«ШҚО бойынша КББ» мемлекеттік мекемесінің бастығы Абденов Молдабек Дүйсенбайұлы
1959 жылы 22 желтоқсанда Целиноград облысының Ерментау ауданындағы Торғай ауылында дүниеге келді. 1966-1976 жылдары орта мектепте оқыды. Әскери борышын 1978 – 1980 жылдар аралығында КСРО әскери-әуе күштері армиясы қатарында өтеді. Қызмет жолын 1978 жылы Целиноград жүк автобасқармасында жүргізуші болып бастады. Әскери борышын өтеген соң жүк автобасқармасына қайта оралып, жеті жыл ішінде Целиноград жүк автобасқармасының Торғай автоколоннасы бастығы лауазымына дейін жоғарылады. 1999 жылдан бері Көліктік бақылау комитетінде қызмет етуде. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Көліктік бақылау комитетінің аймақтық бөлімшесінің бастығы лауазымына тағайындалмас бұрын Автокөлікті бақылау басқармасының автомобиль жолдары мен ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің автожолдарын бақылау бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды. Инженер-механик мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Отбасылық жағдайы: үйленген, екі қыз тәрбиелеп отыр. Әуестілігі: бильярд, белсенді спорт түрі, зияткерлік ойындар.
Лауазымдық міндеттері:
1) Басқармаға жүктелген тапсырмаларға сәйкес Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және оған кіретін құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіріп, Басқарманы жалпы басқарады; 2) көліктік қызмет көрсету саласының заңдарында белгіленген тәртіппен кәсіпкерлік қызметті лицензиялауды қамтамасыз етеді, сонымен бірге лицензиялық нормалар мен ережелердің сақталуын бақылайды; 3) Көліктік бақылау Комитетінің (мұнан әрі – Комитет) құзыреті шегінде, заңды және жеке тұлғалар облыс(қала) аумағында халықаралық автомобильдік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде заң талаптарын орындауларын қадағалауды қамтамасыз етеді; 4) Басқарманың автокөлік құралдарының облыс (қала) аумағында жүру алымының жоспарын орындауын қамтамасыз етеді; 5) Басқарманының атынан атқарушы органдар мен ұйымдарда өкілетті тұлға болады; 6) Комитет құзыретінің шегінде көліктік қызмет көрсету саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады; 7) облыс (қала) аумағында Комитет құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың әуе жолы көлігінен басқа барлық көлік түрлерінің қызметінің ретін анықтайтын нормативтік құқықтық актілерді, ҚР халықаралық шарттарын сақтауларына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, бұзушылықтарды анықтайды және оны болдырмауғв, жоюға шаралар қолданады; 8) көліктік кешендегі қызметпен байланысты ережелер жобаларына, нұсқауларына және басқа да нормативтік актілерге қатысты ұсыныстар дайындау жөніндегі Басқарма жұмысын ұйымдастырады; 9) көліктердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және көліктік лицензиялық заңдарды орындау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен қарым-қатынас жасайды; 10) Комитеттің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен Басқарманың қарым-қатынаста болуын қамтамасыз етеді; 11) бұйрықтарға қол қояды және қоластындағы жұмыскерлеріне міндетті түрде орындауға тиісті нұсқаулар береді, оларға қызметтік міндеттерді бөліп береді, қызметкерлердің өздеріне жүктелген тапсырмаларды уақытында және сапалы орындауларын ұйымдастырады, олардың жұмыс орнында тиісті жағдай жасау жөнінде шаралар қолданады; 12) қоластындағы жұмыскерлердің біліктілік деңгейлерін көтеру жөнінде шаралар қолданады; 13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Басқармада мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; 14) басқарманың есептік жүйесі мен бухгалтерлік есептілікті құруды қамтамасыз етеді; 15) бюджеттік бағдарлама құру жөнінде ұсыныстар дайындайды, мемлекеттік сатып алу рет-жосығының дұрыс жүргізілуіне бақылау жасайды; 16) Басқарманың Ережесіне сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асыруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; 17) шарттар жасасуға, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің органдарында есеп шоттар ашуға, қаржы құжаттарына, лицензияға қол қоюға, сенімхаттар беруге; 18) Басқарма құзыретіне жататын барлық мәселелер бойынша, заңды және жеке тұлғалардан қажетті ақпараттарды, материалдарды, анықтамалық мәліметтерді талап етуге; 19) барлық(әуе жолынан басқа) көлік түрлерінде тасымалдауды және басқа да қызметтерді жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалардың көліктің, жол қатынасының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарын, халықаралық шарттардың ережелерін сақтаулары жөнінде қызметтерін тексеруге; 20) өз құзыреті шегінде тексеру нәтижесі бойынша акт жасауға және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама енгізуге; 21) өз құзыреті шегінде хаттамалар жасауға, әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жаза қолдануға; 22) мемлекеттік органдарға көлік оқиғаларының, көлікті пайдалану ежелерін бұзудың алдын алу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізуге.
Қабылдау сағаты: -әр айдың соңғы бейсенбі күні – сағ.15.00-ден -17.00-ге дейін. Тел. (3232) 25-22-06 Заңдық мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қ., Крылов к-сі, 114 үй. тел. (3232) 25-22-06, факс (3232) 25-14-75.
ШҚО бойынша Көліктік бақылау Басқармасы әуе жолы көлігінен басқа барлық көліктерге арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асырады. Басқарманың негізгі мақсаты: әуе жолы көлігінен басқа барлық көліктердің қауіпсіз пайдаланылуы мен қызмет көрсетуін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылау жүргізу болып табылады, сонымен бірге, өз құзыретінің шегінде облыс аумағында көліктік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады.
Барлық құқығы қорғалған. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің www.akimvko.gov.kz сайтынан материалдарды толық немесе жартылай пайдалану тек сайттың ресми иесінің келісімімен ғана рұқсат етіледі.
070019, Қазақстан, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40 Телефоны: 8 (7232) 24-45-61 E-mail: portal@akimvko.gov.kz Call - центр тел. 8 (7232) 203-300