Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің «Ертіс» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесі

Департаменттің бастығы -  Жанұзақов Шыңғысқан Окасұлы;

1954 жылы туған, ұлты - қазақ, білімі жоғары. Өзінің еңбек жолын
1972 жылы Катон-Қарағай ауданының Черняхов совхозында бастады. Семейдің зоотехникалық – малдәрігерлік институтын 1980 жылы мал дәрігері біліктілігі бойынша бітірді.
1988 жылдың қаңтарынан 1997 жылдың қазанына дейін партия-шаруашылық жұмыстарында болды. 1997 жылдың қарашасынан бастап, Семей аймақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде төраға орынбасары;
1998 жылдың ақпанынан 2001 жылдың қыркүйегіне
дейін – Семей аймақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы-бөлім бастығы қызметтерінде болды.
2001 жылдың қыркүйегінен - 2008 жыл аралығында Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті төрағасының орынбасары -  Семей мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аймақтық комитетінің төрағасы.
2008 жылдың маусымынан қазіргі уақытқа дейін–Қазақстан РеспубликасыҚаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Ертіс» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бастығы болып қызмет атқарады.

Бастықтың лауазымдық міндеттері:
Жалпы басшылық жасау, Департаменттің және филиалдардың қызметін қамтамасыз ету. Республикалық мемлекеттік мүлікті иелену, пайдалану және билік ету бойынша өз құзіреті шегінде өкілеттікті жүзеге асыру. Республикалық мемлекеттік мүлік және оның мүліктік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өз құзіреті шегінде мемлекет мүддесін білдіру. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Департаменттің қызметтік бағыттары: Департамент Комитеттің құзыреті шегінде Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының аумағында республикалық меншік объектілерін басқару, жекешелендіру және экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі салаларында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады.

Департаменттің заңды мекен-жайы: 070000, Семей қаласы,Интернациональная көшесі, 8.
 Тел/факс 26 53 62
Азаматтарды қабылдау уақыты: сәрсенбі – 15.00 - 17.00;
E-mail: knd_ustk@at.minfin.kz

 


Мұрағат

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы