Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

«Шығыс  қазақстан  облыстық  орман  және  аңшылықшаруашылығы  аумақтық  инспекциясы» ММ

Заңнама

Виртуалды қабылдау

Басшы туралы мәлімет:

Мекеме бастығы - Калмыков Амангелді Ғайниұлы

20.10.1949 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, Семей дайындау техникумын (Аңшылық ісін танушы- аң өсіруші), Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (Мемлекеттік және муниципалды басқару) бітірген.

Еңбек жолы:
1970-1971 - Зырян аң шаруашылығы,  бригадир;
1971-1972- Золотушинский кен басқармасы,  ағаш ұстасы;
1972-1973 - Өлкелік аңшылар қоғамы,  төраға;
1973-1975 - Байкит кәсіпшілік шаруашылығы, жұмысшы;
1975-1977 - Александровский кооперативтік аң өндірісі шаруашылығы, өндіріс учаскесінің меңгерушісі;
1977-1981 - Шемонаиха аудандық тұтынушылар одағы,  нұсқаушы, аңшылық ісін танушы;
1981-1986 - Шемонаиха аудандық тұтынушылар одағының дайындау конторы, аңшылық ісін танушы;
1986-1997 - ШҚО облыстық аңшылар қоғамы, төраға;
1997-2000 - Шығыс Қазақстан облыстық орман және аң шаруашылғы бірлестігі, Бас директор;
2001-2002 - Шығыс Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы, басқарма бастығы;
2002-2008 - Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы, басқарма бастығы;
2008-қ/у - Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы, инспекция бастығы.

Басшының лауазымдық міндеттері: Бастық инспекцияның жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрі Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуы және өз функцияларын жүзеге асыру үшін, сондай-ақ шығыс құжаттардың сапасы мен уақытында істелуіне жауапкершілікте болады.

Мекеме қызметінің бағыттары
Инспекция орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін (балықтан және өзге де су жануарларынан басқа) қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы атқарушылық және бақылау функцияларын орындауға уәкілетті аумақтық орган болып табылады

Мекеменің мекенжайы: Өскемен қ., Тоқтаров көш., 40
Телефоны: 8(7232) 26-27-56,
азаматтарды қабылдау уақыты: сейсенбі, бейсенбі сағ. 14-00-ден 16-00-ге дейін
электрондық мекенжайы: bioresursy@mail.ru 

«Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» ММ (бұдан әрі Инспекция).

Инспекцияның негізгі міндеттері:

- Орман, аңшылық шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік реттеуді жүргізу;
- Төмендегі мекемелердің мемлекеттік орман қоры аумақтарында биологиялық ресурстарды күзетуге, қорғауға, молықтыруға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру:
-  ШҚО әкімдігінің құрамында 13 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі бар «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті» ММ – 2 млн. 187 мың га;
- «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» ММ – 102,9 мың га;
- «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» ММ – 56 мың га;
- құрамында 10 филиалы бар «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» ММ – 665 мың га;
- «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» ММ – 643 мың га;
- Құлжа мемлекеттік табиғи қаумалы (зоологиялық) – 46 мың га;
- Тарбағатай мемлекеттік табиғи қаумалы (зоологиялық) – 240 мың га;
- «Қаратал құмы» мемлекеттік табиғи қаумалы (ботаникалық) – 1 мың га;
- Тқменгі Тұрғысын мемлекеттік табиғи қаумалы (ботаникалық) – 2 мың га;
- «Көкшілтау самырсын тоғайы» мемлекеттік табиғат ескерткішінің – 137 га;
- «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы – 4,3 мың га;
- Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменті – 3,2 мың га;
- мемлекеттік орман қоры учаскелерін  жалға алған 108 орман пайдаланушының, оның ішіінде 22 орман пайдаланушы ағаш дайындаумен айналысады.

Аумақтық инспекцияның жұмысы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен келісілген және Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры бекіткен жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Инспекция жоспарлы тексерістерден басқа мемлекеттік орман қоры аумағында болған  ауданы 3 гетардан асатын орман өрттерінің туындау себептеріне тексеріс жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізеді. Аумақтық инспекцияның мамандары прокуратура, салық инспекциясы және қаржы полициясы органдарымен бірлескен тексерістерге, сондай-ақ  жоспардан тыс жүргізілетін тексерістерге тартылады.
2010 жылы Инспекция мамандары орман шаруашылығы және ЕҚТА саласындағы заңнамалардың сақталуы бойынша жұмыстарды  жүзеге асырды, табиғат қорғау заңнамасын сақтау мәселелері бойынша 205 рейд және 149 тексеріс жүргізілді.
Анықталған бұзушылықтар негізінен заңсыз кесу, өсіп тұрған сүректі босату ережелерін бұзу, кеспеғашты бөлу және бағалау ережелерін бұзу, ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, санитарлық ережелерді бұзу, ЕҚТА аумағында табиғат қорғау режімін сақтамау болып табылады.
2010 жылы бөлім мамандарымен орман заңнамасын бұзушылық бойынша 222 бұзушылық анықталды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 212 хаттама жасалды (немесе өткен жылмен салыстырғанда 275 %) оның ішінен 7 іс  ҚР ӘҚБтК-нің 283-бабының 1-бөлігі (ағаштарды заңсыз кесу) бойынша  сотқа берілді және қаралды.1582,96 мың теңге сомаға айыппұл салынды, оның 1582,96 мың теңгесі өндіріліп алынды және 274,5 мың теңге сома келтірілген залал қайтарылды.

Оның ішінде:

орман заңнамасы бойынша – 177 хаттама;
ЕҚТА режімін бұзу бойынша – 35 хаттама.
Сүректі заңсыз кесу бойынша 9 іс Ішкі істер департаментіне берілді.
2010 жылдың өрт қауіпі бар маусымында облыс бойынша жалпы ауданы  592,5 гектар ауданда 99 орман өрті оқиғасы болды, оның 89-ы жалпы ауданы  570,9 га аумақта «Семей орманы» МОТР аумағында болды, оның 22,3 гектары орман көмкерген алаң.
Қызметтік тергеулер жүргізілген ірі орман өрттері:

  1. «Семей орманы» МОТР-дың Жаңа Семей филиаланыда 30 га ауданда;
  2. «Семей орманы» МОТР-дың Беген филиаланыда 485 га ауданда;
  3. «Семей орманы» МОТР-дың Канонер филиаланыда 20 га ауданда;
  4. «Орман шаруашылығының Верх Уба мемлекеттік мекемесі» ММ-де 7 га ауданда;
  5. «Орман шаруашылығының Өскемен мемлекеттік мекемесі» ММ-де 10 га ауданда.

2010 жылғы жаңа жыл алдындағы кезеңде қылқан жапырақты жас талдарды қорғауды күшейту бойынша төмендегі жұмыстар жүргізілді:

- «2010 жылдың жаңа жыл алдындағы кезеңінде қылқан жапырақты ағаш тұқымдарының жас талдарын қорғауды күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2010 жылғы 15 қарашадағы № 349 бұйрығы орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшыларына жеткізілді. Сауда ұйымдарының, базарлардың басшыларына, әкімшіліктеріне бөлшек саудада қылқан жапырақты жас ағаштардан және олардың ұшар бастарынан жасалған жаңа жылдық шыршаларды сату байқалған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатыны туралы хабарлама жеткізілді.
- Облыс орталығы Өскемен қаласында құқық қорғау органдарымен бірге сауда ұйымдары мен қала базарларында жаңа жыл шыршаларының заңсыз сатылу фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді;
- ШҚО ІІД қызметкерлерімен бірге негізгі жолдарда және орман алқаптарына апаратын жолдарда мемлекеттік орман иеленушілердің (Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері – Риддер, Мало-Уба, Верх-Уба, Черемшанка, «Семей орманы» МОТР) тәулік бойы кезекшілік жүргізетін бекеттерді  ұйымдастыруына бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізілді.  Рейдтерді жүргізу барысында анықталған ескертулер тиісті шаралар қолдану үшін мекеме басшыларына жеткізілді.

Жаңа жыл алдындағы кезеңде «Орман шаруашылығының Өскемен мемлекеттік мекемесі» ММ-нің аумағында қылқан жпырақты жас талды кесу фактісі анықталды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1 хаттама жасалды, келтірілген залал 65,5 мың теңгені құрады.

Қызметінің бағыты:

Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы 2003 жылы құрылды, 2008 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 08 сәуірдегі № 332 Қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы болып қайта аталды.
ШҚООжАШАИ-дің құрылымы:
Штаты  - 26 адам.
Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы реттеу мен бақылау бөлімі – 10 адам;
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау бөлімі – 9 адам;
Қаржы және ұйымдастыру жұмысы бөлімі – 4 адам.
Облыс шегінде бағынысты мемлекеттік мекемелері, филиалдары жоқ.

Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы реттеу мен бақылау бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- орман қорын, орманды молықтыру мен орман өсірудің жай-күйіне, күзетуге, қорғауға, пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
- орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу, орман орналастыру және орман шаруашылығы жобалауларын жүргізуді қамтамасыз ету.
Инспекция  ШҚО әкімдігінің құрамына  орман шаруашылығының 13 мемлекеттік мекемесі кіретін Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының  және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының, Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының, құрамында 10 филиалы бар «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының, Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің табиғат қорғау заңнамасын  сақтауына бақылауды жүзеге асырады.

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- аңшылық ресурстарын, жануарлар дүниесінің басқа ресурстарын мемлекеттік реттеу және ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету;
- жануарлар дүниесі ресурстарын күзетуге, қорғауға, молықтыруға және пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
Негізгі аңшылық пайдаланушы Аңшылар мен балық аулаушылардың Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық бірлестігі болып табылады, оның бөлімшелеріне Семей ауданаралық аңшылар мен балық аулаушылар қоғамы кіреді.  Бұлардан басқа аңшылық пайдаланушылар: «Тау Тур» ЖШС – Шемонаиха және Глубокое аудандарында «Беловодье» аңшылық шаруашылығы, «ШығысҚараАлтын» ЖШС – Глубокое ауданында – «Быструха» аңшылық шаруашылығы, Бритоусов В.М. ЖК – Көкпекті және Ұлан аудандарында «Бритоусов» аңшылық шаруашылығы, «Черемшанка құс фабрикасы плюс» ЖШС – Глубокое ауданында «Үбі» аңшылық шаруашылығы, «Реал – 2030» ЖШС – Көкпекті ауданында Қайыңды аңшылық шаруашылығы, «Шығысшаруатауарлары» ЖШС - Ұлан ауданында  Көктау аңшылық шаруашылығы.

Аумақтық инспекцияның жұмысы ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен келісілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Инспекция жоспарлы тексерістерден басқа мемлекеттік орман қоры аумағында туындаған алаңы 3 гектардан асқан  орман өрттерінің шығу себептеріне тергеу жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізеді. Бұдан басқа аумақтық инспекцияның мамандары прокуратура, салық инспекциясы және қаржы полициясымен  бірлескен тексерістер жүргізуге тартылады.

Қаржы және ұйымдастыру жұмысы бөлімі
Бөлімнің негізгі жұмысы инспекция жұмысын ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.

Қызметкерлердің саны - 22.

Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы реттеу мен бақылау бөлімі – 9.
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау бөлімі – 5.
Қаржы және ұйымдастыру жұмысы бөлімі – 5.
Аңшылықты пайдаланушылар «VITAL JUICE» ЖСШ-ге Үржар ауданында «Үржар» аңшылық шаруашылығы, «Шарапиха» қоғамдық қорына Глубокое ауданында «Шарапиха» аңшылық шаруашылығы, «Кучиха» ЖШС-ге Риддер қаласында «Кучиха» аңшылық шаруашылығы, «Дархан» шаруа қожалығына Көкпекті ауданында «Қарақол» аңшылық шаруашылығы, «Шығыс ҚараАлтын» ЖШС-ге Глубокое ауданында «Белопорожная Уба» аңшылық шаруашылығы, «Самай-Транс» ЖШС-ге Катонқарағай ауданында «Үлкен Нарын» аңшылық шаруашылығы, «Аддис-Алтай» ЖШС-ге Тарбағатай ауданында «Нарын» аңшылық шаруашылығы, «Абдрахманов» шаруа қожалығына Глубокое ауданында «Үлбі» аңшылық шаруашылығы, «Аютау» ЖШС-ге Зырян және Катонқарағай аудандарында «Аютау» аңшылық шаруашылығы, «Аддис-Алтай» ЖШС-ге Күршім ауданында «Белөзек» аңшылық шаруашылығы, «Дархан» шаруа қожалығына Ұлан ауданында «Мерген» аңшылық шаруашылығы.

 

 


Мұрағат

+ 2011
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 2011
+ 2010
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 2010
+ 2009
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 2009
+ 2008
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 2008
+ 2007
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2006
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2005
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы