|
ШҚО сәулет және қала құрылысы басқармасы
Заңнама
Мұрағат
Виртуалды қабылдау
Сайт: www.arhitecvko.gov.kz
Аманбай Мұхамедиярұлы Нұркенов — ШҚО Сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы
1963 жылы 21 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Алғабас ауданы Бүгін ауылында туған, ұлты – қазақ.
1985 жылы сәулетші мамандығы бойынша Өскемен құрылыс-жол институтын бітірді. 1995 жылы іскерлі басқару магистры мамандығы бойынша Қазақстан экономика, менеджмент және болжау институтын аяқтады.
Еңбек жолын диплом алғаннан кейін «Семейоблауылөнім» ГПИ сәулетші болып қызмет атқарды.
13.05.1986 - 13.10.1989 - «Казгипросельхоз» ТГПИ, сәулетші
18.10.1989 - 03.06.1991 - Ұлан аудандық атқарушы комитет, сәулетші
03.06.1991 - 05.04.1995 - Ұлан коммуналдық шаруашылығы көпсалалы кәсіпорын, директор
24.07.1995 - 01.10.1995 - Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігінің сауда және сыртқы экономикалық байланыс департаменті, жетекші маман
01.10.1995 - 17.01.1996 - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының сауда және сыртқы экономикалық байланыс департаменті, бас маман
17.01.1996 - 26.04.1996 - Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы облыстық басқармасы, бастықтың орынбасары
29.04.1996 - 16.02.1998 - ШҚО құрылыс, сәулет және ТҮКШ басқармасы, сектор меңгерушісі
16.02.1998 - 30.07.1999 - Курчатов қаласы әкімінің орынбасары
02.08.1999 - 01.06.2001 - Құрылыс және сәулет бөлімінің бастығы, облыстың бас сәулетшісі
01.06.2001 - 13.03.2002 - ШҚ ТҮКШ және жолдарды дамыту облыстық басқармасы, басқарма бастығының орынбасары
14.03.2002 - 31.12.2005 - ШҚО бойынша аумақтық сәулет-құрылыстық бақылау, инспекторлау және лицензиялау басқармасының бастығы
01.01.2006 - 27.03.2006 - ҚР индустрия және сауда министрлігінің ТҮКШ және құрылыс істері бойынша коммитетінің тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары.
05.10.2006 - 23.04.2007 - Курчатов қаласы әкімінің орынбасары
Жиырма жылдан аса сәулет және қала құрылысы саласында жұмыс істеп келеді. 2006 жылдан 2007 жылға дейін ШҚО сәулет және қала құрылысы басқармасы бастығының орынбасары.
2008 жылғы 28 мамырда Шығыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы болып тағайындалды.
Үйленген, екі ұлы бар.
Азаматтарды қабылдау күні және уақыты әр айдың 4-ші жұмасы 14.00-ден 16.00-ге дейін
Телефоны 8(7232)26-89-81
Функционалды міндеттері: Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және жалпы басшылықты жүзеге асырады, басқарманың қызметі үшін толық жауапты. Мемлекеттік органдарда және ұйымдарда қолданыстағы заңдарға сай өз құзіреті шегінде Басқармаға өкілдік етеді. Өз орынбасарының және құрылымдық бөлімше жетекшілерінің жауапкершілік деңгейлерін, міндеттерін айқындайды. Облыс Әкімімен бекітілген лауазым номенклатурасына сай басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан бостады. Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза салады және көтермелейді. Өз құзіреті шегінде қызметкерлер үшін орындауға міндетті түрдегі бұйрықтар, өкімдер шығарады. Басқарманың бөлімдері туралы ережені және бөлім жұмысының жоспарын бекітеді. Хаттар, өтініштер және азаматтардың ауызша өтініштері бойынша жұмыстар тәртібін анықтайды, Қазақстан Республикасы Президентінің Актілері, облыс Әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауға алады.
Басқарманың мекенжайы: Қазақстан көшесі, 27
Электрондық адресі: Uprav_arh@mail.kz
Басқарманың қызметі мен мақсаты
1. Басқарма қызметінің мәні облыс аумағындағы сәулет-қала құрылысы қызметі саласында мемлекеттік саясат жүргізу болып табылады.
2. Басқарма қызметінің мақсаты облыс аумағындағы сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы стратегиялық жоспарлар мен міндеттерге қол жеткізу мен жүзеге асыру болып табылады.
Басқарманың функциялары
Қызметінің мәнін орындау үшін Басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламаларының құрамында облыс аумағының қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларының жобаларын (облыстың аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және облыс әкімдігі арқылы оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну;
2) ведомстволық бағынысты, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыс әкімінің облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсынуды әзірлеу;
3) құрылыс салудың, аумақты абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің аумақтық ережелерін, сондай-ақ тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды сақтау және күтіп-ұстау ережелерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу;
4) аумақтарда құрылыс салудың, абаттандыру мен инженерлiк жағынан қамтамасыз етудің аумақтық ережелерiн, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де үйлердi және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттарды, инженерлiк коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтау мен күтiп ұстау ережелерiн облыс әкімінің облыстық мәслихаттың бекiтуiне ұсынуды әзірлеу;
5) облыстық әкімдікке Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ведомстволық бағынысты әкiмшiлiк-аумақтық бірліктердiң шекараларын белгiлеу немесе өзгерту жөнiнде қала құрылысынан туындайтын факторларға байланысты облыстық мәслихатқа ұсыныстар енгiзу бойынша материалдарды әзірлеу;
6) облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларын келiсiмдеу;
7) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;
8) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекіту және іске асыру;
9) облыстық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;
10) халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
11) «Мекенжай тiркелiмi» ақпараттық жүйесiн жүргiзу және толықтыру;
12) елді-мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсаттар беру;
Басқарманың құқықтары
Басқарма келесі құқықтарға ие:
1) облыс әкімі және облыстық мәслихатқа Басқарманың құзыретіне қатысты мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстарды қарастыруға енгізу;
2) келіссөздер жүргізу және келісімдерге, өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өзге заңнамалық актілерге қол қою;
3) Басқармаға өз құзыреті шегінде жүктелген функцияларды орындау үшін тиісті мемлекеттік билік органдарынан, ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындардан ақпарат сұрау және алу;
4) Басқарма, осы Ережеде көрсетілген құқықтармен қатар, оған қолданыстағы заңнамамен берілген өзге де құқықтарға ие.
|