Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

"ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ШҚО Төтенше жағдайлар жөніндегідепартаменті» ММ

 Заңнама
Виртуалды қабылда
Мұрағат
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау кестесі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Шығыс қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің құрылымы
Сайттың мекен жайы:  www.vkogps.kz

 

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің кейбір мәселелері » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 712 қаулысына сәйкес "ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ШҚО Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастырылып, оған мына мекемелер қосылды:
1) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің Шығыс Қазақстан облысы Өртке қарсы қызмет департаменті» мемлекеттік мекемесі;
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Департамент бастығы – Нұрбатчанов Руслан Зауытқанұлы.

1967 жылы 16 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының Алексеевка селосында дүниеге келген. 1985-1987 жылдары әскери күштер қатарында әскерде болды. 1987 - 1989 жылдар аралығында СССР ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесінің курсанты. Училищені бітірген соң, 1989 жылы Шығыс Қазақстан облысы ІІБ Марқакөл ІІАБ-да мемлекеттік өртті қадағалау бөлімінің аға инспекторы қызметіне тағайындалды. 1995 жылы Шығыс Қазақстан облысы ІІБ Өрт қорғау басқармасы әскери өрт күзетінің 23-отрядының ТМК күзеті бойынша 17-ші әскери өрт бөлімінің аға инспекторы лауазымына тағайындалды. 2001 жылы «Өрт сөндіруші» РМК Шығыс Қазақстандық филиалының ТМК күзеті бойынша №10 Өрт бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.
2005 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ филиалы бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды. 2006 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ филиалын басқарды. 2006 жылы Орталық Азия университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді. Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгерген. 2007 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Өртке қарсы қызмет департаментінің бастығы. ҚР ТЖ жөніндегі Министрдің 02.09.2008 ж. № 466 л\с бұйрығымен ҚР ТЖМ ШҚО ТЖ жөніндегі департаменттің бастығы болып тағайындалды. Қызмет барысында Нұрбатчанов Руслан Зауытқанұлы гарнизон басшылығы тарапынан бірнеше рет мадақталды, ТЖ жөніндегі Министрден алғыс алды. «Құрмет» орденімен, I, II, III дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін», «Астанаға 10 жыл»,  «ТЖ алдын алу мен жоюдағы ерекше қызметі үшін» медальдарымен, «Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды.

ТЖД негізгі міндеттері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті (одан әрі - Департамент) табиғи және техногендік сипаттағы, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың мемлекеттік жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың, өрттердің алдын алу мен сөндіруді ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесін одан әрі дамыту, өрттердің алдын алу мен сөндіруді ұйымдастыру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (одан әрі - Министрлік) аумақтық органы болып табылады.

ТЖД бастығының лауазымдық міндеттері

Департамент бастығы дара басшылық негізінде басқаруды жүзеге асырады және өзіне артылған міндеттердің орындалуы мен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою саласындағы жұмыстардың жүзеге асырылуына жеке жауапкершілік артады.
Департамент бастығы мемлекеттік бас инспектор – басшы болып табылады, төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында бақылау функцияларын жүзеге асыратын департамент бастығының орынбасарлары мемлекеттік бас инспекторының орынбасарлары болып табылады, тиісті басқарма және бөлім мамандары мемлекеттік инспекторлар болып табылады.
Департаментте департамент бастығы жанында бастық, бастықтың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер басшыларының, департаментке бағынысты мекемелер және шұғыл жағдайда бағынатын ұйымдар құрамынан жасақталған кеңес беру-кеңесу органы болып табылатын үйлестіру кеңесі құрылуда. Кеңестің саны мен қызметкерлер құрамы және ол туралы ереже Министрмен бекітілген тұрпатты ереже негізінде Департамент бастығымен бекітіледі.

Департаменттің негізгі міндеттері

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау, Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын орындау, салааралық үйлестіру, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесінің қызметін қамтамасыз ету, саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Департамент бастығының қызметтік міндеттері:

  1. Департамент қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларында төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
  2. Заңнамада көрсетілген шегінде салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
  3. өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;
  4. Департаментті өз өкілеттігі шегінде Министрлікте, барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда танытады;
  5. Ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастырады және өткізілген ішкі аудит туралы есепті бекітеді;
  6. Министрге Департаменттің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомствалық наградалармен марапаттау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының орта және басшы құрамына мерзімінен бұрын құрмет атақтарын, әскери және арнайы атақтарды немесе жұмыс істеп отырған штаттық лауазымында көзделген арнайы атақтардан бір дәрежеге жоғары арнайы атақ беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
  7. өз құзіреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, сондай-ақ Департамент қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді;
  8. біріңғай кадр саясатын жүргізеді;
  9. Министр құрған саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
  10. Департамент қызметінің ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
  11. Департаменттің тәртіптік, аттестациялық және конкурстық комиссиялары қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
  12. Департамент қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алулар өткізуді ұйымдастырады;
  13. Еңбек қатынасы мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  14. іссапарға шығу, демалыстар беру, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру мәселелерін шешеді;
  15. Департамент бастығының орынбасарын қоспағанда Департамент қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешеді;
  16. Департамент жұмысының жыл сайынғы жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрдің бекітуіне ұсынады;
  17. Департамент қызметкерлерінің, оның отбасы мүшелері мен зейнеткерлердің медициналық, санаториялық-курорттық, сауықтыру, тұрғын үй, қызметтік-шаруашылық және тұрмыстық жағдайларын әлеуметтік дамыту, жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
  18. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;
  19. Департаментке  жедел бағынысты ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындауды және босатуды келіседі;
  20. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және кіші басшы құрамының адамдарына өртке қарсы қызмет майорына дейін кезекті арнайы атағын береді;
  21. Құрылымдық бөлімшелер туралы ережені, Департамент қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін және ведомствалық бағыныстыұйымдар туралы ережені бекітеді;
  22. Оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды;
  23. Департаментте Департамент бастығының жанынан консультативтік-кеңестікорган болып табылатын үйлестіру кеңесі құрылады, олардың құрамында бастық, бастықтың орынбасарлары, Департаменттің жедел бағыныстылығында тұрған құрылымдық бөлімшелері, ведомстволық  бағынысты мекемелері мен ұйымдарының басшылары болады. Кеңестік сандық құрамын және ол туралы ережені Министр бекіткен үлгі ереже негізінде Департаменттің бастығы бекітеді;

Департаменттің мекен жайы:
«070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Александр Протозанов көшесі 97/1».
Заңды мекенжайы: 070019 Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Пермитина к-сі, 23
Келушілерді қабылдау сағаттары: Әр айдың бірінші және үшінші сәрсенбісінде сағ. 9.00-ден 12.00-ге дейін;
Телефоны: 8(7232)26-45-10, 26-88-23.
E-mail: info@vkogps.kz

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы