-Бухтарминское ауылында орналасқан кеңес болысы кірді. Төртіншісіне инспектор резиденциясы Ново-Устькаменогорское ауылында орналасқан Ленинская, Менделеевская, Уланская және Пролетарская болыстары кірді. Бесінші ауданның құрамына инспектор резиденциясы Георгиевское ауылында орналасқан Свердловское, Чарское, Колбинское болыстары, алтыншы ауданның құрамына инспектор резиденциясы Мечеть ауылында орналасқан Буконь болысы кірді. Сонымен қатар Өскемен қаласының аумағы Ленин көшесі арқылы Оңтүстік-Батыстан Солтүстік –Шығысқа қарай 2 учаскеге бөлінген.

1924 жылы уездік қаржы бөлімінің қызметі кеңейді, КСРО ХКК 1923 жылғы 11 қарашадағы қаулысын орындау үшін Семей губерниялық қаржы бөлімінің 1924 жылғы 26 қаңтардағы № 255 бұйрығына сәйкес Упродкомның салық бөлімі мен уездік қаржы бөлімінің қосылу есебінен оның құрамына қосымша салық бөлімі мен ауылшаруашылы бөлімінің бөлімшесі кірді.

1920-23 жылдары мемлекеттік мүліктік сақтандыру халық шаруашылығын қалпына келтірудің бір әдісі болып табылуына байланысты қаржы бөлімінің штатына мемлекеттік сақтандыру агенттері кірді. 1926 жылдан 1928 жылға дейін уездік қаржы бөлімі өзінің негізгі қызметін кіріс-шығыс кассалары арқылы есеп жүргізу бойынша атқарды. 1928 жылы бұл кассалардың негізгі қызметтерін қаржы халық комиссариатының қазынашылық бөлімдеріне берілді, уездік қаржы бөлімі өзінің жұмысында негізгі директивалық нұсқау – 1926 жылғы 16 маусымда РКФСР орталық атқарушы органы бекіткен РКФСР жергілікті қаржылары туралы ережені басшылыққа алды. Аудандауға байланысты 1928 жылы Өскемен уезі Семей округінің Өскемен, Риддер, Уба, Жарма, Ұлан, Шар аудандарына бөлінді. Уездік қаржы бөлімінің орнына Өскемен қаласында Семей округі жұмысшылар, шаруалар және қызыл армия депутаттарының кеңесі атқарушы органының Өскемен қаржы бөлімі құрылды. 1939 жылы көптеген өзгерістер болды:

Өскемен ауданы Киров ауданы болып қайта аталуына байланысты Өскемен қаржы бөлімі Киров қаржы бөлімі болып атала басталды, кейіннен ол 1963 жылғы ақпан айында таратылды. 1939 жылы Қазақ КСР-і Жоғары Кеңес Президиумының Шығыс Қазақстан облысы бойынша ұйымдастыру комитетінің қаулысымен ШҚ облыстық халық депутаттары кеңесінің атқарушы комитетіне бағынатын ШҚ облыстық қаржы бөлімі құрылды. Меңгерушісі болып Парманов бекітілді.

1963 жылы облыстық атқару комитеті ауылдық және өнеркәсіптік болып екіге бөлінуіне байланысты облыстық қаржы бөлімі өнеркәсіптік және ауылдық облыстық атқарушы комитетіне бағынды. Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесі Президиумының 1964 жылғы 17 желтоқсандағы Жарлығымен өнеркәсіптік және ауылдық облыстық атқарушы комитеттері таратылып, бірыңғай облыстық кеңестің атқарушы органы құрылды. Қаржы бөлімі Шығыс Қазақстан облыстық еңбекшілер депутаттары Кеңесінің атқарушы органына бағына бастады. «О дальнейших мерах по совершенствованию административно-территориального устройства Республики Казахстан» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 1 шілдедегі Жарлығына сәйкес Шығыс Қазақстан және Семей облыстары Шығыс Қазақстан облысына біріктірілді.

Сонымен бірге біріккен облыстың аудандары мен қалаларын ішінара тарату және ірілендіру жүргізілді. Екі облысты қосу кезінде 28 аудан мен қалалар болса, қайта ұйымдастырудан кейін дербес бюджеттердің саны 19 болды. «Облыстың мемлекеттік басқару органдарының құрылымы туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 18 қаулысына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесі қосылу жолымен «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылды.

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы