|
«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық департаменті» ММ
Виртуалды қабылдау

Департамент директоры - Сайранбек Солтанбекұлы Бармақов
Департамент директорының өмірбаяны туралы мәлімет
Сайранбек Солтанбекұлы Бармақов 1963 жылдың 9 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1981-1986 жылдар аралығында Өскемен қаласының Жол құрылыс институтында «Жол құрылыс машиналары және жабдықтары» мамандығы бойынша білім алып, инженер-механик квалификациясына ие болды. 2007 жылдың маусым айында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін сыртқы бөлімінде «Автомобиль жолдарды және аэродромдарды салу» мамандығы бойынша білім алып, инженер-құрылысшы квалификациясына ие болды.
Еңбек қызметі
Күндері |
Жұмыс орны, қызметі |
Мекеменің орналасқан жері |
Қабылданған |
Босатылған |
25.08.1986 ж. |
22.11.1991 ж. |
Бөрілтөбе ауданының автожол мекемесінің механигі, бас инженері |
Талдықорған облысы |
22.11.1991 ж. |
01.07.1998 ж. |
Өндірістік жол учаскесінің бастығы, «Талдықорған жолдары» АҚ бас кәсіпорын мекемесі бастығының орынбасары |
Талдықорған облысы |
10.08.1998 ж. |
04.01.1999 ж. |
«Шығысавтожол» АҚ № 25 жол пайдалану учаскесінің бастығы |
ШҚО, Өскемен қ. |
04.01.1999 ж. |
06.03.2006 ж. |
«Жол пайдалану учаскесі - 25» ЖШС директоры |
ШҚО, Өскемен қ. |
07.03.2006 ж. |
26.01.2007 ж. |
Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті Сыртқы заемдар және инвестициялық жобалар басқармасы заем алу және жобалар дайындау бөлімінің бастығы |
Астана қ. |
26.01.2007 ж. |
25.01.2008 ж. |
Сатып алу және жобалау сметалық құжаттаманы талдау басқармасының бастығы |
Астана қ. |
25.01.2008 ж. |
08.07.2008 ж. |
ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы |
Астана қ. |
08.07.2008 ж. |
Қазіргі уақытқа дейін |
ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық департаментінің директоры |
ШҚО, Өскемен қ. |
Департамент директорының лауазымдық міндеттері
- Департамент Директоры Департамент жұмысын ұйымдастырып басқарады және Департаменттің алдына қойылған мақсаттары мен міндеттерінің орындалуына жеке-дара жауапты.
- Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді;
- Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салуға, қайта жаңартуға, күрделі жөнделуіне республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануына бақылау жүргізуге қатысады;
- Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салуға, қайта жаңартуға, күрделі жөнделуіне республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануына бақылау жүргізуге қатысады;
- Жобалау, автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп үстау кезінде талап етілген сапаны қамтамасыз ету саласында қабылданған нормалар мен стандарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- Жолға бөлінген белдеуде сауда, қоғамдық тамақтану объектілерін және басқа да сервис объектілерін, сондай-ақ олардың жарнамаларын орналастыруды келіседі;
- Жол органдары немесе концессионерлер пайдаланбайтын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлінген белдеу жерлерінің учаскелерін қысқа мерзімді уақытша жер пайдалануға береді;
- Автомобиль жолдарын пайдалану ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүргізу;
- Автомобиль жолдарының жай-күйін, үздіксіз және қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етуін бақылауды жүзеге асырады;
- Ақылы автомобиль жолдарын құру және пайдалану үшін
бақылауды жүзеге асырады.
Департаменттің қызметік бағыттары
- Автомобиль жолдары желісін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- Ақылы автомобиль жолдарын құру және пайдалану үшін
бақылауды жүзеге асырады;
- Автомобиль жолдары саласын бақылау;
- Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
- Жол бойы белдеулеріндегі жол сервисі объектілерін немесе оларға жету үшін кірме жол қажет болғанда олардың аумағынан тыс объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беруді келіседі;
- Жол органдары немесе концессионерлер пайдаланбайтын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлінген белдеу жерлерінің учаскелерін қысқа мерзімді уақытша жер пайдалануға береді;
- Жолға бөлінген белдеуде сауда, қоғамдық тамақтану объектілерін және басқа да сервис объектілерін, сондай-ақ олардың жарнамаларын орналастыруды келіседі;
- Автомобиль жолдарын пайдалану ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады;
- Жобалау, автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп үстау кезінде талап етілген сапаны қамтамасыз ету саласында қабылданған нормалар мен стандарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- Автомобиль жолдарының жай-күйін, үздіксіз және қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етуін бақылауды жүзеге асырады;
- Ақылы автомобиль жолдарын құру және пайдалану үшін
бақылауды жүзеге асырады.
Мекеменің мекен-жайы:
Өскемен қ.,
Буров к., 67 үй,
Тел. 24-08-13, факс 24-07-01
Азаматтарды қабылдау уақыты:
Әр аптаның сейсенбі күндері, сағат 16 00 бастап 18 00 дейін
Департаменттің электронды мекен-жайы:
avtodor@ukg.kz
Мұрағат
|