|
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау Департаменті» мемлекеттік мекеме
Виртуалды қабылдау
«Мектепке баратын жол» Акциясы
БАСШЫ ТУРАЛЫ
 Исаев Аркадий Анатольевич 1965 жылдың 26 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келді. Өскемен қаласының № 4 орта мектебін бітірді.
1989 жылы Өскемен педагогикалық институтын тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі, тәрбие жұмысының әдіскері мамандығы бойынша бітірді.
1983-1985 жылдары Кеңестік әскері қатарында Орта Азия әскери округінде әскери міндетін атқарды. Өз еңбек жолын Өскемен қаласының № 18 орта мектебінде әскери жетекші ретінде бастады. Одан кейін Өскемен қаласының № 35 орта мектебінің директоры болып жұмыс істеді.
1992 жылдан бастап А.А. Исаев Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратына ауысты, онда жетекші маман лауазымынан бастап, баспасөз хатшысы, облыс әкімі аппаратының басшысы лауазымдарына дейін қызмет атқарды.
1996 жылдан 2007 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысының білім беру департаментінде жұмыс істеді, онда арнайы білім мекемелерінің, интернаттық және мектепке дейінгі мекемелердің, ұйымдастырушылық және кадрлық жұмыс қызметтері жөніндегі сұрақтарымен айналысқан.
2002 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының білім беру департаменті директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
Қазіргі уақытта ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры болып жұмыс істейді.
Наградалары, алғыстары:
1992 жыл: Қазақстан Республикасының халықтық білім беру Министірлігінің алғысы;
2005 жыл: Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасы;
2006 жыл: Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің алғысы.
ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының лауазымдық міндеттері:
Балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесі мен құқықтарын қорғау саласында, сондай-ақ өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға көмек көрсету мәселелері бойынша әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық ұйымдарының ведомствоаралық ынтымақтастық пен қызмет үйлестіруін қамтамасыз ету;
Балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесі мен құқықтарын қорғау бойынша жергілікті атқарушы органдарымен бірге аймақтық бағдарламалар әзірлеуге қатысу;
Аймақтағы балалардың құқықтарын қорғау бойынша көкейтесті мәселелердің зерттеуін өткізуге көмек пен қолдау көрсету, уәкілетті органдары мен білім мекемелердің саларалық ара қатынастарының үздік тәжірибелерін жалпылау;
Әлеуметтік жетімдік пен өмірдің киын жағдайына тап болған балаларға көмек көрсету мәселелерін шешуге бағытталған қайырымдылық акцияларына бастама жасау;
Әлеуметтік жетімдік, баланы қанау мен пайдалануын алдын-алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
Жетім балалар мен аты-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелермен қызметтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында ара-қатынас жасау;
Балалардың құқықтарын қорғау, рухани-адамгершілік тәрбиелеу мен қоғамның дамуы саласында мемлекет саясатын жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру мен ағарту қызметін жүргізу;
Аймақтағы балалардың жағдайы жөніндегі зерттеулер жүргізу, жыл сайынғы аймақтық есептерді дайындау;
Балалардың құқықтарын қорғау саласында, сондай-ақ қамқорлық пен қорғаншылық, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін, өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды толық және жан-жақты есепке алуын қамтамасыз ету, аймақтық ерекшеліктерін ескере келе бала өмірін жақсартуға бағытталған мемлекеттік минималды әлеуметтік стандарттарын сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамалары мен халықаралық келісім-шарттарды жүзеге асыруға бақылау жасау.
ШҚО, Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19 үй
Тел./факс: 8 /7232/ 280406, 264636, 258899, 571005, 252694
Эл. мекенжай: balavko@mail.kz; сайт www.luchik.kz
Қабылдау сағаттары:
Директор – сәрсенбі 14.00-17.00
Директордың орынбасары – жұма 14.00-17.00
Табыстары туралы ақпарат
«ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті» ММ директоры Аркадий Анатольевич Исаевтың табыстары туралы ақпарат. Жария деклараттау - «Нұр Отан» ХДП орталық аппараты бастамасымен көтерілген мемлекеттік органдардың имиджін әрі қарай нығайту, партия беделін арттыру мақсатындағы республикалық акция.
Исаев Аркадий Анатольевичтің Өскемен қаласында екі бөлмелі пәтері бар, 2009 жылғы еңбек ақы төлемі 1916027 теңгені құрады, 01.01.2010 жыл жағдайы бойынша жинақталған зейнетақы қаражаты 1104458 теңге, жеке жинақтары 100000 теңге.
Департамент қызметінің мақсаты және мәні.
Департамент қызметінің мақсаты қоғамдағы адамгершілік басым бағыттары мен рухани байлықты қалыптастыру, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша ведомствааралық үйлестіру жүйесін құру;
Департамент қызметінің мәні, Қазақстан Рспубликасы және Конвенциямен бекітілген күші бар заңнамада көзделген заңды құжаттардың сақтау негізде баланы толыққанды жеке тұлға ретінде дамуы үшін жағдай жасау болып табылады.
Департаменттің негізгі міндеттері, қызметі және құқықтары.
Департаменттің негізгі міндеттері
Қазақстан Республикасы Конституциясын, балалар құқығы жөніндегі БҰҰ Конвенциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында балалар құқығы туралы», «Неке және отбасы», «Білім туралы» Заңдарды, балалардың құқығы және заңды мүдделерін қорғау сұрақтары бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық кесімдерді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; Жергілікті атқарушы органдарға балардың құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғау бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, қоғам мүддесіне балаларды адамгершілік-рухани дамуы бойынша өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыруға өзара көмек көрсету; «Әлеуметтік» жетімдікті, балаларды зорлау мен пайдаланудын алдын алу және ескерту, қиын өмірлік жағдайда жүрген балаларға көмек көрстету;
Бала құқықтары туралы Конвенцияның ережелерін жүзеге асыру барысы туралы мониторинг, балалардың әлеуметтік әл-ауқатын болжау және талдау, аумақтағы балалардың тұрмыс жағдайын жақсарту туралы ұсыныстарды әзірлеу;
Балалардың құқықтары және оларды жүзеге асыру жолдары туралы жұртшылықты ақпараттандыру деңгейін көтеру.
Департаментке жүктелген міндеттерге сәйкес келесі қызметті жүзеге асырады:
Балалардың адамгершілік-рухани ағарту және құқықтарын жүзеге асыру саласындағы ведомствоаралық қызмет жасау және түрлі мемлекеттік, қоғамдық, халықаралық ұйымдардың қызметін бағыттауды, сонымен қатар қиын өмірлік жағдайдағы балаларға көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
Балалар құқықтарын қорғау және қоғамның адамгершілік-рухани дамуы, бала жеке тұлғасының сөзсіз құндылыққа бағалануы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру боынша ақпараттық-насихат және ағартушылық қызметтерін жүзеге асыру;
Балалардың құқықтарын қорғау, қорғаншылық және қамқоршылық сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалары мен халықаралық келісім-шарттардың жүзеге асырылуын бақылау.
Департаменттің негізгі міндеттерін жіне өз қызметтерін жүзеге асыруда:
Өз құзыретінің шегіндегі балалар құқықтарын қорғау және олардың адамгершілік-рухани даму мәселелері жөнінде шешім қабылдауға;
Ведомстволық иелігі мен меншік түріне қарамастан балалар мәселелерімен айналысатын барлық ұйымдарға кедергісіз кіруге;
Өз құзыретінің шегіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасында қолданыстағы құқықтық кесімдерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге; Департамент құзыретіне енетін сұрақтар бойынша тексеру жұмысына, жұмыс топтарына, сот отырыстарына қатысуға құқығы бар.
Мұрағат |