Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

"Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" Мемлекеттік Мекеме

Виртуалды қабылдау
 Сайт: www.transportvko.gov.kz
Сипаттама: ШҚО. Өскемен қаласы, Ушанов, 27

Исахов Мақсұт Пернебайұлы

Исахов Мақсұт Пернебайұлы 1974 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Шардары ауданының Қазақстан ауылында дүниеге келген. 1996 жылы «Экономист – ауыл шаруашылығы өнімдерін ұйымдастыру» біліктілігі бойынша Қазақстан ауыл шаруашылық  институтын бітірген. 1999 жылы «Заңгер» біліктілігі бойынша Д.А. Қуанаев атындағы Гуманитарлық институтты бітірген. Үйленген.
Еңбек қызметі:
08.1996 - 02.2000 ж.ж. – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Бас ІІД Қылмыстық іздеу басқармасының ішкі істер органдарында қызмет атқарды, Шымкент қ.
02.2000- 02.2005 ж.ж.  – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бас кеден басқармасының маманы, аға, бас маманы, Шымкент қ.
02.2005-03.2005 ж.ж. – Алматы облысы, «Достық» кеденінің кедендік рәсімдеу бөлімінің бас маманы.
03.2005-01.2006 ж.ж. – Алматы облысы «Достық» кеденінің кедендік рәсімдеу бөлімі бастығының орынбасары. 
01.2006-06.2006 ж.ж. – Алматы облысы, «Достық» кеденінің кедендік рәсімдеу бөлімінің бастығы.
06.2006-08.2006 ж.ж. – Кедендік бақылау департаментінің Контрабандамен күрес басқармасы тергеу ісі және экономикалық қылмыспен күрес бөлімінің маман-тергеушісі, Астана қ.
08.2006-12.2006 ж.ж. – «Әуежай - Астана» кеден бекетінің бас маманы, Астана қ.
12.2006-09.2007 ж.ж. – «Қарағанды – кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетінің бастығы, Қарағанды қ.
02.2008-07.2008 ж.ж. – «Бірлестік» ШҚ басқарушы директоры, Астана қ.
07.2008-10.2008 ж.ж. – «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ, «Жорлаушы тасымалдаулар» АҚ сатып алулар және жабдықтау басқармасы бастығының орынбасары, Астана қ.  
10.2008-07.2009 ж.ж. – «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ, «Жорлаушы тасымалдаулар» АҚ сатып алулар және жабдықтау басқармасының бастығы, Астана қ.
07.2009-04.2010 ж.ж. – «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ, «Жорлаушы тасымалдаулар» АҚ сатып алулар және жабдықтау бойынша атқарушы директоры, Астана қ.  
05.2010-10.2011 ж.ж. – «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ – «Жаңа импортты алмастыратын өндірісті дамыту орталығы» филиалының директоры, Астана қ.
6.10.2011 – 26.01.2012 ж. – Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Өскемен қ.
2012 жылғы 26 қаңтарда «ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ бастығы лауазымына тағайындалды, Өскемен қ.


Қабылдау уақыты: әр айдың бірінші сәрсенбісі, сағат 16-00 ден 18-00 дейін;
Телефон/факс, сенім телефоны - 8(7232) 255940
Почта адресі - 070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19
E-mail: transportvko@mail.ru

Басқарманың негізгі функциялары болып табылады:

  1. жергілікті атқарушы органдардың жолаушы көлігінің қызметіне бірыңғай тапсырыс беру функцияларын орындау;
  2. жолаушыларды тасымалдау бойынша қызмет көрсететін тасымалдаушылар арасында тең құқықты бәсекенің дамуын қамтамасыздандыру;
  3. технологиялық құжаттаманы әзірлеу және бекіту;
  4. халықты және олардың мүдделерінің балансын сақтауын есепке ала отырып, меншік нысанынан тәуелсіз тасымалдаушылар көлігімен жүзеге асырылатын технологиялық басқару және жолаушыларды тасымалдау процессін үйлестіру;
  5. жолаушыларды тасымалдауға барлық меншік нысандарындағы тасымалдаушылармен, автожайлармен және автобекеттермен шарт жасасу;
  6. облыс аралық және мемлекет аралық жолаушыларды тасымалдауының әзірленуі, ашылуы (жабылуы), жұмыс істеу бойынша басқа облыстар және мемлекеттер басқармаларымен (департаменттермен) әрекеттесу;
  7. көлік кешенінің жұмыс істеу нормативтік-құқықтық базасын құру үшін құжаттардың жобаларын әзірлеу;
  8. жетекшілік жасау салаларының аясында халық аралық және облыс аралық ынтымақтастықты қамтамасыздандыру;
  9. ұзақ мерзімді бағдарламаларды, ғылыми-техникалық әзірлемелерді, жетекшілік жасау салаларының келешекке арналған болжамдарын әзірлеу және өткізу;
  10. жетекшілік жасау салаларындағы ақпаратты жинау, әлеуметтік- экономикалық ахуалды талдау және болжау;
  11. құрылысқа мердігерлерді анықтау мақсатында жарыстарды өткізуге жәрдемдесу және жергілікті автомобиль жолдарын күрделі жөндеу, автомобиль жол-құрылыс техникаларын және жабдықтарын сатып алу, жергілікті жолдарды ұстауын бақылау;
  12. құрылысқа жобалау-смета құжаттамаларының әзірленуін бақылауды жүзеге асыру, жергілікті автомобиль жолдарын кеңейту, қайта құру, жөндеу және облыс аумағында оларды іске асыру;
  13. басқарманың алдына қойылған міндеттерді орындауға бағытталған ұсыныстарды әзірлеуге және мемлекеттік қаражаттарды таратуға қатысу. Құрылысқа, қайта құруға, күрделі жөндеуге тиісті жергілікті атомобиль жолдарының жобалау-смета құжаттамаларын қарау және келісу;
  14. жергілікті автомобиль жолдарын күрделі жөндеулерінің уақытында орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
  15. облыста көліктің және жол шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық даму облыстық мақсатты бағдарламаларын әзірлеу, үйлестіру, іске асыру;
  16. қайта құру мақсатты бағдарламаларын және жергілікті жолдар жүйесінің дамуын, құрылысын қаржылық және материалдық жағынан қамтамасыз ету сұрақтарының шешіміне қатысу;
  17. жергілікті жолдар жүйесін қамтамасыздандыруын жүзеге асыру, облыста жергілікті атқарушы органдарымен әрекеттесу арқылы жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының барлық түрлерін ұйымдастыру;
  18. автомобиль жолдарының, жолаушы тасымалдаушылардың жылжымалы құрамының техникалық және пайдалану жағдайын зерттеуіне қатысу;
  19. монополияны реттеу және көлікте тарифтің құрылуын қарау бойынша бәсекені қорғау бойынша комитеті арқылы экспорттық кеңесте қатысу;
  20. жолаушыларды халықаралық және қалааралық тасымалдау бойынша технологиялық құжаттамаға келісу (жүйелер, қозғалыс кестесі);
  21. қалааралық, қала маңындағы және елді мекендерін: кенттерді, ауылдарды аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық (астана) қалаларымен қосатын облыс аралық тұрақты жолаушыларды және жүкті автомобильдер тасымалдауын ұйымдастыру шарты бойынша автобустардың және микроавтобустардың белгіленген қозғалыс кестесін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
  22. басқа облыстардың және мемлекеттердің тәжірибесін есепке ала отырып, ведомстволық бағыныстағы салалардың басқару жүйесін және құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау;
  23. кәсіпорындарға және кәсіпкерлерге консалтингілік қызметтер, сонымен қатар маркетинг, менеджмент және инжиниринг бойынша қызметтер көрсету;
  24. товарлар және қызметтер нарығында кәсіпкерліктің және бәсекенің дамуына көмектесетін ұйымшылдық, экономикалық және құқықтық сипатта шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
  25. инвестициялық саясатты жүргізу;
  26. төтенше ахуалдары пайда болғанда қажет шараларды іске асыру;
  27. басқарма оған жүктелген міндеттерінен шығып жатқан және қолданыстағы заңдарына қарама-қайшылық келтірмейтін басқа да функцияларды орындайды.

 


Мүрағат

 
  2009 жылдың бірінші жарты
 
 

2008 жылдың 10 айына

 
 

2007 жылғы 3 тоқсанда

 

2007 жылғы 1 тоқсанында

 

 

 

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы