|
"Шығыс Қазақстан облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" РМҚК
Виртуалды қабылдау
Мекен-жайы: 492000, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
қаласы, Буров көшесі 51;
“Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталығы”
РМК Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 тамызындағы №1261
Қаулысымен Жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу жөніндегі Шығыс
Қазақстан облыстық басқармасын қайта құру арқылы құрылды. Орталықтың
дербес балансы, банктерде есепшоттары, Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттік және орыс тілдерінде
өзінің атауы жазылған мөрлері мен бланкілері, мөртабандары бар.
Орталық өз атынан мүліктік және тұлғалық құқықтар сатып алуға,
міндеттенуге, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.
Орталықтың құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Әділет минситрлігінің
Тіркеу қызметі комитеті болып табылады.
Басшы туралы мәлімет
Ташпенбетов Ержан Әмірбекұлы 1975 жылдың 12 ақпанында туған.
Жоғарғы білімді
1997 жыл - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін аяқтады,мамандығы: «Қаржы және несие», біліктілігі: «экономист – қаржыгер»
2006 жыл – Алматы қаласындағы Қазақ жолдар және қатынас университетін аяқтады, мамандығы: «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару», біліктілігі: «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару инженері»
2006 жыл – Орта-Азиялық университетін аяқтады, мамандығы. «Құқықтану», біліктілігі: «заңгер».
2005 – 2005 жж. – Көлік және коммуникация Министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің жетекші маманы, Астана қаласы
2005 – 2007 жж. – Қызылорда облысы бойынша Көліктік бақылау басқармасының бастығы, Қызылорда қаласы
2007 – 2007 жж. – Алматы облысы бойынша Көліктік бақылау басқармасының бастығы, Талдықорған қаласы
2007 – 2008 жж. – «ШҚО бойынша Көлікті бақылау инспекциясы» ММ-нің бастығы, Өскемен қаласы
2009 – 2010 ж.ж. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «ШҚО бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталығы» РМҚК директорының орынбасары, Өскемен қаласы
2010 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «ШҚО бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталығы» РМҚК директоры.
Мекен-жайы: 070019, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Буров көшесі 51;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің “Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы” РМҚК Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2007 жылғы 18 қыркүйектегі № 816 Қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемелекеттік кәсіпорынын қайта құру арқылы құрылды және де оның құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мұрагері болып табылады.
Республикалық меншік құқық субъектісінің Кәсіпорынға қатысты функциясын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті табылады (мәтінде мұнан әрі – Мемлекеттік басқару органы).
Кәсіпорын өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», 1998 жылғы 30 маусымдағы « Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы», 2007 жылғы 26 шілдедегі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» заңдарын, Жарғыны және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Кәсіпорын жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы, банктерде есепшоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрі, өзінің атауы жазылған фирмалық бланкілері, мөртабандары және өзге де ресми атрибуттары бар.
Кәсіпорын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, филиалдар мен өкілдіктер құра алады.
Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты
Кәсіпорынның негізгі мәні және мақсаты жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалтын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу үшін ғимараттарды, имараттарды және (немесе) оның құрылымдарын мемлекеттік техникалық зертеу, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілін тіркеу болып табылады.
Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында Кәсіпорын келесі қызмет түрлерін орындайды:
1) жылжымайтын мүлік орналасқан жердегі ғимараттарды, имараттарды және (немесе) олардың құрылымдарын бастапқы және одан кейінгі зерттеу (техникалық түгендеу және есепке алу), сондай-ақ бастапқы және екінші жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмір беру;
2) жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық құжаттама дайындау;
3) жылжымайтын мүлік объектілерінің құқықтық кадастр жүргізуге қажет техникалық сипаттамасын анықтау;
4) міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді жүзеге асыру;
5) міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілінің тіркелгендігі туралы ақпараттық қызмет көрсету;
6) жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын салық салынатын нысандарын бағалау.
Кәсіпорын халыққа сапалы қызмет көрсету үшін тиісті жағдайлар жасауға міндетті.
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «ШҚО бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» РМҚК ұйымының құрылымы:
| № р/с |
Лауазым, құрылымдық бөлімшіенің атауы |
Басшылыардың А.Ж.Т. |
Тел. |
| 1 |
Директор |
Ташпенбетов Ержан Әмірбекұлы |
8(7232) 537972 |
| 2 |
Директордың орынбасары |
Қарағойшиев Аслан Қазбекұлы |
8(7232) 537973 |
| 3 |
Директордың орынбасары |
Увалиев Ермек Амангелдыевич |
8(7232) 537971 |
| 4 |
Бас бухгалтер |
Кемешева Лаура Ғазизқызы |
8(7232) 537984 |
| 5 |
Кадрлық қызмет, мемлекеттік тілді дамыту, құжатайналымды ұйымдастыру мен өзіндік қауіпсіздікті бақылау бөлімі |
Козлова Галина Николаевна |
8(7232) 537995 |
| 6 |
Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру |
Степанов Максим Сергеевич |
8(7232) 537975 |
| 7 |
Мүлікті бағалау бөлімі |
Аманжолова Бахыт Хадиловна |
8(7232) 537978 |
| 8 |
Мемлекеттік техникалық тексеру мен бағалайу қызметін ұйымдастыру және бақылау бөлімі |
Севидова Елена Алексеевна |
8(7232) 537975 |
| 9 |
Жоспарлау, экономикалық талдау және мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру бөлімі |
Тющина Юлия Адександровна |
8(7232) 537984 |
| 10 |
Мұрағат бөлімі |
Бондарева Ольга Николаевна |
8(7232) 537998 |
| 11 |
Заң қызметі және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бөлімі |
Абдикаликова Жанаргүл Ашкбаевна |
8(7232) 537982 |
| 12 |
Ақрпараттық технологияларды енгізу бөлімі |
Новоселов Андрей Викторович |
8(7232) 537981 |
| 13 |
Әкімшілік-шаруашылық бөлімі |
Саинов Серік Максұтұлы |
8(7232) 537986 |
Филиалдармен өндірістік учаскелер
| Атауы |
Мекен-жайы, телефон |
Филиалдар мен өндірістік учаскелердің басқарушылары мен мамандарының А.Ж.Т. |
| Аягөз филиалы |
Аягөз қ., Тәңірбергенов к. 45 а-1
т. 8-722-37-3-00-69 |
Саркытбаев Секен Токенович |
| Бородулиха филиалы |
Бородулиха а., Молодежный к. 25
т.8-723-51-2-11-59 |
Белғожаев Бектен |
| Глубокое филиалы |
Глубокое а., Попович к., 20-46,
т.8-723-31-2-33-36 |
Баяндин Қанат Болатханович |
Белоусовка өндірістік учскесі
|
Белоусовка а., Юбилейный к., 8-51
т. 8-723-31-3-15-36 |
Мельникова Ирина Владимировна |
| Жарма филиалы |
Калбатау а., Мусылманкұлов к.,62,
т.8-723-47-6-56-85 |
Мухамеджанов Мурат Мухаметқанович |
Шар өндірістік учскесі
|
Шар а., Амангелді к., 116
т. 8-723-45-2-17-58 |
Мустафин Рысказы Маговиянович |
| Зайсан филиалы |
Зайсан қ, ул.Жангельдин к, 38,
т.8-723-40-2-55-37 |
Оспанова Зейнеп Закарьяновна |
| Зырян филиалы |
Зырян қ., Стаханов к., 39
8-723-35-6-37-43 |
Кайсенов
Аскар Тохтамысович |
Серебрянка өндірістік учскесі
|
Серебрянск а. Ленин к., 17
т.8-723-37-21-9-42 |
Блинова Юлия Геннадьевна |
| Қатон-Қарагай филиалы |
Үлкеннарын а., Абылайха к., 114, т.8-723-41-21-202 |
Тайнығазынов Самат Тайнығазыұлы |
| Кокпекті филиалы |
Көкпекті а., Больничный к.қалашық , 2-4, т. 8-723-48-222-98 |
Галанин Дмитрий Юрьевич |
Самар өндірістік учскесі
|
Самар а., Горохов к., 48
т. 8-723-33-2-54-93 |
| Күршім филиалы |
Күршім а., ул.Б.Момышұлы, 22,
т.8-723-39-32-3-16 |
Қайшынтаев
Берікқан Қалдошұлы |
| Риддер филиалы |
Риддер қ., ул.Тохтаров к., 6,
т.8-723-36-2-42-20 |
Рамазанов
Асұлан Мырзабекович |
| Семей филиалы |
Семей қ., Найманбаев к, 139
т. 8-7222-52-19-77 |
Құсаинов Асылхан Құсаинович |
Абай өндірістік учскесі
|
.Караул а., Кұнанбай қажы к., 12
т. 8-722-52-9-93-20 |
Шрахметов Тұрғали Муханович |
| Бескарагайский өндірістік учскесі |
Большая Владимировка а.
М.Ауэзов к., 37
т.8-722-36-9-02-92 |
Слямов Меир Моманович |
Курчатов өндірістік учскесі
|
Курчатов қ, Комсомольский к.,2
т. 8-722-51-2-28-22 |
Қайдаров Аслан Сайлаубаевич |
| Тарбағатай филиалы |
Аксуат а., . Абылайхан к., 11,
т.8-723-46-2-19-78 |
Қудабаева Меруерт Карибаевна |
Ақжар өндірістік учскесі
|
Ақжар, Жамбыл к., 13
т.8-723-44-21-285 |
Қурманова Индира Амангельдиновна |
| Ұлан филиалы |
Молодежный к., 4,
т.8-723-38-27-603 |
Боранбаев Айдар Қаиргазинович |
Таврия өндірістік учскесі
|
Таврия а., Советская к,51
т.8-723-342-16-83 |
Злобина Татьяна Николаевна |
| Үржар филиалы |
Үржар а., Фрунзе к., 9А
т.8-72-230-2-11-71 |
Жұмаділова
Қапиза Артықпаевна |
Мақаншы өндірістік учскесі
|
Маканшы а. т. 8-722-30-2-10-20 |
Амриева Айгүл Абдрахмановна |
| Шемонайха филиалы |
Шемонаиха қ. , Советская к, 39
т. 8-723-32-3-19-68 |
Дюсенғазин Төлеуғали Рысханович |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің
«Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» РМҚК жұмысы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтарына арнаған „Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Жолдауын орындау барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық біршама нәтижеге қол жеткізді.
Мамандарға жоғары талаптар қою негізінде жұмыс сапасын жақсартуға қол жеткізілді. Клиенттер тарапынан түсетін шағымдар азайды. Жылжымайтын мүлік Орталығына келушілерге ыңғайлы жағдай жасау жөнінде жұмыстар атқарылуда. Клиенттерге қызмет көрсету толық компьютерлендірілген, „электрондық кезек” жүйесімен, телевизорлармен, кофе аппараттарымен жабдықталған операциялық залда жүзеге асырылады.
Операциялық залда зал әкімгері жұмыс істейді, клиенттерге арналған толық және түсінікті ақпараттармен жабдықталған стендтер жасалынған. Орталық жұмысы жөніндегі барлық ұсыныстар мен шағымдарды клиенттер фойе залында орналасқан арнаулы жәшікке салып қалдыра болады.
Осының барлығы біздің әрбір клиентіміздің кезек күту уақытын қысқартуға және оның Орталықта болған мерзімін жайлы да тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.
„ШҚО бойынша Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы” РМҚК-ның мұрағат қорында 312 090 түгендеу істері бар, оларда жылжымайтын мүлік нысандарының техникалық, құқықтық, құндық ақпараттары және біріздендірілген сипаттамалары жиынтықталған.
Мұрағаттық істердің экономикалық және әлеуметтік айрықша маңызы бар, оларда құқықтық кадастрды жүргізуге қажет техникалық сипаттамалардың алғашқы деректері бар.
Жерді есепке алу, жоспарлау, қорғау мақсатында кадастр жүргізуге, салық салуға және өзге де көпшілік мақсатында мүдделі болып отырған мемлекет үшін ақпараттық қорлардың жинақтаушылары болып табылатын Жылжымайтын мүлік орталықтарының мұрағаттарының маңызы зор.
Ағымдағы жылдың 10 айында облыс халқына саны 70649 объектіге техникалық түгендеу, 3768 жылжымайтын мүлік объектісіне бағалау жөніндегі қызмет көрсетілді.
Орталық техникалық зерттеу жөніндегі қызмет көрсету рыногындағы жағдайды ескеріп отырады, бұлар - камералдық жұмыстарды компьютерлендіру, тапсырыс берушінің сұранысын орындау үшін ақпаратты өңдеудің заманауи технологиясын қысқа мерзімді жоғары сапалы түрде енгізу және меңгеру, лазерлі қашықтықты өлшеуіштерді пайдалану.
Қазақстан Республикасының „Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы” 2006 жылғы 05 шілдедегі № 157 Заңы қабылданғаннан бері жылжымайтын мүлікті заңдастыру жөніндегі акция жалғасуда.
Заңдастырылуға жылжымайтын мүлік, капитал, жылжымалы мүлік, құнды қағаздар жатады.
Жылжымайтын мүлікті заңдастыру жергілікті атқарушы органдардың арнайы комиссиялары арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, алайда құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 21 шілдедегі № 696 қаулысының 12- тармағына сәйкес, заңдастырылатын жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорттарды мемлекеттік кәсіпорындар – жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтар дайындайды.
Мемлекет басшысының азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктерін заңдастыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында, Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық заңдастыру науқаны басталғаннан бері техникалық паспорт ресімдеуге келіп түскен өтініштердің жалпы - 142 341 санының 139 952-не техникалық паспорттар дайындап жасады. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша, жылжымайтын мүлікті жария етуге қабылданған шешімдердің саны 2007 жылғы 01 қараша айындағы жағдай бойынша – 179 648 бірлікті құрады.
Жылжымайтын мүліктерін сатуға немесе сатып алуға ниет білдіруші клиенттер міндетті түрде нотариатты куәландыруды талап етпейтін мәмілені Орталықта ресімдей алады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес, рентадан өзге, жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер міндетті түрде нотариатты куәландыруға жатпайды. Яғни, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу үшін мәміленің жай ғана жазбаша үлгісі де жеткілікті, ал оны Орталық қызметкерлері ресімдей алады.
Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық халыққа қызмет көрсетумен ғана шектеліп қоймайды. Басты бағыттарының бірі „Жылжымайтын мүліктің тізілімі” атты мемлекеттік дерекқор базасын (ЖМТ МДБ), „Мекенжай тізілімін” құру болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Ақпараттық Инфрақұрылымын құрудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жылжымайтын мүлік иелерінің тізілімдерін құру жөнінде іс шаралар атқарады. Яғни „ШҚО бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталығы” РМҚК „Салық төлеушілер және салық салынатын объектілердің тізілімі” (СжСОТ) атты ақпараттық жүйені енгізуге қатысады.
Орталық, Жарғыда көзделген негізгі міндеттерді жүзеге асыра отырып, Шығыс Қазақстан облысының атқарушы мемлекеттік органдарымен өзара бірлесе отырып салық салынатын базаның кеңеюіне, тіркелмеген жылжымайтын мүлік нысандарын анықтауға, жеке және заңды тұлғалардың салық салу мақсатындағы жылжымайтын мүліктерін бағалау және қайта бағалауға көмек көрсетеді.
Қорыта келгенде, бүгінгі күні тиісті деңгейде қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін „ШҚО бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы” РМҚК жеткілікті түрде білікті кадрлармен және материалдық базамен қамсыздандырылған.
Мурағат |