|
Ауыл шаруашылық басқармасы
Заңнама
Виртуалды қабылдау
Басқарманың жұмысы туралы есептер
Сайт управления: www.agro.vko.gov.kz
Селиханов Дюсумбай Макзұмұлы –Басқарма бастығы.
Селиханов Д.М. 1952 жылы 1 қаңтарда Ресей Федерациясы Алтай өлкесі Шипуновский ауданы Вахитово кентінде туған.
1975 жылы Семей зооветеринарлық институтын тәмамдап, ғалым-зоотехник мамандығын алып шықты.
2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын аяқтаған соң юриспруденция, заңгер квалификациясы берілді.
Еңбек жолын 1975 жылы Үржар ауданындағы Ленин атындағы ұжымшарда зоотехник-селекционер болып бастады. Одан соң осы шаруашылықта зоотехник және шаруашылық төрағасы болды.
1988-1993 жылдары кеңес, партия органдарында әр түрлі қызметтерді атқарды.
1993-2007 жылдары Үржар ауданы басшысының орынбасары, Үржар ауданының әкімі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
2007 жылдан бастап көші-қон департаментінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша комитетінің бастығы болды.
Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы лауазымына 2009 жылғы 30 наурызда тағайындалды.
Азаматтарды қабылдау: сейсенбі күні 16-00 18-00 дейін.
Басқарманың мекен жайы: Өскемен қаласы, Головков к-сі, 38/40.
Телефон: 8 (7232) 24- 23 -04.
E-mail: gai_vladimir@mail.ru
Негізгі қызмет түрі
1) Аграрлық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және соның негізінде агроөнеркәсіп кешені дамуының болашағы мен үрдістерін айқындау;
2) нарықтық инфрақұрылымның және нарықтық үлгідегі ұйымдық құрылымдарының қалыптасуына, бірыңғай қаржылық- инвестициялық саясатты жүргізуге ықпал ету;
3) ақпараттық маркетингтік қамтуды, облыс және республика өңірлері бойынша нарықтық жағдайды, ауыл шаруашылық өнімдерін және оның өңдеуден өткен өнімдерін экспортқа шығару мүмкіндіктерін зерделеуді ұйымдастыру;
4) агроөнеркәсіп кешені салалары дамуының облыстық бағдарламаларын әзірлеу, облыстық бюджеттің жобасын әзірлеуде ұсыныстар енгізу;
5) ауыл шаруашылық құрылымдарын, тамақ және қайта өңдеу кәсіпорындарын қайта құрылымдау және қаржылай сауықтыру шараларын жүзеге асыру;
6) тамақ және қайта өңдеу кәсіпорындарының ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен және сауда-жабдықтау ұйымдарымен бірге шаруашылықаралық бірігуін дамытуға және жетілдіруге ықпал ету;
7) ауыл шаруашылық ресурстарын кешенді түрде пайдалану, өндірістік өнімнің жаңа түрлерін игеру, құрал-жабдықтарды жаңғырту, инвестициялық-инновациялық стратегияны жүзеге асыруға қатысу бойынша іс-шараларды әзірлеу;
8) агроөнеркәсіп кешенін техникалық қайта жабдықтау, лизинг бойынша ауыл шаруашылық техникасын және технологиялық құрал-жабдықтар жеткізу мәселелеріне қатысу.
|