|
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы
Виртуалды қабылдау
Сайттың мекенжайы – www.aisvko.gov.kz
Басшы туралы мәліметтер
Инспекция бастығы – Шабалин Александр Витальевич
1963 жылы 30 желтоқсанда Ленинград қаласында тұған, ұлты – орыс, білімі- жоғары, 1988 жылдан бастап байланыс саласында қызметте, 2002 жылы басқарма бастығы болып тағайындалды, 2009 жылы Басқарма Инспекция атына өзгерді.
Қызметтік міндеттері:
Инспекцияның қызметтін жалпы басқару. Байланыс саласындағы мемлекеттік техникалық қадағалау мен бақылауды іске асыру. Байланыс операторларының және ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің иелерін ведомстволық статистикалық есептіліктер жинауды жүзеге асыру, облыс аумағында ақпараттандыру және байланыс қызметтері нарығының жағдайын талдау. Радиожиілік спектрін бөлу және пайдалану саласында, сондай-ақ өз құзыреті шегінде байланыс және ақпараттандыру саласындағы метрология, стандарттау және сертификаттау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Байланыс және ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілер әзірлеуге қатысу. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру –техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау. Байланыс және ақпараттандыру туралы қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Радиобақылауды өткізу, радиоэлектрондық құралдармен және жоғары жиілікті құрылғылармен жасалатын радиоқабылдау бөгеуілдері туралы шағымдарды қарау және оларды жою жөніндегі іс – шараларды өткізу туралы шешім қабылдау. Инспекцияның құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тексерістер өткізу. Облыс аумағында лицензиаттардың лицензиалық талаптарын сақталуына бақылау. Байланыс саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланып жүрген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жийлікті құрылғыларды анықтау және жолын кесу.
Мекен жайы : Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы, К. Либкнехта көшесі 19 үй, 202 кенсе.
Тел. 87232 26-91-05, 25-27-16.
Қабылдау күндері : Бейсенбі сағат 10.00-13.00 және 14.00-17.00
e-mail: uis_vko@mail.ru
Инспекцияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
- өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес байланыс және ақпараттандыру салаларында реттеушілік, бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыру;
- радиожиілік спектрін пайдалануды жоспарлау, сондай – ақ оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
Инспекция өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіпте мынандай функцияларды жүзеге асырады:
1) байланыс саласындағы мемлекеттік техникалық қадағалау мен бақылауды іске асыру
2) мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, телерадио хабарларын тарату жүйелерін дамыту мониторингісін және жобаларын іске асыруға қатысу
3) мемлекеттік ақпараттық жүйе құралдарын тұрақты пайдаланұга қабылдау жөніндегі іс- шараларға қатысу
4) байланыс құралдарын тұрақты пайдалануға қабылдау жөніндегі іс- шараларға қатысу
5) байланыс операторларынан және ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің иелерінен ведомстволық статистикалық есептіліктер жинауды жүзеге асыру, облыс аумағында ақпараттандыру және байланыс қызметтері нарығының жағдайын талдау
6) радиожиілік спектрін бөлу және пайдалану саласында, сондай – ақ өз құзыреті шегінде байланыс және ақпараттандыру саласындағы метрология, стндарттау және сертификаттау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
7) байланыс және ақпараттандыру саласының дамуын ғылыми – техникалық саясатты жүзеге асыру
8) қоғамдық қол жеткізу пунктерінің тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тексерістерді жүзеге асыру
9) байланыс және ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілер әзірлеуге қатысу
10) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды сатып алуға (сатуға), пайдалануға рұқсаттарды беру радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу
11) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру – техникалық іс- шаралардың орындалуын бақылау
12) байланыс операторларының, ведомстволық және өзге телекоммуникация желілері иелерінің өзара қарым – қатынасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
13) байланыс және ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақтауы тұрғысынан жүзеге асыру
14) радиобақылауды өткізу, радиоэлектрондық құралдармен және жоғары жиілікті құрылғылармен жасалатын радиоқабылдау бөгеуілдерді туралы шағымдарды қарау және оларды жою жөніндегі іс – шараларды өткізу туралы шешім қабылдау
15) Бөлімнің құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тексерістер өткізу
16) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануына және байланыс қызметтерін көрсететін лицензияттардың лицензиялық талаптарын сақтауына тексеріс жүргізу
17 лицензияланатын қызметтерді, нөмерлеу ресурстарын, радиожиілік спектрлерін бөлу және пошталық байланыс мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық нормалар мен олардың техникалық пайдалануын ұйымдастыру бойынша сәйкестігіне телекоммуникация және пошта байланысының құрылыстары мен желілердің құрылғысын тексеру
19) байланыс саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланып жүрген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау және жолын кесу
20) пошта желісінің объектілерін пайдалануын ұйымдастыру және байланыс қызметін пайдаланушыларға қызмет көрсету жөніндегі нормативтік – құқықтық актілердің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету
21) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін байланыс желілерінің технологиялық жабдығын пайдалану, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің бұзышылықтары анықталған кезде жекеленген байланыс құралдарының немесе желілерінің жұмысындағы бұзышылықтарды жою туралы ұйғарымдар жолдау
22) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат құжаттары болмаған жағдайда немесе техникалық сипаттамасы бекітілген нормаларға сәйкес болмаған жағдайларында өз құзыреті шегінде олардың жұмысын тоқтату
23) үкіметтік байланыс желілерін қоспағанда, байланыс ғимараттарының, телекоммуникация желілерінің және басқа да инженерлік инфрақұрылымдар объектілері құрылысының жоспарларының келісуге қатысу
24) бұқаралық ақпарат құралдары хабарламаларының және өзге де олардың қарамағындағы материалдардың, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері негізінде байланыс және ақпараттандыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларын әкімшілік құқық бұзу істерін қарау
25) өз құзыреті шегінде, сондай – ақ Комитет пен Министрліктің тапсырысы бойынша соттық – кінәрат – талаптық жұмыстарды ұйымдастыру
26) электрондық құжат және электрондық цифралық қолтаңба саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан электрондық құжат және электрондық цифралық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асуру
27) «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарды ескере отырып, ақпараттық қызметтер көрсету нарығында ақпарат берушілердің, кредиттік бюролардың және кредиттік есептерді алушылардың ( кредиттік тарих субъектілерін қоспағанда) қызметін бақылауды жүзеге асыру
28) мемлекеттік органдармен ақпараттық технологиялардың қолдануына баға беру
29) бақылау- кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесі болып табылатын бақылау – кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестігіне қорытындыларын қарау және беру
30) ақпараттық ресурстары мен жүйелерін қорғауды қамтамасыз ету тұрғысында мемлекеттік органдардың бірлескен тексерістеріне қатысу
31) облыс аумағында байланыстың барлық түрлерін пайдалану кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сндай – ақ заңсыз жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдарды анықтау және жолын кесу мәселелерін шешу кезінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекеттесу
32) байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша байланыс операторларының қызметін ұлттық қауіпсіздік органдармен бірлесіп үйлестіру
33) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген өзге де функцияларды атқару
3. Қойылған міндеттерді және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін Инспекцияның заңнамада белгіленген тәртіпте мыналарға құқығы бар
3.1 жеке және заңды тұлғалардан бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға
3.2 заңды және жеке тұлғаларға байланыс желілері мен ақпараттық жүйелерінің жұмыстарын анықтайтын нормативтік – құқықтық актілер, стандарттар мен нормалардың талаптар бұзушылықтарын жою туралы ұсыныстар енгізуге
3.3 байланыс желісі мен құралдарының, ақпараттық жүйелердің (әскери, құқық қорғаудың, сондай – ақ басқа да әскерилендірілген құрамалардан басқа) жұмысына тиісті ену рұқсатымен тексеруді жүргізуге
3.4 өз құзыреті шегінде сарапшылардың, мамандардың, сондай – ақ өзге мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдар қызметкерлердің сараптамалары мен консультацияларын жүргізу үшін тартұға
3.5 Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыру
Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясында 01.01.2011 жылға есепте тур:
Тіркеуде 35634 РЭҚ , 2010 жылы 1821 РЭҚ тіркелген. Лицензиаттар-118, РЖС пайдалануға рұқсатты бар жеке және заңды тұлғалар -221, мекен жайы Шығыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан , лицензиясы бар заңды тұлғалардың барлық саны- 80, мекен жайы басқа облыс аумағында орналасқан, лицензиясы бар және тіркелген заңды тұлғалардың барлық саны- 163.
2010 жылы есепке қойылған: Шығыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан , лицензиясы бар заңды тұлғалардың саны-1, мекен жайы басқа облыс аумағында орналасқан, лицензиясы бар және тіркелген заңды тұлғалардың саны- 13.
Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетіне РЖС пайдалануға рұқсатын алу үшін 197 пакет құжаттар жолданды, оның ішінде 2 пакет құжат лицензияға. 32 РЖС пайдалануға рұқсаты берілді. 2010 жылы республикалық бюджетке: РЭҚ мемлекеттік тіркеу алымы- 12 304,8 тенге 111,5% орындалды, РЖС пайдалануға- 21067,8 теңге 122,0% орындалған.
2010 жылы 200 РЭҚ есептен шығарылды, 9113 РЭҚ пайдалануға рұқсат берілді.
Шығыс Қазақстан облысында 2 стационарлық 1 жылжымалы РБП автокөлік базасында жұмыс істейді.
2010жылы Инспекция 16 жоспарлы тексеру жургізілді тексеру барыста 11 бұзушылық анықталды,оның ішінде радиожиілік спектрді және радиоэлектрондық құралға рұқсатсыз пайдаланған,оларға бұзушылықты жою үшін 8 ұйғарым жазылды.
|