Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

2009 жылдың атқарылған жұмыс нәтижелері туралы ақпарат

«ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2009 жылдың бірінші жарты жылдығындағы атқарылған шаралары бойынша қорытындысы

Жолдарды дамыту бойынша: ШҚО Республикада 11829 км құрайтын, оның ішінде республикалық-3420 км, облыстық-2247 км, аудандық-6162 км автомобиль жолдарының жалпы пайдаланудағы аралық желісін жайғастырып жатыр.
2009 жылы автомобиль жолдарын салуға, жөндеуге және қамтамасыз етуге жергілікті әр түрлі деңгейдегі бюджеттен 3308,1 млн. тенге, және:

- арнаулы транфертпен республикалық бюджеттен – 1874,9 млн. тенге. Бастапқыда осы жылға арнаулы трансфертпен 3056 млн. тенге қарастырылған болатын. Жаңа құрылыс обьектілерінен көлік және коммуникация Министрлігінің дағдарысқа қарсы шараларының нәтижесінде 1181,3 млн. тенгені құрайтын қаражат алынып тасталды. Соған қарамастан ағымдағы жылда республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың көлемі өткен жылғыға қарағанда 4,2%-ке көп. Бөлінген қаражатқа байланысты  «Риддер қаласының айналып өту жолдарының құрылысы» және «Өскемен-Тарғын-Самар», «Семей-Долонь-Үлкен Владимировка», «Шемонаиха-Секисовка», «Семей-Курчатов», «Семей-Караул» және «Большенарым-Күршім» автожолдарының күрделі жөндеуден өту жұмыстары жалғастырылды.

-  2009 жылы жол саласына облыстық бюджет қаражатынан 778 млн. тенге қарастырылған. Бұл қаражаттың арқасында 2009 жылы «Көкпекті-Самар» автожолының күрделі жөндеу жұмысының жалғастырылуы, «Семей-Караул» автожол учаскесінің орташа жөндеу жұмысының басталуы, «Өскемен-Тарғын-Самар» автожолының 35 км су өткізу құбырының орташа жөндеу жұмыстары, «Новопокровка-Зубаир-Байтанат-Кеден посты «Байтанат», «Күршім-Қалжыр», «Мақаншы-Жалаңашкөл», «Өскемен-Тарғын-Самар» автожолдарының күрделі жөндеу жұмыстарына ПСД құрастырылуы көзделіп отыр.

Бүгінгі күнде жергілікті мәндегі жолдардың күрделі жөндеуден өту жайлы барлық келісімдері лонгирленген, мемлекеттік закупка бойынша барлық конкурстар жүргізілді. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ағымдық жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне және облыстық мәндегі жолдарды қамтамасыз етуіне келісімдерге қол қойылды.
Қала және аудан бюджеттерінен 1888,5 млн. тенгені құрайтын қаражаттың, соның ішінде 655,2 млн. тенге – аудандық мәндегі жолдарды жөндеуге және қамтамасыз етуге, 1233,3 млн. тенге – қала көшелерін және елді мекендерді жөндеу жұмыстарына бөлінуі көзделуде.

Бүгінгі күнде қала және аудан акиматтары тарапынан аудандық мәндегі жолдарды жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты мемелекеттік закупка бойынша конкурстар жүргізілді.
Ағымдағы жылда 2009 жылдың 6 наурызындағы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Дағдарыстан жаңаруға және дамуға» жолдауы бойынша ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен облыстық жолдарды жөндеу жұмыстарының тізімі құрастырылды.

Осы тізімге сай «Жол картасы» бойынша жол саласына 4445,6 млн. тенгені құрайтын қаражаттың бөлінуі жоспарланып отыр. Облыс бойынша бұл бағдарламаға сәйкес 183 обьектісіне жөндеу жұмыстарының жүргізілуі көзделіп отыр. Жолдаудың негізгі міндеті босатылып жатқан жұмысшыларды жұмыспен қамтамасыз ету болғандықтан, ең алдымен ауқымы көп жөндеу жұмыстарына, яғни орташа ағымдық жолдарды жөндеу және қамтамасыз ету жұмыстарына көңіл бөлінеді. Бұл қаражаттың арқасында  облыс бойынша 6,3 мың адамды жұмыспен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Көлік Министрлігі және ҚР коммуникациясы мен  ШҚО әкімі арасында «Жол картасы» бойынша жобаның жүзеге асырылуы жайлы келісімге қол қойылды.     
Басқармамен «Жол картасы» бойынша іске асатын обьектілеріндегі жөндеу жұмыстарындағы жұмысшылардың орташа еңбекақылары белгіленді. Ол облыс бойынша бір адамға 30 мыңнан 40 мыңға дейінгі теңгені құрады.
Қазіргі кезде конкурс құжаттамаларын құрастыру және мемлекеттік закупка бойынша конкурстар жариялау жұмыстары жүргізілуде.

Жолаушыларды тасымалдау бойынша:

ҚР «Темір жол туралы» Заңы, ҚР «ҚР жергілікті мемлекеттік басқармасы туралы» Заңы бойынша 18 қараша 2005 жылғы ШҚО акиматының қаулысы бойынша «Защита-Зырян», «Защита-Лениногорск», «Защита-Серебрянск» темір жолдары арқылы әлеуметтік маңызы бар ауданаралық қатынастар белгіленді.

Жыл сайын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды іске асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындары ҚР заңы бойынша бюджет қаражаты арқасында субсидияланады.
Ағымдағы жылда 105 млн. тенгеге жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен КГП «Шығыс Жолсерік» арасында «Защита-Лениногорск», «Защита-Серебрянск» және 40 млн. тенгеге «Қала маңы тасымалдау» АҚ-мен «Защита-Зырян» ауданаралық қатынастар маршруттары бойынша жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру келісімдеріне қол қойылды.

«Защита-Зырян» маршруті бойынша пойызы апта сайын 4 рез 3,5,6,7 және жыл сайын мейрам күндері бағытталады, пойыз құрамы 4 вагон. Плацкарт вагонында жүру құны 259-555 теңгеге дейін, ортақ вагонында километражға байланысты 198-373 теңгеге дейін құрайды.

«Защита-Лениногорск» пойызы апта сайын 4 рез 3,5,6,7 және жыл сайын мейрам күндері бағытталады, пойыз құрамы 2 вагон. Жүру құны километражға байланысты 40-200 теңгеге дейін.
«Защита-Серебрянск» пойызы апта сайын 4 рез 3,5,6,7 және мейрам күндері бағытталады, пойыз құрамы 7 вагон. Жүру құны 20-180 теңгеге дейін. Пойыз жүрісі километражға байланысты 29 сәуір айынан қазан аралығында басталады.

Ағымдағы жылда КГП «Шығыс Жолсерік» балансындағы 3 жолаушылар вагоны сәуір айында күрделі жөндеуден өтуіне бағытталады және облыстық бюджет қаражатының арқасында қызмет уақыты (КР-2 ауқымы бойынша) ұзартылады.
2009 жылы 3 ай бойы ауданаралық қатынастар арқылы темір жол көлігімен 52712 жолаушы тасымалданды, 32,9 млн. теңгені құрайтын субсидиялар төленді.

2009 жылы бюджет бағдарламасы құжатына сәйкес басқарма мен «SCAT» әуекомпаниясы арасында «Өскемен-Семей-Урджар», «Өскемен-Күршім», «Өскемен-Катон-Қарағай» және «Өскемен-Зайсан»  ішкі әуе желісі бойынша жолаушыларды тасымалдау келісімі жасалды. Ағымдағы жылда белгіленген маршруттар бойынша тұрақты ішкі әуе тасымалдауды субсидиялау үшін облыстық бюджеттен 118,6 млн. теңге бөлінді.
Ағымдағы жылдың 3 айы ішінде әуекомпаниясымен 41 рейс орындалды, 598 жолаушы тасымалданды, атқарылған жұмысқа байланысты акт бойынша 22,5 млн. теңге төленді.

«Өскемен-Зайсан» рейсі АН-24 ұшағында жыл сайын аптаның 1 және 5 күндері орындалады. Билет құны – 5500 теңге.
«Өскемен-Катон-Қарағай» рейсімен жазғы кездері маусым айынан тамыз аралығында апта сайын 2 рез АН-2 ұшағында ұшу көзделіп отыр. Билет құны – 3500 теңге.

«Өскемен-Күршім» рейсімен сәуір айында апта сайын АН-2 ұшағында ұшу көзделіп отыр. Билет құны – 3500 теңге.
«Өскемен-Семей-Урджар» рейсі АН-24 ұшағында жыл сайын аптаның 1 және 5 күндері орындалады. Өскеменнен Урджар с. дейін билет құны 6000 теңгені, Семей қ. дейін 2000 теңгені, Семей қ. Урджарға дейін 6000 теңгені құрайды.

Тұрақты қала іші, қала маңы, аудан іші, облыс іші ауданаралық, қалааралық маршруттарда қызмет көрсету бойынша екі конкурс өткізілді, қорытындысы бойынша жаңа №17 қала іші маршруті, «Өскемен-22 км» қала маңы саяжай маршруті және «Бурас-Семей» облыс іші қалааралық маршруті ашылды.

Саяжай массивіне апаратын жолдардың жағдайы тексеруден өткізілді, саяжай автобустық қатынастар қайта басталды. Жаңа № 407 «Металлург-2-с/т.Надежда» маршруті ашылды.

67 пунтіне сәйкес жолаушыларды тасымалдау және автомобиль көлігімен  жүк ережесіне сәйкес Өскемен қаласының автовокзалдары тексеруден өткізілді.    

 

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы