|
Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаменті
Сайт:
www.shygys.stat.kz
Мекен-жайы: 492000, Өскемен қаласы, Тохтаров көшесі, 85.
Заңнама
Виртуалды қабылдау
Мурағат
Мақажанов Әлібек Алпысұлы 1975 жылы Торғай облысының Арқалық қаласында туған. Талдықорған заң техникумын үздік дипломмен, Д. А. Қонаев атындағы гуманитарлық университетін, "Қайнар" гуманитарлық университетін бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы "Жылу" ЖШС заңгері болып бастаған. 1999-2003 ж.ж. - "Саяхат" қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
Статистика органдарындағы қызметін Аягөз ауданының статистика бөлімінің маманынан (2005 ж.) бастады. 2005-2007 ж.ж. - Аягөз ауданының статистика бөлімінің бастығы. 2007-2008 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің құрылыс және инвестиция статистикасы бөлімінің бас маманы. 2008 жылы - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Өндіріс статистикасы департаментінің Құрылыс және инвестициялар құрылымдық статистикасы басқармасының сарапшысы. 2008 жылдың маусымынан бастап "ШҚО статистика жөніндегі есептеу орталығы" ЕМК директоры. 2010 жылдың мамырынан ШҚО Статистика департаментін басқарады.
2006 жылы ҚР Президентіне кандидат ретінде қолдау көрсеткені үшін ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың алғысы бар. Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізуде белсенділік танытқаны үшін "Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағы" (2007 ж.) төсбелгісімен марапатталған.
Лауазымдық міндеттері:
Бастық Департаменттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, құрылымдық бөлімшелердің қызметтеріне бақылауды жүзеге асырады, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз қызметін жүзеге асыруына тікелей жауапкершілік алады.
Осы мақсатта:
- бұйрықтар шығарады;
- өзінің орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелердің жетекшілеріне міндеттер мен олардың өкілдігін белгілейді;
- құрылымдық бөлімшелер жөнінде ережені бекітеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Департаменттің мүдделерін алға қояды;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретте тәртіптік шаралар қолданады, Департамент қызметкерлерін мадақтайды;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, басқадай өкілдіктерді де жүзеге асырады.
Департаменттің алқа отырысының төрағасы болып табылады.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық жұмыстар, кадрлармен жұмыс, жиынтық жұмыстар және статдеректерді тарату, ақпараттық технологиялар, халық санағы, аудандық (қалалық) статистика бөлімдерінің мәселелерін қарайды және шешеді.
Қабылдау уақыты: бейсенбі сағат 1400-ден 1700ге дейін.
Телефон: 8(7232) 25-27-81 (қабылдау бөлмесі)
Міндеттері: Облыстың экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, экологиялық салаларында болып жататын құбылыстар мен үдерістер жайындағы статистикалық деректерді өңдеу және тарату, алымдарды жүзеге асыру.
Мақсаттары:
Статистикалық ақпараттарда пайдаланушылардың қажеттіліктерін айтарлықтай толық қанағаттандыру, статистикалық ақпараттар мен қызмет көрсету сапаларын жоғарылату, статистикалық ақпараттарды таратудың әсерлі жүйесін құру. Мемлекеттік органдарға ақпарат әр жыл сайын ҚР Үкіметімен бекітілген Тізім келісімі бойынша жеткізіліп отырады.
ШҚО статистика департаментінің тарихынан
Қазақстанда жаңа әкімшілік-аймақтық бөлінісінің енгізілуіне байланысты, 1932 жылы Шығыс Қазақстан облысы құрылды. Сол уақыттан бастап облыста халық-шаруашылығы есебінің Облыстық басқармасы жұмыс істей бастады, оған жетекшілік еткен бұрынғы екі облыстың халық-шаруашылығы инспектурасы: Шығыс Қазақстан және Семей облысы.
1941 жылы наурыз айында Шығыс Қазақстан облысы халық-шаруашылығы есебінің басқармасы Шығыс Қазақстан облысының Статистика басқармасы болып өзгертілді, ол Казақ КСР бойынша КСРО-ның Мемжоспар Уәкілдігіне бағынды, ал 1948 жылдың тамыз айынан – Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаментіна Қазақ КСР Министрлер Кеңесінде жергілікті статистика органдарының қатысуымен, осындай жүйеде мемлекеттік статистика органының жеке мәртебесі қайтарылды.
Шығыс Қазақстанда статистиканың даму тарихы 1939 жылы Шығыс Қазақстан облысынан Семей облысының бөлінуінен басталады. Дәл сол жылы Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы құрылды.
1997 жылы қайтадан аймақтық өзгерістер болды, Шығыс Қазақстан облысының құрамына Семей облысы енгізілді.
Статистикалық органдар жоспарлау және басқару органдарды экономиканың және мәдениеттің дамуы туралы, халық шаруашылық жоспарлардың орындалу барысы жайлы жедел және статистикалық (қорытынды) ақпараттармен жабдықтайтын жалғыз жүйе болды. Осындай жетістіктерге байланысты статистикалық ақпараттардың уақыты айтарлықтай қысқарды. Жыл сайын байланыс желісі бойынша он мың көрсеткіштей қабылданды және жіберліліп отырды.
Бүгінде ШҚО Статистика департаментінде 260-қа жуық адам жұмыс істейді. Статистика департаментінің 13 баскарма және он тоғыз аудандық және қалалық баскармалар жиынтық деректерді өңдеу және жинау жұмыстарын жүргізеді, сонымен қатар, пайдаланушылар сұраулары бойынша жұмыстар істейді. Оларға өңірлер бойынша бастапқы статистикалық ақпараттарды жинақтау және деректерді ҚР Статистика агенттігіне жіберу жүктелген. Одан басқа, 30 интервьюерлер 900 үй шаруашылықтарын зерттеумен, 29 адам азық-түлік және азық–түлік емес тауарлардың бағасын тіркеумен айналысады, сонымен қатар, әртүрлі қызметтердің бағасы бақыланып отырады.
Статистикалық ақпараттарды енгізу, өңдеу және жіберуді Еншілес мемлекеттік кәсіпорыны «Статистика агенттігі бойынша есептеу орталығы» жүргізеді, онда 69-ға жуық адам жұмыс істейді.
Қызмет көрсетудің негізгі қағидалары:
Біздің өнімімізді пайдаланушылар біздің қызметіміздегі басты назарда табылып отырады.
• Біз пайдаланушылардың маңызды және анық статистикалық ақпараттар жайындағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасаймыз.
• Біз статистикалық ақпараттарға қол жететіндігіне кепілдік бере аламыз.
• Біз ақпараттардың жедел жеткізілуін қамтамасыз етеміз.
• Біз статистикалық деректерді дұрыс пайымдауға және пайдалануға көмек береміз.
Респонденттермен жеткізілетін деректер біздің жұмысымыздың негізі болып табылады.
• Біз респонденттерден біздің жұмысымызды аса қажеттілік деп тануына жағдай жасаймыз.
• Біз респонденттерге түсетін жүктемелер мен шығындардың азаюы мақсатында статистикалық ақпараттарды алудың түрлі көздерін пайдаланамыз.
• Біз алым әдістерін осы заманғы технологияларды енгізу және әдістемелерді жетілдіру жолы арқылы жақсартамыз.
• Біз статистикалық құпия ақпарларға кепілдік береміз.
Қызметкерлерді әсерлі басқару статистикалық жұмыстардың нәтижелілігін жоғарылатады.
• Біз еңбек шарттарын жақсарта отырып, қызметкерлердің жұмысқа көңілдері толуларына жағдай жасаймыз.
• Біз әрбір жұмыскерге өз жұмысының нәтижесі үшін жауапкершілікті артамыз.
• Біз қызметкерлеріміздің біліктілігін арттырамыз.
• Біз Статистика басқармасы ішіндегі ынтымақтастыққа жағдай жасаймыз.
Қызмет ету және өнім сапасы пайдаланушыларымыздың қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.
• Біз статистикалық көрсеткіштердің тұтастығымен, сенімділігімен және жеткіліктілігімен қамтамасыз етеміз.
• Біз ғылыми тәуелсіздік және объективтік негіздері бойынша жұмыс істейміз.
• Біз статистикалық және талдамалы материалдардың әртүрлі топтамаларын шығарамыз.
• Біз өңірлік және уақытша кесілімдерде біздің статистикамыздың салыстырмалылығына жағдай жасаймыз.
Осы заманғы басқару әдістері практикалық қызметке ендірілуі тиіс.
• Біз өндірістік үдерістерді жетілдіреміз және жұмыстың оңтайлы ұйымдастырылуына ұмтыламыз.
• Біз қазіргі заманғы басқару әдістерін енгіземіз.
• Біз жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланамыз.
• Біз басқа статистикалық органдардың тәжірибесін және әдістемелік ұсыныстарды пайдаланамыз.
|