|
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ КОМИТЕТІ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Виртуалды қабылдау
Сайт: www.vkogps.kz
БАСШЫ ТУРАЛЫ

Басшы – ішкі қызмет полковнигі Руслан Заутқанұлы Нұрбатчанов
1967 жылы 16 ақпанда туған. Білімі – жоғары, 1989 жылы
Алматы өрт-техникалық училищені аяқтады, мамандығы - өрт қауіпсіздік
технигі;
2006 жылы Орта-Азиялық университетін аяқтады, мамандығы – заңгер.
1987 жылғы қазан айынан бастап 1989 жылғы маусым айына дейін ССРО ІІМ
Алматы өрт-техникалық училищенің курсанты,
1989 жылғы қазаннан 1995 жылғы қыркүйекке дейін – Шығыс Қазақстан облысы
ІІД Марқакөл АІІБ мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің аға инспекторы
болып жұмыс істеген.
1995 жылғы қыркүйектен 1996 жылғы сәуірге дейін – Шығыс Қазақстан облысы
ІІД Өрттен қорғау басқармасының 23-әскерилендірілген өрттен қорғау
жасағының, 17- әскерилендірілген өрттен қорғау бөлімінің аға инспекторы
болып,
1996 жылғы сәуірден бастап 1999 жылғы қазанға дейін Шығыс Қазақстан
облысы ІІД-дегі МӨҚБ Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің 2-жасағының 10-өрт
сөндіру бөлімінің аға инспекторы,
1999 жылғы қазаннан бастап 2001 жылғы қазанға дейін «Өрт сөндіруші» РМК
филиалының Шығыс Қазақстан облысы 10-өрт сөндіру бөлімінің аға
инспекторы,
2001 жылғы қазаннан бастап 2005 жылғы ақпанға дейін «Өрт сөндіруші» РМК
филиалының Шығыс Қазақстан облысы 10-өрт сөндіру бөлімінің бастығы,
2005 жылғы ақпаннан бастап 2006 жылғы қыркүйекке дейін ҚР ТЖМ МБҚК «Өрт
сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Шығыс Қазақстан
облысы бойынша филиалы бастығының орынбасары,
2006 жылғы қыркүйектен бастап – осы уақытқа дейін «Өрт өндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Шығыс Қазақстан облысы бойынша
филиалының бастығы болып қызмет етеді.
Келушілерді
әр айдың 1-ші, 3-ші сейсенбісінде сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін
қабылдайды.
Телефоны:
8(7232)25-73-17
Заңды мекенжайы: Өскемен қаласы, Қызыл Қырандар жағалауы, 97/1.
E-mail:
info@vkogps.kz
Сайт:
www.vkogps.kz
Шығыс Қазақстан облысы Өртке қарсы қызмет департаментінің функциялары мен құқықтары
ШҚО ӨҚД өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес бекітілген аумақта өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласында:
тиісті аумақта өртке қарсы қызметі органдарының күштері мен құралдарын және өртке қарсы құрылымдарын басқарады;
өрттердің шығу себептері мен жағдайларын талдайды;
заңнамаға сәйкес өрт қауіпсіздігі жағдайына бақылау жасауды қамтамасыз етеді;
өрттермен байланысты барлық қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізеді;
өрттерді мемлекеттік есепке алуды жүргізеді;
тиісті аумақта меншік нысанына қарамастан өртке қарсы қызметтердің жұмысын үйлестіреді;
өрт қауіпсіздігі саласындағы білімді насихаттауды, азаматтар мен мамандарды оқытып-үйретуді ұйымдастырады;
мемлекеттік органдарда, тұрғын үйлерде, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындарда өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық кесімдердің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
салынып жатқан объектілерді олардың жобалау-сметалық құжаттамасының және орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне тексереді;
өрт қауіпсіздігінің талаптарын белгілейтін стандарттардың, нормалар мен ережелердің жобаларын, сондай-ақ осындай нормалары мен ережелері жоқ объектілердің құрылысын салуға арналған жобалық шешімдерді келіседі.
2) мемлекеттік саясатты іске асыруды бақылау саласында:
тиісті аумақта мемлекеттік өрт бақылауын жүзеге асырады;
елді мекендерде, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан, барлық ұйымдарда өрт қауіпсіздігі саласындағы нормаларды, ережелер мен стандарттарды сақтауларын бақылауды жүзеге асырады;
елді мекендерде және ведомстолық бағыныстылығына қарамастан объектілерде өрт сөндіру бөлімшелерінің өртке қарсы күреске дайындығын бақылауды жүзеге асырады;
заңнамада белгіленген тәртіпте өрт қауіпсіздігі саласында лицензиялауды жүзеге асырады;
заңнамада белгіленген тәртіпте шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүргізеді.
Өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін ШҚО ӨҚД:
1) субъектілердің Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасы талаптарын сақтауды анықтау мақсатында жүргізілетін тексерулерді жүзеге асыруға;
2) азаматтарға, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі шараларды жүргізу туралы ұйғарымдамалар, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – тексеру нәтижелері туралы актіні беруге;
3) заңнамада белгіленген тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және қарастыруға;
4) өрттермен байланысты барлық қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асыруға;
5) жер учаскелерін таңдау және кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысуға;
6) орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат пен мәліметтерді сұратуға және алуға;
7) ұйымдарды, объектіні, ғимаратты, үйді салу, қалпына келтіру, кеңейту немесе техникалық жағынан қайта жарақтандыру кезінде өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелері бұзылған жағдайда, сондай-ақ жобаларда көзделген өрт қауіпсіздігінің талаптары орындалмаған жағдайда, субъектілер жүзеге асыратын ұйымның, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұру, үйлерді, ғимараттарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізуге тыйым салу туралы талаптық арыздарды заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жіберуге құқылы.
Мұрағат
|