Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ

  Заңнама

  Виртуалды қабылдау

 Ұжымның өмірі

Басшы туралы мәлімет

Шығыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы (ШҚО ТЖ және ӨҚ МББ) Құнанбаев Нұрбек Сейтқамзаұлы.

Қазақ политехникалық институтын аяқтағаннан кейін 1981 – 1994 жылдар аралығында Огневка кентінің тау кен шебері Белогор таукен- байыту комбинатының Юбилейный кентінің бастығына дейін еңбек жолын өтті. Шығыс Қазақстан аймағы бойынша Мемтаутехқадағалау басқармасының өндірістік-техникалық бөлім бастығы лауазымына ауысқаннан кейін қызметтік дәрежеде Шығыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасының бастығына дейін көтерілді.
Білімі бойынша мамандығы тау инженері және инженер – экономист.
Техникалық ғылымдар Кондидаты ғылыми дәрежеге ие.

2000 жылы III – дәрежелі «Шахтерская слава» белгісімен, 2001 жылы II – дәрежелі «Шахтерская слава» белгісімен, 2004 жылы I – дәрежелі «Шахтерская слава» белгісімен, 2006 жылы III – дәрежелі «Енбек Данкы» белгісімен марапатталды.

Жеке бас мәселелері бойынша қабылдау сәрсенбі күні сағ.16.00 ден 18.00 ге дейін.
Телефон: 8 (3232) 26-13-73
Факс: 8 (3232) 26-13-73

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Буров көшесі, 63
E-mail: vkggtn@mail.ru

ШҚО ТЖ және ӨҚ МББ қызметі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттің мүдделерін, жарылғыш заттардың сақталуын және дұрыс пайдалануын қамтамасыз етуге, апаттардың және өндірістік зақымданулардың алдын алуға бағытталған.

ШҚО ТЖ және ӨҚ МББ лауазымдық міндетіне бақылауындағы кәсіпорындарға тексерулер жүргізу кіреді. ВАС «Кен» бөлімшелерінің әскери дайындық, профилактикалық жұмыстарын жабдықтау және жүргізу жағдайын бақылау. Қауіпті өндірістік объектілердегі технологиялық үрдістерді (процесс) сақтамау нәтижесінде пайда болған жазатайым оқиғалар мен апаттардың себебі мен жағдайларын тергеуге қатысу. Объектілерді пайдалануға қабылдау, жаңа техниканың, технологияның, қауіпті заттардың үлгілерін зерттеу бойынша комиссияға қатысу. Тау жұмыстарын дамыту жобаларын, жобаға дейінгі және жобалық материалдарын қарастыру. Қауіпті жұмыс түрлерін (жару жұмыстарына, жүк ұстау механизмдерін жасауға және зерттеуге және т.б.) өндіруге рұқсат беру. Қысымда жұмыс істейтін құбырлар мен ыдыстарды, жүк көтеру механизмдерін тіркеу. Лицензияланатын қызмет түрлеріне өкілет шегінде қорытынды беру. Қауіпті өнеркәсіптік объектілер декларациясы бойынша қорытындыларды қарастыру және беру. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім – шарттарын жасауды бақылау. Бақылаудағы кәсіпорындардың басшыларынан қауіпсіздік техникасының нормативті құжаттары бойынша білімдерін тексеруді жүргізу. Қауіпті жұмыс түрлерінде жұмыс атқаратын жұмысшылар мен мамандар білімін тексеру жөніндегі комиссияға қатысу.


Мұрағат

2008 ж.
 
 

2008 жылдың 9 айындағы

 

2008 жылдың 1 жартыжылдығындағы

 

2008 жылдың 1 тоқсанындағы жұмысы туралы есебі

2007 ж.

 
 

2007 жылдың 9 айындағы жұмысы туралы есебі

 

2007 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмысы

 

2007 жылдың 1 тоқсанындағы жұмысы туралы есебі

2006 ж.

 
 

2006 жылдың бірінші жартыжылдығына есебі

 

2006 жылдың бірінші тоқсанына

2005 ж.

 
 

Мекеменің 2004 жылғы және 2005 жылдың 1 тоқсанындағы жұмысы жөнінде есеп

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы