|
Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
Заңнама
Виртуалды қабылдау
Есептер мұрағаты
Сайт управления: http:www.predprom.vko.gov.kz
Басшы туралы:
Бұқтұғұтов Шәкәрім Сабырұлы
1961 жылы 8 наурызда Көкшетау қаласында дүниеге келген, ұлты – қазақ.
1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын инженер-механик мамандығы бойынша, 1996 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.
Өзінің еңбек жолын ЖОО бітіргеннен кейін темір ұстасы болып, кейін «Усть-Каменогорскснаб» басқармасының бас механигі болып бастады. Содан кейін облыстың жабдықтау, сату және көтерме сауда жүйесінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
Бес жыл көлемінде «Востокпром», Шығыс Қазақстан сусын шығару өндірістік бірлестігі, «Әділ» АҚ сияқты өнеркәсіп кәсіпорындарын басқарды.
1997 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.
2002 жылға дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары.
2002-2006 жж. Риддер қаласының әкімі болды.
2006 жылдан 2007 жылға дейін ҚР Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің ШҚО бойынша монополияға қарсы басқармасын басқарды.
2007 – 2008 жылдары Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарды.
2009 жылғы 23 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы болып тағайындалды.
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Горький көшесі 40
Телефон: 8 (7232) 26-38-71
Азаматтарды қабылдау уақыты: апта сайын сәрсенбіде сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
Қызметінің бағыты:
Басқарманың негізгі міндеттері болып табылады:
1) қолданыстағы заңнамада белгіленген шекте шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, индустриялық-инновациялық дамыту, өнеркәсіп, мемлекеттік сауда саясаты салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;
2) өз құзыреті шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асыру;
3) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау;
4) облыста шағын кәсіпкерлік және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құруды және дамытуды қамтамасыз ету;
5) Қазақстанды индустриялық-инновациялық дамытудың 2005-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыруды жүзеге асыру.
14. Басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) өз өкілеттігі шегінде шағын кәсіпкерлікті қолдау, инновациялық қызметті және ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
2) Шығыс Қазақстан облысының экономикалық Кеңесінің мәжілістерін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
3) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және бірлескен барлау және өндіруге келісім-шарттар жасасу, тіркеу және орындау;
4) келісім-шарт жасасу кезінде облыс тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүддесін сақтауға байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізуге қатысады;
5) жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарт міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізеді;
6) тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу кезінде қазақстандық қамту туралы ақпарат жинау, талдау және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне ұсыну;
7) Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңесінің мәжілістерін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
8) жергілікті көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастыруды жүзеге асырады;
9) облыстың сауда және нарық конъюнктурасының даму динамикасына мониторинг жүргізуге қатысу;
10) ай сайын жүргізілетін мониторинг нәтижелерінің негізінде анықталған негізсіз бағаны өсіру жағдайында аса маңызды азық-түлік тауарларының бағаларын төмендетуге бағытталған шараларды қабылдайды;
11) облыстың сауда базарларына жабдықталуына және ұсынатын қызмет түрлеріне сәйкес санат беру жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
12) қызметтің мынадай түрлерін: заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және сатуы; алкаголь өнімдерін сақтау, бөлшек және көтерме сату жөніндегі лицензиар өкілеттігін жүзеге асырады;
13) қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензияланатын жекелеген қызмет түрлері бойынша 357-2-бапта (бірінші бөлімде) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға материалдарды дайындау;
14) белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың арыздарын, шағымдарын, ұсыныстарын қарауды жүргізеді.
|